жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
7 сынып. Атамекен алтын бесік
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мерзiм: 26.01.2019 №18 сабақ
Тақырып: Атамекен - алтын бесік
Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: отансүйгіштік, мәдениеттілік, жауапкершілік, сыйластық
Мұғалiм: Куандыкова А.К. Класс: 7 В Оқушылар саны: 20
|
Сабақтың мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы, өміріндегі маңыздылығын ашу, атамекенді қадірлеп, қастерлеу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы ақпарат беру; - Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту; - Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
|
|
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат |
Қосымша 1 |
|
II Атамекеннің адамның өміріндегі маңыздылығын ашу, атамекенді қадірлеп, қастерлеу мақсатында "Атамекен. Туған жер" атты бейнебаян көрсетіледі. |
"Атамекен. Туған жер" бейнебаяны |
|
ІІІ. Мәтінмен жұмыс Тақырыптың мазмұнын ашатын жұптарға мәтін беріледі. Оқушылар мәтінмен танысады.
|
Қосымша 2 Таратпа қағаздар |
|
IV Рөлдік, топтық жұмыс Оқушылар санақ арқылы топтарға бірігеді. Топтар өздеріне берілген рөлдер бойынша тапсырманы орындайды. Көмек, қосымша ақпарат қажет болғанда ноутбукты пайдалануларына болады. 1-топ. Шетелден Қазақстанға келген делегаттар. Қазақстан туралы ақпарат жинақтайды, жинақталған ақпаратты сәйкестендіреді. 2-топ. Туған жерінің табиғатымен таныстырады (Оңтүстік Қазақстан облысы). 3-топ. Атамекенінің тарихымен таныстырады. 4-топ. Қазақ елінің мәдениеті, салт-дәстүрлерімен таныстырады. |
Ноутбуктар Таратпалар
|
|
V. Тапсырма Тақырыпты меңгергендігін, сабақтан алған білімдерін пайдаланып "Елім деп соғар жүрегім" тақырыбында эссе жазады. Критерийлері: 1. Эссе 30-40 сөз аралығында 2. Тақырыптың ашылуы 3. Қорытынды жасауы Жұптар бір-бірімен алмасып, критерийлерге сәйкес бағалайды. Бағалау жазбаша кері байланыс ретінде беріледі.
|
Оқушы дәптері |
|
VI Үй тапсырмасы С.Жүнісовтың "Аманай мен Заманай" романының үзіндісін оқып келу. |
Өзін-өзі тану оқулығы 7 сынып |
|
VII Соңғы тыныштық сәті Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде тыныштық...
|
Әсем әуен
|
Қосымша 1
Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан еркін отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Қосымша 2
Атамекен
Жалпы қазақ халқы мекен мәселесіне өте терең ілтипатпен қараған халық. «Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек. «Кіндік кесіп, кір жуған», «кіндік қаны тамған» деген сөздер бар қазақта. Бәрі де өзінің тұрған мекеніне жылы жүрекпен, терең ілтипатпен қарағандықтан туған сөздер. Неміс халқында да «фатерланд» деген сөз бар. Тікелей қазақшаға аударғанда «атамекен» дегенді білдіреді. Орыстың «отечество» деген сөзі де ата – бабасына қарай меңзейді. Арабтың «уәтан» деген сөзі «отан» деген мағынада пайдаланылады, ал осының қазақша аудармасы - «мекен». Әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасқан жері сол ұлттың мекені саналады да, мекен мен ұлт арасында тамыры тереңде жатқан байланыс барлығы осыдан келіп туындайды.
Атамекен ата – бабаның қоныс еткен мекені, адам қай жерде жүрсе де, қандай биіктерге көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке - ол Атамекен. Адамның бір ғана атамекені болатындығына, ал ғаламдану дәуіріне сәйкес басқа мемлекеттерде тұрып, сол елдің азаматтығын алып, сол елді өзінің екінші отаны санайтын жағдайлар кездеседі, бірақ олардың ата-бабасының қонысы, туған өлкесі ол Атамекен. Атамекенді сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері дамиды. Атамекеннің көркеюі, гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпақтарға байланысты.
Туған жер мен Атамекеннің айырмашылығына туған жер деп кіндік қаның тамған жерді айтамыз. Ал, атамекен – ата-бабамыздың білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті жері. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерінің, алып таулары мен жасыл желек жамыла сыңсыған орман-тоғайларының, кең-байтақ, ұлан-ғайыр даласының атаулары мың сан. Бұлардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен біте қайнасып, ғасырлардан ғасырларға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған мәдени мұра, өшпес шежіре. Халықтың ұшқыр қиялы, саналы ой, данышпандық зердесі мен ұлттық мінез-құлық болмысының көрінісі. Сонымен атамекен – елдіктің, мемлекеттіліктің негізі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген