Тәрбие
сағатының тақырыбы: Мен, өз
елімнің
патриотымын!
Мақсаты:
1.
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп
қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын
білуге тәрбиелеу.
2.
Оқушылардың таным белсенділіктерін,
қызығушылықтарын дамыту.
3.
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық,
адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін
білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
интербелсенді тақта,
слайдтар, шарлар, гүлдер, музыкамен
жабдықталған.
Сабақтың
түрі:
аралас.
Барысы:
Мұғалімнің
кіріспе сөзі:
Құрметті
оқушылар еліміздің
тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр.
Осыған байланысты бүгін «Мен,
өз елімнің патриотымын!»
атты тәрбие
сағатын
өткізгелі отырмыз. Патриот деген
сөзді қалай түсінеміз? Патриот – өз
Отанына адал, сүйетін, қызмет ететін,
басқа ұлттар мен ұлыстарға кеңпейілділікпен
қарайтын адам.Патриот – отаншыл,
патриотизм – отаншылдық. Патриот адам
Отаны үшін қызмет ететін, абыройын
асыратын адам.
Отан
– әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті
сөз.Отан – сенің туған елің, туған жерің,
дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-
бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет
ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан
сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі,
күш береді.Біз Отанымызды, елімізді
сүйеміз. Біз,
Қазақстанның патриотымыз!
Отан
деген не, кім қалай түсінеді?
Ерасыл
:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан
дейміз өсірген елімізді.
Отан
дейміз туған жер, атамекен –
Биік
тау, орман, тоғай көлімізді.
Камила:
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл
жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның
шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол
бірақ өз үйіңнен басталады.
Айғаным:
Отан- тарих, Отан – тіл,
Жасаған
елің, өз- халқың.
Отан
– өлең, Отан-жыр,
Көтерген
көкке ел даңқын.
Гүлдария:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан
– досың, бауырың,
Отан
– өлкең, астанаң,
Отан
– аудан, ауылың.
Карина:
Отан
– осы достарым,
Көңілге
мұны түйе біл!
«Отан»
деп өс жас қауым,
Оны
ардақтап сүйе біл!
1995
жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы
қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын,
тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы
қорғайды.
1992
жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан
Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында
шұғылалы күн, оның астында қалықтапұшқан
қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдіртүсті
мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек
біздің
халқымыздың
ашық келешегі мен берекесі,тыныштық
пен байлықтың белгісі.Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
Елтаңбасында
көгілдір
түс аясында
шаңырақ
бейнеленген.Шаңырақты айнала күнсәулесіндей
тарап, уықтар
шаншылған.
Бес жұлдыз,қанатты тұлпар бейнеленген.Бидай
сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
Кез-келген
мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы-
Гимн. Гимн
мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді.
Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы
тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы
айтылған.
Мұғалім:
— Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат
болып шығу үшін қандай бала болуымыз
керек?
Білімді,
өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз
керек.
Сабағымызды
жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор
азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің
одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз
үлесімізді қосайық.
Қорытынды:
— Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз
еліміздің
нағыз патриоты
екендеріңді, яғни, нағыз азамат
екендіктеріңді көрсете білдіңдер.
Халқымыздың
бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен
жетістіктері өздеріңе аманат. Әрбір
адам бала жасынан «Қазақстан – менің
Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны
сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген
қарапайым ойды меңгеруі керек. Қорыта
келгенде «Өз Отанының патриоты болу –
Қазақстанды өз жүрегінде ұялату» деген
сөз.