Материалдар / 7-сынып Менің пірім

7-сынып Менің пірім

Материал туралы қысқаша түсінік
Арман пв Қазақ тілі Менің пірім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2024
1338
5 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

Сүйіспеншілік пен достық

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің пірім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе).

Сабақтың мақсаты:

Сұрақтарға дәлелді жауап береді, тақырыпқа байланысты дискуссивті эссе жазады.

Құндылықтарды дамыту

Бірлік және ынтымақ. Әділдік және жауапкершілік.Жасампаздық және жаңашылдық.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасады, түгендейді. Сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастырады, үй тапсырмасын қайталайды.


Сабаққа кіріспе .

  • «Менің пірім» тақырыбында сабаққа кіріспе ретінде әл-Фараби мен Аристотель арасындағы диалогты пайдаланып, пір немесе ұстаздың білім мен тәрбие ретіндегі маңыздылығына назар аудару.

  • Бұл сұрақ білім мен тәлімгерлік, яғни пірдің рөлін көрсетеді. Бүгінгі сабақта ‘Менің пірім’ тақырыбын талқылай отырып, ұстаздың, пірдің біздің өміріміздегі орны мен рөлі туралы ойланып, өзіміздің пірімізді қалай таңдағанымызды, оның бізге тигізетін әсерін қарастырамыз. Піріміз білім мен тәрбие беруші ғана емес, сонымен қатар өмір жолымыздағы жетекшіміз екендігін ұмытпайық.



Оқушылар

зейіндерін сабаққа аударады;















ҚБ








ҚБ



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


  1. тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, сұрақтарға дәлелді жауап беріңіз.

\ таратпа материал\

Сұрақ

Дәлелді жауап

Әшімов әке ретінде қандай адам, режиссер ретінде қандай адам?

Әшімов өте қатал, талапшыл режиссер.


Әкеге деген сүйіспеншілік сұхбат берушінің қай сөздерінен көрінеді?

Жанымды қоярға жер таппай көйлегімнің дала-даласын шығарыпжыртып, түні бойы намыстан өртеніп кете жаздап жылаумен болдым. \Әке үмітінің маңыздылын білдіретін ой\

  1. тапсырма. Ж.Ж Мәтінді оқып коментарий жасаңдар.

/таратпа материал/


Коментарийлер

Автор туралы білетінім

Театр және кино режиссері, сценарист, педагог, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, КСРО халық әртісі.

Кейіпкердің бейнесін қалай ашады? \Сәбира Майқанова\

Өз ісіне адал, сахнаның сары алтыны, жүрегі алып, талантты актриса

Аты аталған адамдар туралы білетінім

С.Майқанова- актриса, көршісі.

Мәтіннің стилі, жанры, тілдік ерекшеліктері

Стилі : көркем әдебиет.

Жанры: мемуар-естеліктер .

Тілдік ерекшелік: мәтінде метафора, эпитет қолданылған. Философиялық ой бар, сөйлемдері қысқа, нық.



ӘТН.

  1. тапсырма. Деңгейлік тапсырма. І. Оқылым мәтінінен есімше тұлғасындағы етістіктерді жаз, қай сөз табының орнына жүріп , қай қызметті атқарып тұрғанын анықта.

ҮЛГІ: Құдай қосқан (қандай?) көрші болдық. Сын есім орнына жүріп, анықтауыш қызметін атқарып тұр.

ІІ. Көрген, білетін, бермес, табар, жазбақ есімшелерін қатыстырып, сөйлем құра.

ІІІ. Айтқан, айтар, айтатын, айтпақ есімшелерін септе.

ҮЛГІ:

А. Айтқан

І. Айтқанның

Б. Айтқанға

Т.Айтқанды

Ж.Айтқанда

Ш.Айтқанмен

К. Айтқанмен


Шығармашылық тапсырма .

Балаңды аясаң аяма!” тақырыбына дискуссивті эссе жаз.

ҮЛГІ:

«Балаңды аясаң, аяма» деген сөз баланы шектен тыс еркелетпеу, оны тәрбиелеуде қатаң болудың маңызын білдіреді. Бұл оймен келісуге болады, өйткені шамадан тыс еркелету баланың өз бетімен шешім қабылдауға қабілетсіз болып өсуіне әкелуі мүмкін. Егер балаға тек жеңілдік жасай берсек, ол өмірдің қиындықтарына дайын болмайды.

Тәрбиеде қатаңдық баланың табандылығын, жауапкершілігін қалыптастырады. Дегенмен, бұл әдістің шегін білу маңызды. Тым қатал болу баланың психологиялық дамуына зиянын тигізуі мүмкін.

Сондықтан баланы аямай, бірақ мейірімділік пен түсіністік танытып тәрбиелеу – дұрыс әдіс деп санаймын.



Дескриптор:

- Өз ойын жеткізеді.

- Сұраққа дәлелді жауап береді.

















Дескриптор:

- автор туралы біледі;

- кейіпкер бейнесін ашады;

-мәтіннің стилін, жанры мен тілдік ерекшеліктерін талдайды.




























Есімшенің түрленуі бойынша түсінік алады.










Дескриптор:

- есімшені табады;

- есімшелерді қатыстырып сөйлем құрайды;

- есімшелерді септейді.

























Дескриптор:

- эссенің негізгі ойы нақты баяндады;

-келісу, келіспеу позициясы айқын көрсетті;

-қорытынды тұжырым жасады.





Оқулық, жұмыс дәптері, таратпа материал, слайд


Сабақты қорытындылау

Қалам ортада”әдісі арқылы сабақты бекіту.

Оқушылар сабақтан алғандары бойынша бір сөйлемнен айтып шығады.


Үйге тапсырма

9-тапсырма.





























































ТАРАТПА МАТЕРИАЛ

1.

Сұрақ

Дәлелді жауап

Әшімов әке ретінде қандай адам, режиссер ретінде қандай адам?


Әкеге деген сүйіспеншілік сұхбат берушінің қай сөздерінен көрінеді?




2.

























Коментарийлер


Автор туралы білетінім


Кейіпкердің бейнесін қалай ашады? \Сәбира Майқанова\


Аты аталған адамдар туралы білетінім


Мәтіннің стилі, жанры, тілдік ерекшеліктері










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