жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
7 сынып, Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі
Пәні: Физика Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
|
Мектеп: Ақпараттық технологиялар лицей-мектебі Мұғалімнің аты жөні: Нұрболқызы Сабина Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
|
||||||||||||||||||||||||
Күні: Сынып: 7 “A” |
|
||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі |
||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме) |
7.2.1.1. Келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалығы, траектория, жол, орын ауыстыру |
||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Санақ жүйесін, траектория мен жол, орын ауыстыру терминдерін ажыратады, физикалық мағынасын тұжырымдайды; Көптеген оқушылар: Орын ауыстыру мен жолдың және траекторияның айырмашылықтарын талдайды, сызба түрінде көрсетеді; Кейбір оқушылар: Дененің қозғалысын график түрінде кескіндейді, санақ жүйелерін тұрмыстық мысалдармен дәлелдейді. |
||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік лексика және терминология:
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер Траектория дегеніміз ................. Жол дегеніміз ....................... Орын ауыстыру дегеніміз ..................
|
||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
|
||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика – санақ жүйесі, координаталар жүйесі, сызбаларды сызуды біледі; Информатика – график сызу. |
||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Математика пәнінен координаталар жүйесін, амалдарды орындайды. |
||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы «Ой қозғау» 10 минут
|
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы " Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну Қағазда физикалық шамаларға байланысты сөздер сөздер жазылады. Сөздерді үшке,төртке қиып,араластырып оқушыларға таратылады. Оқушылар сол қиындылардан сөз құрастырып, сол сөздер бойынша бірігіп,топқа бөлінеді.
Топқа бөлу: І топ: Қозғалыс ІІ топ : Траектория ІІІ топ : Материялық нүкте
Үлестірме қағаз арқылы сұрақтар 3 топқа таратылады, топ мүшелері жауаптарын стикерге жазып , қағаздарын алмастырады. Үш топқа да бірдей сұрақтар беріледі. Топтар белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. Үлестірме-сұрақтары 1. Табиғатты қандай ғылымдар зерттейді. Олардың өзара байланыстары туралы мысал келтіріңіздер? 2. Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістері қандай? 3. Физикалық шамалар дегеніміз не? Олардың мағынасы неде? Саралау: «Дереккөздер» Бұл әдісте оқушылар «Үлестірмелі материалдар» арқылы алдыңғы тақырыпты пысықтайды. ҚБ: «Бас бармақ» әдісі. Оқушылар өзін-өзі бағалау. |
«Үлестірме-сұрaқ»
|
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (білу, түсіну) 25 минут
|
«Ширату» әдісі Суреттегі берілген мысалдардың ортақ құбылысы не? Әр топ өзара талқылайды.Қозғалып жатқан денелердің суреттер топтамасын көрсету, сұрақ қою арқылы ой тастау. Суреттер арқылы тақырыбын анықтау.
Оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалім: Бүгінгі жаңа тақырып:« Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі». Ой қозғау. «Экрандар сөйлейді» Электронды оқулықтан бейнеролик бойынша оқушылардың ойын талқылау. Топтық жұмыс. «Ақпарат жинау» әдісі бойынша оқушылар ұсынылған видеокөрсетілімнен және оқулықпен жұмыстану арқылы тақырыптарына сай ақпарат жинақтайды және сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жауабы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды. Олай болса, бұдан қандай қорытынды жасауға болады? №1 тапсырма: Лабиринт ойыны а)Лабиринттен шығу:Топтардың әрқайсысына лабиринт суреті беріледі.Оқушылар түзу сызықтар сызу арқылы жылдам лабиринттен шығу жолын табады.
ә) Траекторияны өлшеу: Сызған сызықтарының дене траекториясы екенін еске сала отырып,осы сызықтарды сызғышпен өлшеу тапсырмасы беріледі. б) Оқушылар жүрілген жол анықтамасын, белгіленуі, өлшем бірлігі мен скаляр шама екенін тұжырымдап, дәптерге жазады. Қозғалыс траекториясының ұзындығы жүрілген жол деп аталады. Белгіленуі: S ХБЖ өлшем бірлігі: [м] Жүрілген жол - скаляр шама
в) Ең қысқа жол: Лабиринттегі дене аз ғана уақытта өз мақсатына жету үшін қандай траектория сызу керек? Оқушылар бастапқы нүкте мен соңғы нүктенің арасындағы ең қысқа жолды сызғышпен өлшеп, бағытталған кесінді арқылы көрсетеді.Сонымен қатар екі нүкте арасын қосатын қарама-қарсы бағытталған екі кесіндінің әртүрлі векторлар екеніне назар аудартылады. г) Орын ауыстырудың анықтамасын, белгіленуін,формуласын, өлшем бірлігі және векторлық шама екенін тұжырымдап, дәптерге жазады. Орын ауыстыру векторы – қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді. Белгіленуі: S ХБЖ өлшем бірлігі:[м] Орын ауыстыру – векторлық шама Формуласы: S=x-x0 Дескриптор:
Саралау: «Диалог немесе қолдау көрсету» әдісі. Тапсырма бойынша оқушылар бір-бірімен диалог әдісімен байланыс орнату арқылы қасындағы жолдастарымен тапсырмалардың шығу жолдарын талдайды. ҚБ: "Түстер арқылы бағалау"
№2 тапсырма.«Миға шабуыл» әдісі, есептер шығару:
1. Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15 км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жол ма ? 2. Жүргізуші автомобиль есептеуішінің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма ?
1.Таксиге біз не үшін ақша төлейміз? Жүрілген жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе? 2. Спортшы 500м қашықтық жүгіріп өтіп мәреге қайтып келді. Спортшының орын ауыстыруы мен жолы неге тең?
1. Дене шеңбер бойымен радиусы 2 м қозғала отырып бастапқы орнына келді. Жүрген жолы мен орын ауыстыруы тап. 2. Автобус пен такси бір бағатта жүреді. Автобус кешке дейін 12 рейс, ал такси 5 рейс жасайды. Такси мен автобустың орын ауыстыруы мен жүрген жолын салыстыр.
Дескриптор:
Саралау: «Тапсырма» және «Қарқын» әдісі. Деңгейлік есептер шығару. ҚБ: Стикерге жазылған мақтау, мадақтау сөздер арқылы бағалаймын.
№3 тапсырма. Жеке жұмыс Әскери-патриоттық ойын кезінде оқушылар тобы келесі арақашықтықты өтіп шығуға тапсырма алды: солтүстікке қарай 400 м, шығысқа 500 м, 600 м оңтүстікке, 200 м батысқа, 200 м солтүстікке және 300 м батысқа. Топтың қозғалыс траекториясын сызып, олардың барлық жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңыз. Масштабты өзіңіз таңдап алыңыз.
Дескриптор
Саралау: «Бағалау» әдісі Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы керек.
ҚБ: «Шапалақтау» әдісі арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды.
№4 тапсырма Топтық жұмыс:«Үлестірмелі карта»әдісі Төмендегі суретте кейбір денелердің қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қай траектория: Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалыс траекториясына, лифттің қозғалысына, араның ұшуына және газ бөлшектерінің қозғалысына сәйкес келеді?
Дескриптор Білім алушы:
анықтайды;
Саралау: «Қорытынды»әдіс Топтық жұмыс арқылы оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.
ҚБ: «Бағдаршам»
|
https://onlinemektep.org/schedule/lesson/ecbeb248-e8dc-42b2-9811-65971082d54d
|
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың аяғы Рефлексия 4 минут |
«Инсерт» әдісі. Топ бойынша: Оқушылар «Не білдім?», «Не нәрсе қиын болды?», «Не нәрсе білгіңіз келеді?» сұрақтарына стикерде жауап жазып, іледі.
|
|
|||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы 1 минут |
Үйге тапсырма: шығармашылық жұмыс. Өздерінің күнделікті мектеп пен үй арасындағы қозғалыс траекториясын сызу және есептеп келу.
|
|
|||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау |
|||||||||||||||||||||||
Саралаудың түрлі әдістерін сабағымның басты мақсатына жету үшін қолдандым. Соның бірі «Дереккөздер» әдісі. Бұл әдісте оқушылар «Үлестірмелі материалдар» арқылы алдыңғы тақырыпты пысықтайды. Диалог және қолдау көрсету Тапсырма бойынша оқушылар бір-бірімен диалог әдісімен байланыс орнату арқылы қасындағы жолдастарымен тапсырмалардың шығу жолдарын талдайды.
«Бағалау» әдісі Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы керек.
«Қарқын» деңгейлік есептер шығару: Оқушылардың деңгейіне қарап тапсырмалар беру.
|
«Бес саусақ» әдісі. Оқушылар өзін-өзі бағалады. "Түстер арқылы бағалау"(оқушыларды түстер арқылы бағаладым) Стикерге жазылған мадақтау сөздері және өзіндік жұмысты бағалау үшін «Шапалақтау» әдісін қолдандым. Кезекті тапсырма Ой қозғауда «Бағдаршам» әдісін қолдандым.
Жасыл – жақсы түсіндім
|
Қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау. Оқушылар топтық жұмыс кезінде, есептер шығаруда сыныптағы оқушылардың бір-бірінің пікірін тыңдай білуіне жағдай жасалады.
Интерактивті тақтаны пайдаланған кезде оқушы мен тақта арақашықтығын сақтау. |
|||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген