400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сынып Интернетің пайдасы мен зияны дебат

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы







Интернеттің пайдасы мен зияны

(Пікір-сайыс)















Информатика пәнінің мұғалімі: Садықова М.Қ.













Сыныбы: 7 «А»

Информатика пәнінің мұғалімі:Садықова Маржан Қасымқанқызы

Дебат-сабақ. «Интернеттің пайдасы мен зияны»

Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты 7 сыныптар арасындағы пікір-сайыста бас қосып отырсыздар. Пікір- сайыс (дебат) сабағымыздың негізгі мақсаты: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және әлеуметтік желілер арқылы хат алысып, танысып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен әлеуметтік желілердің де жақсы- жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой- пікірімізбен таразыға салып көрейік.

Қатысушылар

Жақтаушы «Парасат» тобы Даттаушы «Мұрагер» тобы


Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі топта үш қатысушыдан болады.
2. Екі
топтың қатысушылары өздерін таныстырады.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда
қатысушылар(дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі топ постер қорғайды.

ІІІ. Қорытынды
1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.
Төрешілер екі топтың сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.
2. Қорытынды.

Сайысымыздың ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.
4. Қарма- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.

Сайысымыздың сарапшыларымен төрешілерін сайлап алып, таныстырайық:
Сарапшы:
Төрешіміз. М
ектебіміздің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ылясов Е.У..
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады.

Әңгімемізге арқау болу үшін біз алдымен тақырыпқа байланысты бейне-роликті тамашалап алайық.

Бейне –роликті көріп тамашаладыңыздар. Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру Уақыттарыңыз-1- минут

Жақтаушы жақтың спикері:(Парасат тобы) –Нұрдаулет Анель, Ахметов Әміржан,Абдикадиров Дарменбай.

Қарсы жақтың спикері: (Мұрагер тобы)- Пернахмет Ақниет, Кистаубаев Мирас,

Ермек Айгерим

Мұғалім: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі -2 минут.

  1. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни «Интернеттің пайдасы» туралы айтушы «Парасат тобының » мүшесі Нұрдаулет Анельге беріледі.

Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық немесе дүниежүзілік желілер деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі адамдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі

Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet –бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Интернетте ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

2. «Мұрагер» тобының мүшесі Ермек Айгерім сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз:
Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
Тыңдағандарыңызға рахмет.

3«Парасат» тобының мүшесі Ахметов Әміржан сөз кезегі өзіңізде:

Сәлем бердік қауымға! Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1.Алысты жақындату
3.Сана-сезімді жоғарылату.
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес... (материалдарды және моральді жағынан болсын).
Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталадыОсы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Назарларыңызға рахмет.

4. «Мұрагер» тобының мүшесі Пернахмет Ақниет сіздің ойыңыз:
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың... Бірақ ең демократияның орнаған саласы - осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние
5.«Парасат» тобының мүшесі Абдикадиров Дарменбай сөз кезегі сізде.

Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
6. Келесі сөз кезегі «Парасат» тобының мүшесі Кистаубаев Мирас өзіңізде.
Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Мұғалім:екі тоб постер құрайды.

Мұғалім: Екі топ мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын,енді біз келесі кезеңдегі сараптама бөліміне келіп жеткен секілдіміз.Олай болса Жақтаушы жақтың«Парасат» тобының сарапшысы өз ойыңызды ортаға салсаңыз, уақытыңыз –3 минут

Қарсы- даттаушы жақтың «Мұрагер» тобының сарапшысына сөз кезегі өзіңізде, уақытыңыз –3 минут.

Мұғалім: Ертеде Батыр бабаларымыз Әйтеке бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Төле бидің тоқсан ауыздың тобықтай түйінін шешер төрелік сөздерге тоқтаған, ендеше қорытынды бөлімде түйінді шешер төрелік сөзді төрешіміз;мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ылясов Е.Ү. сөз береміз.

Марапаттаулар.

Мұғалім:Ғаламторды меңгеруіміз керек деп, Ғаламторды білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті.Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1094
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі