400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

7-сынып физика .Қысым

Материал туралы қысқаша түсінік
қысым тақырыбы бойынша ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тексерілді:

Бөлімі:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қысым. Қатты денелердегі қысым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.2 – қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

  1. Қысымның формуласын, өлшем бірлігін біледі.

  2. Қысымға мысалдар келтіреді, формуласын есеп шығаруда қолданады.

  3. Қысымның формуласын өзгермелі жағдайларда қолдану үшін түрлендіреді, қысымның әртүрлі физикалық шамаларға тәуелділігін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері


  • Қысым ұғымының физикалық мағынасын түсінеді;

  • Табиғаттағы қысымды арттыруға/кемітуге қажетті мысалдар келтіреді;

  • Қысым формуласын есептер шығаруда қолданады;



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут







Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

  1. Сабақ бастамас бұрын «Көршіңді сипатта» әдісі арқылы оқушыларға 2 минут ішінде «Көршім қандай?» деген сұраққа жауап қайтару қажет.

  2. «Пішіндір» әдісі арқылы топқа бөлінеді.

Пішініді таңдағанда келесі бетінде топ атауы жазылып тұрады.

«Күш» тобы

«Қысым» тобы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  1. Үйге берілген тапсырманы: «Қар кесегі» әдісі арқылы орындау. Әр оқушы ақ парақтарға сұрақ жазылған қар кесегін лақтырады, олар оны ашып сұраққа жауап беру керек;

  1. Зат қандай бөлшектерден тұрады? Зат құрылысы туралы Демокриттің данышпандық болжамы қнадай еді және ол қалай дәлелденді?

  2. «Дене», «зат», және «материя» ұғымдары арасындағы байланыстар мен айырмашылықтар қандай?

  3. Зат құрылымының молекулалық теориясының үш қағидасы қалай тұжырымдалады?

  4. Заттың үш агрегаттық күйі қалай аталады және олардың бір бірінен айырмашылығы қалай түсіндіріледі?

  5. Диффузия деп қандай құбылыстарды атайды? Не себепті диффузия туындайды және оның пайдасы мен зияны қандай?

  6. Заттың сұйық күйіне тән қасеттер қандай





Қар кесегін алған оқушы сұраққа тез жауап беру керек. Жауабын білмеген жағдайда келесі оқушыға береді.











Әр дұрыс жауабы үшін оқушы жеке стикерлер арқылы бағаланады




Дескриптор:

-- Заттың құрылысын біледі

- Әр заттың күйінде диффузияның өтуін түсіндіреді-1

-МКТ-ның үш қағидасын біледі-1


Жалпы балл-2




Оқулық, пән дәптерлері,

Слайд







Қар кесектері қағаздан жасалған

Сабақтың ортасы

30 минут




























  1. Жаңа тақырыпты игеру

«Стоп кадр» әдісі бойынша «Қысым. Қатты денелердегі қысым» тақырыбын түсіндіру

Жаңа сабақ.

Неліктен қалың қар бетінде адамның жүруі қиынырақ та, шаңғымен жүру оңайырақ?

Күтілетін жауап: себебі адамның Жерге түсіретін қысым күші (салмағы) барлық шаңғы ауданына жайыла таралады.

БShape1 ағалау: мұғалім оқушылардың ойын жүйелеуге көмек көрсетеді; бағыт беріп отырады.

Қысым деп бірлік ауданға перпендикуляр түсірілген күш әрекетін сипаттайтын физикалық скаляр шаманы айтамыз.

Өлшем бірлігі [Па]

Қысым күші – бетке перпендикуляр бағытта әсер ететін күш, көбіне ол дене салмағы болады.

(Е) Ойша эксперимент. Қай жағдайда көбірек қысым түсіріледі?




Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы.

Оқушыларға өз жауабын түсіндіруді сұраңыз. Және олардың жауабын дұрыс жаққа бағыттаңыз.

Қорытынды:

Қысымды азайту үшін

  1. Күшті кеміту керек

  2. Күш әсер ететін беттің ауданның үлкейту керек.

Қысымды көбейту үшін

  1. Күшті көбейту керек

  2. Күш әсер ететін беттің ауданның кішірейту керек.

Бағалау: мұғалім оқушардың жұмысына баға беріп отырады; қажет жағдайда консультациялық көмек көрсетеді.

(І) Бекіту тапсырмалары:

  • Егер дененің бетке түсіретін күшін 4 есе арттырсақ, онда қысымы ....

  • Егер дене табанының ауданын 3 есе арттырсақ, онда бетке түсрілетін қысым ...

  • Егер дененің массасын 2 есе азайтсақ, оның бетке түсіретін қысымы ... , себебі ...



3. «Конверттегі есеп» әдісі бойынша әр топ бір конверт таңдап ішіндегі есепті топ болып шығарады. - топтық жұмыс.

1-топ

1-есеп. 100cм2 ауданға 50Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар

2-есеп. Массасы 60 т танктың Жерге түсіретін қысымын анықта,оның шынжыр табанының ауданы 1,5 м2.

4

2-топ

1-есеп. 200cм2 ауданға 50Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар

2-есеп. Массасы 90 т танктың Жерге түсіретін қысымын анықта,оның шынжыр табанының ауданы 1,5 м2.


4.«Көршіңді тексер» әдісі арқылы тест тапсырмасын орындайды

Тест тапсырмалары.

1.Қысымның өлшем бірлігі?

А)Ньютон                В)  Паскаль                С) Километр                   Д)Метр

2. .Барометр нені өлшеуге арналған құрал?

А)жүректі             В) жерді              С) қысымды               Д)аспанды

3. .Қысымның формуласы?

А)S=F/p                        В)P=F/S               С)F=p*S          Д)P=p*S

4. Пішіні мен көлемін сақтау қай денеге тән?

А)Газ              В)Сұйық           С)Қатты          Д)Жұмсақ ,дене.

5. Күшті қандай әріппен белгілейміз,өлшем бірлігі?

А)F ,А         В) F ,Н         С) S ,Н                 Д)  A,Н


Видеоны қарайды, слайд қарайды, керек жерлерін жазып отырады.




Оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, тақырыпты бір-бірінің арасында талдайды.














Оқушылар постер қорғау арқылы алған білімдерін практикада яғни ееп шығаруда қолданады.






Қысым тақырыбын бекіту нақтылау барысында эксперименттік есептер шығарады.

































Дескриптор

-Қатты денелердегі қысымды түсінеді.-1

Формуласымен,өлшем бірлігімен танысады-1

-Қысымға байланысты мысалдар келтіре алады-1


Жалпы балл-3














Қысымды өзгерту түрлерін сипаттайды-2










Жалпы балл-3


Есептің шартын жазады,

шамаларды хбж-ға келтіреді,

формуласын жазады-1

Есептеп шығарады-1

Өлшем бірлігін қояды-1


Видео, слайд






Оқулық

Видео, слайд

















Слайд



































Есеп











Тест тапсырмалары

Таратпа қағаздар

Сабақтың соңы.

5мин


Рефлекция



Бағалау




Үй тапсырмасы

Бекіту.

«Блоб ағашы» әдісі арқылы өзінің осы тақырыпты меңгеру деңгейін өзі бағалайды

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау



Бағалау




§23 оқу, 4,1-жаттығу №3






Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл


Блоб ағашы


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі