жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
7-сынып Ашық сабақ Әлеуметтік желіні қолданамын
Мектеп:Қазыбек бек бекетіндегі ОМ |
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6-бөлім: «Ғаламтор және әлеуметтік желілер» |
||||||||
Сабақ тақырыбы: |
«Әлеуметтік желіні қолданамын» |
||||||||
Күні: 24. 01. 20 ж |
Мұғалімнің есімі: Мирманова С. И |
||||||||
Зерттеу тақырыбым |
«Төрт сөйлем» әдісі арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыруға бола ма? |
||||||||
|
|
||||||||
Сынып: 7Т1 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар:
|
|||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу. 7.ӘТН4.1. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.
|
||||||||
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Оқылым барысында комментарий жасайды, іріктеп, зерттеп оқиды. Жазба жұмысында көсемше мен есімшені, шақ түрлерін қолданады. |
||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Оқылым барысында мысалдар келтіріп комментарий жасайды, іріктеп, зерттейді. Жазба жұмысында көсемше мен есімшені, шақ түрлерін қолданады. |
|||||||||
Кейбір оқушылар: Өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, комментарий жасайды, іріктеп оқиды. Көсемше мен есімшені, шақ түрлерін тақырыппен байланыстыра қолданады. |
|||||||||
Бағалау критерйиі |
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді,зерттеп, пікірін білдіреді. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін ажыратады. Тілдесім барысында қолданады. |
||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану, жоғары деңгей дағдылары |
||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік дағдылар: Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым |
||||||||
Арнайы пәндік лексика мен терминология: Ғаламтор,әлеуметтік желілер,т.б Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша..., қорыта айтқанда...
|
|||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: -Қандай әлеуметтік желіні қолданасыңдар? -Қандай мақсатта қолданасыңдар? -Сыныптастарыңмен қандай желіде қарым-қатынас жасайсыңдар? -Әлеуметтік желісіз өмір сүру мүмкін бе?
|
|||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Денсаулық, тазалық, әдеп нормалары көрсету құндылықтары. |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
Информатика, физика |
||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Ұялы телефон, компьютер |
||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Әлеуметтік желілер |
||||||||
Саралау: Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жақсартасыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Саралау: тілдік кедергілері бар топқа мәтін сөйлемдеріне сілтеме жасап, мысал үлгі көрсету, бірге жауап дайындау (қажетінше) Қабілетті оқушылардың жауаптарына қарай қосымша сұрақ қою:
|
||||||||
Бағалау: Оқушылардың үйренгенін материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Дескриптор арқылы бағалау, мадақтау, кері байланыс |
||||||||
Жоспар |
|||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар
|
|||||||
Сабақтың басы 3 минут |
1.Оқушылармен амандасамын. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек. «Ойтүрткі» әдісі /тақырыпты болжау/ -Қандай әлеуметтік желіні қолданасыңдар? -Қандай мақсатта қолданасыңдар? -Сыныптастарыңмен қандай желіде қарым-қатынас жасайсыңдар? Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Әлеуметтік желіні қолданамын» деп аталады Оқу мақсатымен таныстыру: Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.
|
|
|||||||
Сабақтың ортасы
8 минут
5 минут
7 минут
10 минут
|
«Ойлан. Жұптас. Бірік.» 1-тапсырма. /оқылым/ /топтық жұмыс/ Мәтінді іріктеп оқыңдар.Мәтінге тақырып қойыңдар. Мәтінде айтылған әлеуметтік желілердің қызметі туралы айт. Дескриптор Мәтінге тақырып қояды. Мәтіндегі негізгі ақпаратты іріктейді. Зерттеп пікірін білдіреді.
ҚБ «Дескриптор» арқылы бағалау
2-тапсырма (жазылым): Мәтінмен танысып, оны «Бір сөйлем» әдісімен жалғастырыңдар. Жаңа мәліметті әңгімелеуде етістіктіктің шақтарын қолданыңдар. Әлеуметтік желілердің пайда болуының басты себебі – адамдардың бір-бірімен әңгімелесуді қалауы. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі, әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды... Дескриптор Мәтінмен танысып, пікірге тұжырым жасайды. Сөйлемде етістіктің шақтарын қолданады. ҚБ: «Мадақтау»
3-тапсырма Бейнеролик: «Әлеуметтік желінің жастарға пайдасы қанша?» /жағдаяттық тапсырма/Әлеуметтік желісіз өмір сүру мүмкін бе? «Төрт сөйлем» әдісімен өзіндік тұжырым жасайды
Мен үшін желі пайдалы. Мен өзімді желісіз елестете алмаймын, себебі... Мен жастардың желіде ертеден кешке дейін отыруына қарсымын, өйткені...
ҚБ «Кері байланыс» Саралау: Қабілетті оқушылардың жауаптарына қарай қосымша тапсырма: Алыстағы досыңа, туысыңа маңызды ақпаратты айту үшін нені қолданасыңдар? «Өзің таңда» SMS -хабарлама
Өзің көбірек қолданатын әлеуметтік желі арқылы ата-анаңа,сыныптасыңа, мұғалімге, танысыңа, досыңа хабарлама жібер.
Әлеуметтік желілер: «Facebook», «В Контакте», «Мой Мир», «Одноклассники.ru», «WHATSAPP».
ҚБ: мұғалім әлеуметтік желімен қарым-қатынас жасай алғандығына пікір білдіріп кері байланыс береді. Оқушылардың жауаптарын басқа топ мүшелері жетілдіріп толықтырады.
|
Оқулық «Атамұра» 107-бет
«Атамұра» 107-бет А.Қ.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана, 2014 ж
|
|||||||
Сабақтың соңы 5 минут
2 минут |
Сабақты қорытындылау: Жинақтау.Кері байланыс «Төрт сөйлем» әдісі 1.Пікір 2.Дәлел 3.Мысал 4.Қорытынды
Үйге тапсырма: «Әлеуметтік желі арқылы байланысудың тиімділігі мен олқылығы» тақырыбында етістіктің шақтарын қолданып,шағын мәтін жазыңдар. |
|
|||||||
Қосымша ақпараттар |
|||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы,қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме? Сыныпта ахуал қалай болды? Саралау тапсырмалары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? |
|
|
|
||||||
|
|||||||||
Жалпы бағамдау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? 1. 2.
|
|||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген