7 сынып биология Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік

Тақырып бойынша 12 материал табылды

7 сынып биология Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ББҰА

Ө.Жұмаділла атындағы дарынды балалар мектебі

Пәні:

Биология

Бөлім:

X.бөлім. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік

Педагогтің аты-жөні:

Ержігіт Н.Н

Күні:

03.04.2025

Сынып: 7 Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі. Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.. Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік.

Модельдеу «Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу»


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.2.4.1 адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу;

7.2.4.2 үздік және үздіксіз өзгергіштікті атау


Сабақтың мақсаты:

- Адам ағзасындағы ДНҚ рөлін сипаттау;

- ДНҚ құрылысын анықтау;

- Адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу.

Құндылықтар

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық;Құзыреттілік: шығармашылық

Құндылық: бірлік және ынтымақ;Құзыреттілік: тиімді коммуникация


Сәуір

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

1-апта дәйексөзі:

Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/

уақыты

Педагогтің

іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

















Үй тапсырмасын сұрау

5 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

"Комплимент көпірі"

Мақсаты: оқушылар арасында сенімділік пен достық қарым-қатынасты нығайту.

Өткізу барысы:

  1. Оқушыларды екі қатарға қарама-қарсы тұрғызады.

  2. Бірінші қатардағы оқушылар екінші қатардағы оқушыларға бір жақсы сөз немесе комплимент айтады.

  3. Содан кейін керісінше, екінші қатар бірінші қатарға жылы лебіз білдіреді.

  4. Соңында оқушылар шеңберге жиналып, мұғалім: «Бір-бірімізге айтқан жақсы сөздеріміз көңіл-күйімізді көтерді ме?» деп сұрайды.

Санамақ арқылы топқа бөлу

Бір қадам артқа әдісі арқылы Шеңбер ойыны бойынша 3 тоқсанда өткенді қайталау

Мұғаліммен амандасады, оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тіліп,тілек айтады.

Оқушылар топқа бөлінеді.


«Басбармақ» әдісі






Презентация

Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин



















Сабақтың ортасы

27 минут

« Ой қозғау» әдісі.








Құпия мәтін

"Әр адамның бойында ата-анасынан алынған ерекше қасиеттер болады. Бұл қасиеттер арнайы ақпарат түрінде сақталады және ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Жасушалардың ішінде орналасқан кішкентай құрылымдар осы ақпаратты сақтап, денеміздегі маңызды үдерістерді басқарады. Сол себепті біз ата-анамызға ұқсаймыз, бірақ әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз." Жауап: ДНҚ

Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?

Суреттің тақырыпқа қандай қатысы бар?


Жаңа тақырып бойынша ақпарат беріледі.

Топтық жұмыс Тапсырма 1

Скаффолдинг әдісі бойынша тапсырмалар (3 топқа бөлінген)

Тақырыбы: Адам ағзасындағы ДНҚ рөлі

1-топ: Бастапқы деңгей (Қарапайым түсіну)

Тапсырма:

  • Мәтінді оқып, негізгі терминдерді анықтаңыз.

  • "ДНҚ-ның қызметі" тақырыбында 3 қарапайым сұрақ құрастырыңыз.

  • ДНҚ туралы бір сөйлеммен өз ойыңызды жазыңыз.

Мысал сұрақтар:

  1. ДНҚ ағзада қандай рөл атқарады?

  2. ДНҚ қай жерде орналасқан?

  3. ДНҚ арқылы ата-анадан қандай белгілер беріледі?

2-топ: Орта деңгей (Талдау және салыстыру)

Тапсырма:

  • ДНҚ-ның ағзадағы рөлін сипаттайтын қысқаша мәтін жазыңыз.

  • ДНҚ-ның ақпарат сақтау қызметін компьютер жадымен салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды кестеге толтырыңыз.

Ұқсастықтар

Айырмашылықтар

Ақпарат сақтайды

ДНҚ биологиялық, ал компьютер жады жасанды

Ұрпақтан-ұрпаққа беріледі

Компьютер жады өздігінен жаңармайды

3-топ: Жоғары деңгей (Қолдану және бағалау)

Тапсырма:

  • "Егер ДНҚ зақымдалса, ағзаға қандай әсері болады?" деген сұраққа жауап беріңіз.

  • Ғылыми-фантастикалық мәтін жазыңыз: "Егер адамдарда ДНҚ болмаса..."

  • ДНҚ-ның медицинадағы маңызы туралы аргументтер келтіріп, шағын пікірталас ұйымдастырыңыз.


(Жұптық жұмыс ) Тапсырма 2. «Биологиялық диктант» әдісі.

Берілген бос орындарға қажетті терминдерді енгізіңіз.

1).............-ағзалардың өз ататегіне ұқсау қабілеті. 2).......... – ағзалардың өз ататегінен ерекшелену қабілеті. 3)Бұл қасиет бүкіл ........... формасына тән. 4)........-тұқымқуалаушылық заты. 5)1953ж Дж.Уотсон мен Ф.Крик ДНҚ молекуласының..............ашты. 6)ДНҚ өздігінен ............... 7)Ген...................бөлігі.

Қажетті терминдер: ген, хромосома, өзгергіштік, тұқымқуалаушылық, тіршілік, ДНҚ, құрылысы, екі еселенеді.

2.1. «Сәйкестік тесті» әдісі.

Тұжырымдардың «шындық» немесе «жалған» екендігін анықтаңыз.

ДНҚ- химиялық зат. +

ДНҚ-сыз көбею мүмкін емес. +

Ағзалар неғұрлым жақын туыс

болса, олардың ДНҚ молекуласының

құрамы соғұрлым ерекше болады. -

ДНК (және саған ұқсас зат —

РНК)тіршіліктің жасушасыз формасы - вирустарда да бар. +

Көмірсулар мен майлар - едәуір күрделі қосылыстар. -

Адамда 24 жұп хромосома бар. -



(ФС) (Жеке жұмыс ).

Модельдеу тапсырмасы: "Адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу"

Мақсат:

  • Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді анықтау.

  • Белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілу механизмін модельдеу.

Тапсырма:

  1. Кестені толтырыңыз: Төменде берілген белгілерді тұқым қуалайтын немесе тұқым қуаламайтын деп екі топқа бөліңіз.

Белгі

Тұқым қуалай ма? (Иә/Жоқ)

1

Көз түсі


2

Бұлшықет күші


3

Терінің түсі


4

Музыкалық қабілет


5

Шаш құрылымы (түзу, бұйра)


6

Жазу мәнері


7

Солақай немесе оңқай болу


8

Арнайы диета ұстану нәтижесінде салмақ өзгеруі


9

Қан тобы


10

Тілдің ширатылу қабілеті (тілді түтік пішініне келтіру)


2-тапсырма: Модельдеу

  • Шағын топтарда жұмыс істеңіз.

  • Екі ата-ананың белгілерін ескере отырып, баланың мүмкін болатын тұқымқуалайтын белгілерін модельдеңіз.

Мысал:
Әке:

  • Көз түсі: қоңыр (доминантты)

  • Шаш құрылымы: тегіс (рецессивті)

Ата-ана 2:

  • Көз түсі: көк (рецессивті)

  • Шаш құрылымы: бұйра (доминантты)

Балада қандай белгілер болуы мүмкін?

  • Көз түсі – Әкеден беріледі қоңыр (өйткені қоңыр түс – доминантты)

  • Шаш құрылымы –Анадан бұйра (өйткені бұйра шаш – доминантты)

Қорытынды:

  • Тұқым қуалайтын белгілер – ДНҚ арқылы беріледі.

  • Тұқым қуаламайтын белгілер – қоршаған орта әсерінен қалыптасады.

  • Генетикалық модельдеу арқылы болашақ ұрпақтың белгілерін болжауға болады.

