400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

7-сынып. Денсаулық және қоршаған орта

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

3-бөлім:Денсаулық- зор байлық. Лексика

Педагогтың аты-жөні

Н.К.Баубекова

Күні

11.10

Сынып: 7ә

Қатысушылар саны 25

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Денсаулық және қоршаған орта


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. 7.3.2.1. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу.. (Мақал-мәтелдер туралы түсінік)

Сабақтың мақсаты


Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу.



Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық

1. Оқушылармен амандасады, түгендейді.


Үй тапсырмасын пысықтау


«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы бір біріне сұрақ қойып, жауап береді.


Оқушылар оқу мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды. Сондай кейін нақты бағалау критерийлерімен танысады.


Жаңа тақырып: Тыңдалым мәтіні

Ғалымдардың зертеулеріне қарағанда, адамдардың  денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болатынын  анықтаған.

Халықтың денсаулығының нашарлауына және демографиялық көрсеткіштердің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептердің ішінде климаттық, жағырапиялық, әлеуметтік, экономикалық ахуалдармен қатар, экологиялық қолайсыздықтар да ерекше орын алады.

Қазіргі кезде жер шарының көптеген аймақтарында табиғатты бүлдіріп, адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін зиянды әрекеттер көбейді. Жер бетінде тұтас экологиялық апат аймақтары пайда болды.

Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда қоршаған орта қатты ластануда. Осы бүлінген қоршаған ортада адам ағзасына  залалды заттар молайды. Мұндай кеселді заттар қан және лимфа айналымын бұзып, адам өміріне қауып төндіреді.

Әрине, мұны көпшілігіміз елей бермейміз. Қоршаған ортаны бүлдіруден түбінде үлкен зардап шегетінімізді ескермейміз. Ластанған ауа мен су біздің ағзамызға ас қорыту жолдары және тыныс алу мүшелері арқылы енеді.  Залалданған топырақ пен бүлінген ауа аса қауіпті. Жер асты  сулары тамаққа тұтынылады. Жерден жаңа өнім жиналады. Егер жер алқаптары қатты бүлінсе,  ауыл шаруашылық мақсаттарға пайдалануға мүлде жарамай қалуы әбден мүмкін.

«Экология» деген сөз — тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы «экология» терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген. «Экология — табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым» деп анықтама берген де осы кісі. Енді, міне сол экология мәселесі — бүкіл әлем алдында тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі — алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, тағы басқа ғылыми прогресс жетістіктері, бір жағынан, өмірімізді жеңілдетті, екінші жағынан, қауіп-қатер де туғызды.


Мұғаліммен амандасады.




Сұрақтарға жауап береді.







Өз ойларын айтады.











Қосымша мәлімет тыңдайды.

Ауызша мадақтау








Оқулық


Суреттер


Қосымша мәліметтер













Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/43388/






Ортасы

1-тапсырма.

«Денсаулыққа қоршаған ортаның әсері бар ма?»

Пікір. Өз пікірінді бір сөйлеммен айт.

Дәлел.Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал.Пікірінді өмірмен байланыстырып,мысал келтір.

Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды сөзіңді айт.


Грамматика. Мақал-мәтелдер.


Тапсырма

«Табиғатты аялайық» тақырыбында жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу.



ҚБ. Денсаулық туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

1.Шынықсаң ...........................................
2.Адамның басты байлығы ......................
3.Дана көптен шығады,
Дəрі ............................ шығады.
4.Бірінші ............................-денсаулық.
5.Ауырып ем іздегенге,
.............................................................ізде.
6.Ауру батпандап кіреді,
............................................... шығады.
7.Дерт көп, ....................... біреу.



Дескриптор:

- ұсынылған ақпаратты түсінеді.

- факт қолданады.









Дескриптор:

- мақала жазады;

- көркемдегіш құралдар қолданады.




Дескриптор:

- мақалдың жалғасын табады.


Белсенді оқушылар бағаланады,

ескертулер айтылады










Бағалау парақшалары

Сурет








Сабақтың соңы


Керібайланыс. «Тикток» әдісі

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
14.10.2023
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі