Қысқа мерзімді
жоспар
|
Сабақтың
тақырыбы:
Гидросфера және оның
құрамдас бөлігі
|
Мұғалімнің
аты-жөні:Узгельдинова
Г.К
Күні:23.11.2018
|
|
СЫНЫП: 7 В
|
Қатысқаноқушылар
саны:
|
Қатыспағаноқушылар
саны: 0
|
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаттары
|
7.3.3.1- гидросфера және оның
құрамдас бөліктерін
сипаттайды
|
|
Сабақ
нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны
орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша
тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Тест жұмыстарын орындайды. Атласпен жұмыс
істейді.
Оқушылардың көбісі мынаны
орындай алады:
Топтық жұмысты брлесе
орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша
үлестірме ресурстармен жұмыс
жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі
мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс
берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша
мәліметтер мен дәлелдер келтіре
алады.
|
|
Бағалау
критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық
тапсырмаларды орындай алуы. Сабақ барысында тыңдаушының назарын
өзіне аудара алуы.
|
|
Тілдік
құзіреттілік
|
Гидросфера және оның құрамдас
бөлігі
|
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер,
топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі
заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс,
стикер.
|
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап,
әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Рефлексия.
|
|
Пәнаралық
байланыс
|
Жаратылыстану,
биология
|
|
Алдыңғы
оқу
|
Қолайсыз
атмосфералық құбылыстар
|
|
Сабақтың
жоспары
|
|
Жоспарланғануақыт
|
Сабақ барысы
:
|
Бағалау
түрлері
|
|
Басталуы
5
минут
|
Бағалау парақшасымен
таныстыру
Топтарға
бөлу.Түрлі-түсті стикерлер арқылы
топтарға бөлу.
Психологиялық ахуал
қалыптастыру:
«Шаттық шеңберін» құру.
(2-3 мин)
Мақсаты: Оқушылар шеңбер құрып
тұрады. Бір-біріне тілектерін айтады. Жылылық, сенімділік деңгейін,
еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер
болып тұрады.
Теңіздер, көлдер, мұиттар
тобынабөлініп отырады. Отырғаннан соң мұғалім оларға сабақтың
мақсатын түсіндіреді. Тақырыпты хабарламас бұрын «Жұмбақтар
әлемінде» жұмбақтарын жасыру арқылы кіріспе жасайды.
.
«Жұмбақтар әлемінде». (2
мин) Жұмбақтың шешімін тауып бүгінгі жаңа сабақ
тақырыбын ашамын. 1. Қара таудай
буралар, Қара бұйра
шудалар Бура жерге
шөгеді: Бұлау терін
төгеді. (Бұлт пен
жаңбыр) 2. Қыста ғана
болады Ұстасаң қолың тоңады
(қар) 3. Ауыл сыртында
сайда Жатыр үлкен айна
(көл) 4. Қыста шыны боп
қатады Жылыда су болып жатады
(мұз) 5. Аяғы жоқ, қолы
жоқ Бірақ тыныш
тұрмайды Сақтамасақ
егерде Барлық тірлік
тоқтайды Бұл не?
(су) Сонымен бүгінгі өтілетін
тақырыбымыз немен байланысты,
балалар?
Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын
үй тапсырмасы сұралады.
|
Оқушылар үстел үстінен
өздеріне ұнайтын түске сай стикерлерді
алады.
|
|
Жаңа
білім
10
минут
|
Үй тапсырмасын
сұрау.
Тест тапсырмаларын орындату.
Тест тапсырмалары 5 сұрақтан 2 нұсқадантұрады. оқушыларға
тапсырманы орындауға екі минут беріледі. орындап болғаннан кейін
оқушылар жұмыстарынқасында отырған оқушыға беріп, алмасады. Экранға
дұрыс жауаптары шығарылады. Сол арқылы оқушылар бірінің жұмысын
екіншісі тексереді.
Жаңа
тақырып. Балалар жұмбақтардың шешімінің барлығы немен
байланысты, (оқушы жауабы: « су») дұрыс сумен. Олай болса бүгінгі
жаңа сабағымызда Жердің су қабығы –
Гидросфера.
Қызығушылықты ояту. Кластер
құру.
Мұғалім қосымшат кейбір
жаңа ұғымдарға анықтама бере
кетеді.
Конденсация – Су
буының сұйық күйге айналуы.
Топтық
жұмыс:
3- топтың оқушылары
оқулық мәтіндерді балалар оқып алады. (3
мин).
Постер құрайды (3
мин).
Постерлерін
қорғайды. (5-6 мин).
Әрбір топ постерін
құрап болғаннан кейінтоптарбірін-бірі «Бағдаршам» әдісімен
бағалайды.
Топтарға жаңа
тақырыпқа қатысты тапсырлмалар орындату. (4-5
мин).
«Теңіздер» тобы
кесте толтырады.
«Мұхиттар» тобы
диаграмма толтырады.
«Көлдер» тобы кескін
картамен жұмыс істейді.
Белгіленген уақыттан соң,
мұғалім оқушылардан тапсырмалардың жауабын сұрайды. Тапқан
нысандарын картадан көрсетеді. (5
мин)
Жаңатақырыпты бекіту:
Кластерге қайтып
оралу.


Гидросфера


|
Оқулық,
мәтіндер.
«Көшбасшы және тыңдаушылар»
әдісі
|
|
|
Қорытындылау.
Рефлексия. Күнделікті өмірде судың
адамзат тіршілігі үшін маңызы
қандай?
|
|
|
Бағалау
|
Топтардың көшбасшысын орнынан
тұрғызып, бағалау парағы бойынша кімді нешеге бағалағанын
сұрау.
Топтардыжалпы
юбағалау.
|
Бірін-бірі
бағлау.
|
|
Кері
байланыс
3
минут
|
«Жетістік»
баспалдағы.

|
Кері байланыс
парағы.«Жетістік»
баспалдағы.
|
|
Қосымша
ақпарат
|
|
Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Сіз
қабілеті
жоғары
оқушыларғатапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау -
Оқушылардың
үйренгенінтексеруді
қалайжоспарлайсыз?
|
Пəнаралықбайланыс
Қауіпсіздік жəне
еңбекті
қорғауережелері
АКТ-мен
байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
|
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайыма?
Бүгін оқушылар
не
білді?
Сыныптағыахуал
қандайболды?
Мен
жоспарлаған
саралаушаралары
тиімдіболдыма?
Мен
берілген
уақытішінде
үлгердімбе? Мен
өзжоспарыма
қандай түзетулер
енгіздімжəне
неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ
туралы өз пікіріңізді
жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің
сабағыңыздың тақырыбына
сəйкес
келетінсұрақтарғажауапберіңіз.
|
|
Қорытынды
бағамдау
Қандайекінəрсетабыстыболды (оқытуды да, оқуды да
ескеріңіз)?
1:
2:
Қандайекінəрсесабақтыжақсартаалды (оқытуды да,
оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақбарысында мен
сыныпнемесежекелегеноқушылартуралыменіңкелесісабағымды
жетілдіругекөмектесетін не
білдім?
|
Дүниежүзілік мұхит. Глобусты
алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын
көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың
үлесіне бүкіл Жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2
тиеді.
Дүниежүзілік мұхит бөлек -
бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір -
біріне жалғасып жатыр.
Дүниежүзілік мұхиттың кез
келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге
болады (жарты шарлар картасынан байқап
көріңдер).
Мұхиттар мен теңіздер қоршап
жатқан құрлықты материктер немесе континенттер деп атайды. Дүние
жүзінде алты материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка,
Оңтүстік Америка, Аустралия және
Антарктида.
Құрлықтың барлық жағынан су
қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия,
Мадагаскар, Исландия аралдарын
табыңдар).
Құрлықтың су кеңістігіне терең
сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апеннин
және Лабрадор түбектерін табыңдар).
Дүниежүзілік мұхит төрт
бөліктен тұрады.
Тынық мұхит – Жер шарындағы ең
үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш
мұхитқа парапар. 1520 – 1521 жылдары Ф. Магеллан дүние жүзін айналу
саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде
ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит»
деген ат берді.
Мұхит пен құрлық аудандарының
арақатысы
Тынық мұхит Солтүстік және
Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап Еуразияның шығыс
бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып
жатыр.
Тынық мұхитта бүкіл
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның
тереңдігі 11022 м.
Атлант мұхиты Тынық мұхиттан
екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың
шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға
дейін барады.
Ол солтүстік полярлық аймақтан
оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді. Атлант мұхиты
арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір -
бірімен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхиттың өн
бойы кеме қатынасына игерілген.
Үнді мұхиты оңтүстік жарты
шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл – ең жылы мұхит
(жарты шарлар картасынан Үнді мұхитының қандай материктердің
аралығында жатқанын анықтаңдар). Үнді мұхиты суының таза,
көгілдірлігімен де ерекше көзге түседі. Өйткені оның оңтүстік
бөлігіне құятын өзен аз.
Солтүстік Мұзды мұхит –
мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн км2). Ол Солтүстік Америка
және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл
бойы мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың тағы бір ерекшелігі
– ол басқа мұхиттарға қарағанда тайыз болып келеді. Материктердің
шеті мұхит түбіне өтетін жерінде тереңдік 200 м - ден аспайды. Ол
әсіресе Еуразия жағалауында жалпақ өңір құрайды. Мұхитта ірі
аралдар көп.
2. Мұхит бөліктері. Мұхит
бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар
жатады.
Теңіз – мұхиттың суының
қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі.
Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық
мұхитта да кездеседі (мысалы, Саргасс теңізі, Фиджи теңізі).
Әдетте, теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы
жоталар бөліп тұрады.
Материкке сұғына еніп жататын
теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды (мысалы, Қара теңіз, Жерорта
теңізі. Олар қай мұхиттың бөліктері болып табылады?). Материктердің
маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер дейді. Шеткі
теңіздерге – Еуразия жағалауындағы Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон,
Охота, Шығыс Қытай және т. б. теңіздер
жатады.
Шығанақ – мұхиттың немесе
теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұхиты
Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон, Мексика шығанақтарын, ал
Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парсы шығанағын
құрайды.
Дүниежүзілік мұхиттың
бөліктері бір - бірімен бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз – екі
жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп
тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950
км) және терең (5248 м) бұғаз – Дрейк бұғазы; ал ең ұзыны (1670 км)
– Мозамбик бұғазы.
Ішкі
теңіздер (Жерорта,
Қара)
Теңіздер (Саргасс,
Фиджи)
Шеткі
теңіздер (Баренц, Кар, Охот,
Жапон)
Мұхит
бөліктері
Шығанақ (Гудзон, Мексика,
Парсы)
Бұғаздар (Дрейк,
Мозамбик)