Жауабы:

Белгі

Тұқым қуалай ма? (Иә/Жоқ)

1

Көз түсі

Иә

2

Бұлшықет күші

Жоқ

3

Терінің түсі

Иә

4

Музыкалық қабілет

Жоқ

5

Шаш құрылымы (түзу, бұйра)

Иә

6

Жазу мәнері

Жоқ

7

Солақай немесе оңқай болу

Иә

8

Арнайы диета ұстану нәтижесінде салмақ өзгеруі

Жоқ

9

Қан тобы

Иә

10

Тілдің ширатылу қабілеті

Иә


Оқушылар өз ойларын айтады. Дәлелдер арқылы өз пікірлерін жүйелейді.



Оқушылардың жауаптары арқылы жаңа сабақтың тақырыбы тұжырымдалады.
















  • Өз ойларын айтып, ДНҚ туралы негізгі білімдерін еске түсіреді.

  • Тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап береді.















Оқушылар тұжырымдардың «шындық» немесе «жалған» екендігін анықтайды.



















































Оқушылар адам ағзасының тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын белгілерін ажыратады.



Оқушылар кестені толтырады.


Тапсырманы жеке түрде орындайды.


Тапсырма дәптерге орындалады.

Мадақтау сөздер арқылы бағалау.









«Басбармақ» әдісі















Дескрипторлар: Скаффолдинг әдісі бойынша тапсырмалар

Тақырыбы: Адам ағзасындағы ДНҚ рөлі

1-топ: Бастапқы деңгей (Қарапайым түсіну)

Мәтінді оқып, негізгі терминдерді анықтайды.2б
"ДНҚ-ның қызметі" тақырыбында 3 қарапайым сұрақ құрастырады.2б
ДНҚ туралы бір сөйлеммен өз ойын жазады.1б

2-топ: Орта деңгей (Талдау және салыстыру)

ДНҚ-ның ағзадағы рөлін сипаттайтын қысқаша мәтін жазады.2б
ДНҚ мен компьютер жадының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, кесте толтырады.2б
Салыстыруда кемінде 2 ұқсастық пен 2 айырмашылық көрсетеді.1б

3-топ: Жоғары деңгей (Қолдану және бағалау)

"Егер ДНҚ зақымдалса, ағзаға қандай әсері болады?" деген сұраққа негізделген толық жауап береді.2б
Ғылыми-фантастикалық мәтін жазады: "Егер адамдарда ДНҚ болмаса..."2б
ДНҚ-ның медицинадағы маңызын сипаттап, шағын пікірталасқа аргументтер ұсынады.1б
Аргументтері нақты ғылыми негізделген және мысалдармен дәлелденген.1б

Мадақтау








Дескриптор

Білім алушылар:

-тұжырымдардың «шындық» екендігін анықтайды 1б

- тұжырымдардың «жалған» екендігін анықтайды 1б


Дескриптор негізінде формативті бағалау








Дескриптор

Білім алушылар:

-тұқымқуалайтын белгілерді анықтайды 1б

-тұқымқуаламайтын белгілерді анықтайды 1б


Дескриптор негізінде формативті бағалау







Интерактивті тақта, презентация









Бейнематериал:







Оқулық, интернет көзі












АКТ


















АКТ












Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі

Сабақты бекіту мақсатында қолданылады. Бүгінгі сабақтан алған білімдерін бір сөйлем арқылы білдіреді.


Қорытындылай келе, оқушыларға кері байланыс беріледі.


Рефлексия

Инстаграм




Сабаққа қатысты сұрақтарым бар

Сабақ ұнады. Сабақты түсіндім

Қызықты болды сақтап алдым



Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.






Оқушылар сабақта алынған мәліметтердің өмірмен байланысын анықтай отырып, сабақ кезіндегі тапсырмалар бойынша кері байланыс қалдырады.

Оқушылардың жауаптары «бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.






Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.











