400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7-сынып мәтінмен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
орыс мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыт – біздің өміріміз.

Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс өте тығыз. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу.

Кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Уақыт адамды сүріндіреді де, көтереді де. Адамның ес білген сәтінен бастап саналы әрекет етуіне әсер ететін отбасындағы тәрбие, тәрбиенің адам бойына сіңуіне әсер ететін уақыт пен оның төрелігі. Уақыт – өмір, ол өзі адамды есейтеді. Бір ғажабы: уақыт жаңа нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды.

Адамның қолынан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз. Адам өмірге бір-ақ рет келетін қонақ екен. Тіршіліктің басы мен аяғына бағамдай қарасаңыз, адам өмірінің алтын дәуірі, нәтижелі, мағыналы, саналы ғұмыры тіпті қысқа. Адамның балалық шағындағы жиырма жылы мен қартайған тұсындағы қырық жылын шығарып тастасаңыз, оның мағыналы, мәнді ғұмыры, алтын дәуірі тек қырық жыл ғана болмақ. Оны алтындай ардақтап, оңды пайдалана алған зерделі жандар артына мәңгілік із қалдырып кетеді, ал өмірін сенделіп өткізетін зердесіз жандар өзінің адамдық, азаматтық борышын да өтей алмай, артына ешбір із қалдыра алмай кетеді.

  1. Мәтіннің әр бөлігіне ат қойыңыз.

1.

2.

3.

  1. Мәтіннен сын есімдерді тауып, теріп жазыңыз.

  1. Сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.

босқа

қылу

ұлы

әрекет

рәсуа

қонақ

саналы

өткізу

келетін

дәуір

балалық

ұстаз

алтын

жандар

зердесіз

шақ

  1. Уақытты сөзбен жаз.

7.40 –

18.00 –

8.10 –

14. 25 –

20.30 –

6.30 -

1. Уақыт пен өмір

2. Уақыт ұлы ұстаз

3. Уақыт - алтын

  1. Мәтіннен сын есімдерді тауып, теріп жазыңыз.

Саналы, жаңа, алтын, нәтижелі мағыналы, мәнді, зерделі, зердесіз.

  1. Сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.

босқа

қылу

ұлы

әрекет

рәсуа

қонақ

саналы

өткізу

келетін

дәуір

балалық

ұстаз

алтын

жандар

зердесіз

шақ

  1. Уақытты сөзбен жаз.

7.40 – сағат жетіден қырық минут кетті

18.00 – сағат тура кешкі алты

8.10 – сағат сегізден он минут кетті

14. 25 – сағат екіден жиырма бес минут кетті

20.30 – сағат кешкі сегіз жарым

6.30 – сағат таңғы алты жарым

Дүниеге уақыт және өмір тұрғысынан талдау жасап, адамдарды уақытты қадірлейтіндер және уақытты қадірлемейтіндер деп екі үлкен топқа жіктеуге болады.

Бірінші, уақытты қадірлейтіндер. Мұндай адамдар уақытпен жарысады. Оларда қандай іске болмасын алдын-ала дайындаған айқын мақсаты мен нысанасы, соған жету үшін белгілеген жоба-жоспары, соған сай өзіне қойған қатаң талабы болады. Олар күн мен сағатты, минут пен секундты санап, соған сай іс тындыруға құлшынады. Олардың тұрмысы әрқашан ретті, жинақы болады, күндер өте таудай табыс, мол нәтиже туындайды. Себебі олар әртүрлі іске біртіндеп даму заңдылығы бойынша талдау жасап, көздеген шыңына бағытталған қадамын зор сеніммен бастап, өз биігіне бір-бір қадамнан өрлеп шығуға, жолда кездесетін қиындыққа бас имеуге белін бекем буады.

Екінші, уақытты қадірлемейтіндер. Мұндай адамдар өз өміріне алдын-ала айқын мақсат-нысана қоя білмейді. Бұлардың көбі өмірін артық ұйқы, орынсыз күлкімен өткізеді, не болмаса өмірін жалығумен, зерігумен, өзін алдаумен болады. Олар еңбек етуді, ғылым-білім үйренуді қаламайтын жалқау болып, жаман әдеттерді өзіне тез жұқтырады. Қоғамдық өмірде сол жағымсыз әдеттерінен тиісті жазаларын да алады, бірақ одан сабақ қабылдамайды. Ең жаманы бұлардың көбі өзіндегі олқылықты өз басынан емес, өзгеден іздейді. Өздері қоңырқалта кедей болғанына қарамай, өзін ақылды, қолы ұзын, жомарт, мырза етіп көрсетуге тырысады. Ол өзгелер істеп жүрген шаруаны менсінбей, онымен айланысудан арланған бейне байқатады, іс жүзінде әлгі шаруаны істеу оның қолынан келмейді. Бірақ, қолынан іс келмей құр сенделіспен жүргеніне арланбайды. Бұндай адамдар өздерінің тіршілік дағдысын әрқашан оңды санап, оны өзгертуді ойлап та қоймайды. Олардың ғұмыры өз отбасына алапат дерт, қоғамдық ортасына ауыртпалық болады. Осылайша, бұндай адамдардың өмірі мән-мағынасыз, түбінде опық жеумен арпалысады.

Адам өмірінің мезгілмен байланысты үш шағы болады, ол өткен шақ, осы шақ, келер шақ. Өткен шағымыз енді оралмасқа кетті, ал осы шағымыз қолымызда, келер шағымыз тез жетіп келеді. Оны алдын ала кесіп айтуымыз да мүмкін емес. Сонда мәселенің тетігі – осы шақты игере білуіңізде. Әрбір осы шақты мықты игеруіңізден тұтас ғұмырыңызға жетерлік таусылмас байлық, ырыс, өміріңізге қажетті күш-қуат, ақыл-парасат табасыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
34 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
4632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі