Материалдар / 7 сынып БЖБ қазақ тілі 2-тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 сынып БЖБ қазақ тілі 2-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ тапсырмасы 2-тоқсан қазақ тілі 7-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2024
498
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»

7-сынып № 1 БЖБ

Білім алушы______________________________________________

Оқу мақсаты

7.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу;

7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінді оқып, негізгі тірек сөздерді анықтайды;

  • Мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды;

  • Фразеологизмдердің мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Қолдану

15-20 минут


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі тірек сөздердің, астын сызыңыз.

Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі, кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.

Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.

Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болады. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Масатыдай құлпырған сан алуан гүлдер көз жауын алатын әсемдігімен қараған жанның жанын жадыратып, көңілін шалқытады. Жапырақ бетіндегі таңғы шықтың күмістей мөлдіреген пәк бейнесінен сүйіспеншілікті қалай сезінбессің?! Иен даланы басына көтере жамырай маңыраған қозы-лақтың берекелі де бейбіт тірліктің бесігін тербеткен үнінен, құлақ құрышын қандыра сайрап, жүрекке шаттық сыйлайтын құстардың әсем әнінен сүйіспеншіліктің әуезді әуенін тыңдау қандай ғанибет!

http://web-kazax.blogspot.ru/2013/12/blog-post_9259.html

2-тапсырма. Мәтінде автор қандай жақсы қасиеттерді сипаттаған? Мәтіннен іріктеп жазыңыз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Төмендегі фразеологизмдердің ішінен достық, бірлік, татулыққа қатыстыларын теріп алып, оларды қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Арасынан қыл өтпейді, ағынан жарылды, қаймағы бұзылмау, етене жақын, ат арылту, ат-тонын ала қашу, бармағын тістеді, бауыр басу, асығы алшысынан түсу, тонның ішкі бауындай.

Бостық, бірлік, татулыққа қатысты тұрақты тіркестер

Сөйлемдер














Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтінді оқып, негізгі тірек сөздерді анықтайды;

Мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды;

1



Мәтінді мұқият оқып, негізгі тірек

сөздерді анықтайды;

1

1

Мәтіндегі автор сипаттаған жақсы қасиеттерді іріктеп жазады;

1

1

1

* Фразеологизмдердің мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады;

2

фразеологизмдердің ішінен достық, бірлік, татулыққа қатыстыларын теріп жазады;

1

1


Оларды қатыстырып, сөйлем құрайды.

1

1

1

Барлығы – 10

Дұрыс жауаптар

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі тірек сөздердің, астын сызыңыз.

Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі, кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.

Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.

Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болады. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Масатыдай құлпырған сан алуан гүлдер көз жауын алатын әсемдігімен қараған жанның жанын жадыратып, көңілін шалқытады. Жапырақ бетіндегі таңғы шықтың күмістей мөлдіреген пәк бейнесінен сүйіспеншілікті қалай сезінбессің?! Иен даланы басына көтере жамырай маңыраған қозы-лақтың берекелі де бейбіт тірліктің бесігін тербеткен үнінен, құлақ құрышын қандыра сайрап, жүрекке шаттық сыйлайтын құстардың әсем әнінен сүйіспеншіліктің әуезді әуенін тыңдау қандай ғанибет!

http://web-kazax.blogspot.ru/2013/12/blog-post_9259.html

2-тапсырма. Мәтінде автор қандай жақсы қасиеттерді сипаттаған? Мәтіннен іріктеп жазыңыз.

Тіршіліктің негізгі тірегі, Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі, кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Төмендегі фразеологизмдердің ішінен достық, бірлік, татулыққа қатыстыларын теріп алып, оларды қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Арасынан қыл өтпейді, ағынан жарылды, қаймағы бұзылмау, етене жақын, ат арылту, ат-тонын ала қашу, бармағын тістеді, бауыр басу, асығы алшысынан түсу, тонның ішкі бауындай.

Бостық, бірлік, татулыққа қатысты тұрақты тіркестер

Сөйлемдер


Арасынан қыл өтпейді, ағынан жарылды, қаймағы бұзылмау, етене жақын, бауыр басу, тонның ішкі бауындай.






Шынайы достық, шынайы махаббат сияқты, сирек кездеседі. Мен үшін достық дегеніміз – бұл адалдық пен сенімділік.

Нағыз достардың арасынан қыл өтпейтін болуы керек.

Достардың арасында айтылмайтын сыр қалмайды. Ағынан жарылып, бар сырларын ақтарып салады. Тонның ішкі бауындай бір-бірімен етене жақын араласады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!