Бағалау парақшасы






















Тексерілді:

Тест: Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік Соловьева

1. Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
a) Ағзалардың өз ататегіне ұқсау қабілеті
b) Ағзалардың сыртқы ортаға бейімделуі
c) Ағзалардың өзгеру қабілеті
d) Жасушалардың бөлінуі

2. Өзгергіштік дегеніміз не?
a) Ағзалардың өз ататегіне толықтай ұқсас болуы
b) Ағзалардың өз ататегінен ерекшелену қасиеті
c) Ағзалардың көбею жылдамдығы
d) Тек өсімдіктерге тән қасиет

3. Қайсысы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікке мысал бола алады?
a) Иттен күшіктің туылуы
b) Температураның өзгеруі
c) Топырақтың ылғалдылығы
d) Судың булануы

4. Вирустар қандай қасиетке ие?
a) Жасушалық құрылымы бар
b) Тек тірі жасушада көбейе алады
c) Өздігінен қозғала алады
d) Оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі

5. ДНҚ қандай зат?
a) Көмірсулар
b) Майлар
c) Нуклеин қышқылы
d) Ақуыздар

6. ДНҚ молекуласы қандай құрылымнан тұрады?
a) Бір тізбек
b) Екі спиральді тізбек
c) Үш қабатты құрылым
d) Төрт бұрышты форма

7. ДНҚ құрылымын ашқан ғалымдарды атаңыз.
a) И. Павлов, К. Линней
b) Дж.
Уотсон, Ф. Крик, М. Уилкинс
c) Ч. Дарвин, А. Вейсман
d) Г. Мендель, Т. Морган

8. ДНҚ-ның толық атауы қандай?
a) Дезоксирибонуклеин қышқылы
b) Рибонуклеин қышқылы
c) Аденозинтрифосфат
d) Полипептидтік тізбек

9. Күнбағыс тұқымынан қандай өсімдік өсе алады?
a) Мақта
b) Қызылша
c) Тек күнбағыс
d) Барлық өсімдіктер

10. Ғалымдар ДНҚ құрылымы үшін Нобель сыйлығын қай жылы алды?
a) 1945
b) 1953
c) 1962
d) 1975

Жауаптар:
1 - a
2 - b
3 - a
4 - b
5 - c
6 - b
7 - b
8 - a
9 - c
10 - c

Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік бойынша тест Очкур

1. Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
A) Организмдердің өз ата-тегіне ұқсау қасиеті
B) Организмдердің жаңа белгілердің пайда болуы
C) Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі
D) Организмдердің тіршілік ету мерзімі

2. Өзгергіштік дегеніміз не?
A) Организмдердің өз ата-тегіне ұқсау қасиеті
B) Организмдердің жаңа белгілердің пайда болуы
C) Организмдердің тұрақты белгілерді сақтау қабілеті
D) Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі

3. Тұқым қуаламайтын өзгерістерге қайсысы жатады?
A) Көздің түсі
B) Тері түсінің ультракүлгін сәулеге байланысты өзгеруі
C) Шаштың табиғи түсі
D) Қан тобы

4. Тұқым қуалайтын өзгерістерге қайсысы жатады?
A) Дене салмағы
B) Бұлшықет даму дәрежесі
C) Көздің түсі
D) Тері күюі

5. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым қалай аталады?
A) Цитология
B) Генетика
C) Экология
D) Биохимия

6. Егіздік әдіс не үшін қолданылады?
A) Адамдардың шежіресін зерттеу үшін
B) Егіздер арасындағы тұқымқуалаушылық пен қоршаған орта әсерін анықтау үшін
C) Адамның хромосома санын анықтау үшін
D) Гендік мутацияларды зерттеу үшін

7. Генеалогиялық әдіс нені зерттеуге көмектеседі?
A) Хромосомалар құрылымын
B) Белгілі бір белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін
C) Егіздердің ұқсастығын
D) Ағзалардың сыртқы пішінін

8. Адамның тұқымқуалаушылық белгілерін зерттеудің қандай әдісі бар?
A) Цитологиялық әдіс
B) Биохимиялық әдіс
C) Генеалогиялық әдіс
D) Барлығы дұрыс

9. ДНҚ қандай молекула?
A)
Көмірсу
B)
Ақуыз
C)
Липид
D)
Нуклеин қышқылы

10. 1953 жылы ДНҚ құрылымын кімдер ашты?
A) Мендель
B) Уотсон мен Крик
C) Дарвин мен Ламарк
D) Павлов пен Сеченов

Жауаптары:
1 - A
2 - B
3 - B
4 - C
5 - B
6 - B
7 - B
8 - D
9 - D
10 - B



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі