400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

7-сынып. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары. "Өмірдің мәні"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп: М.Әуезов атындағы орта мектебі Мерзiмі: № 6сабақ

Тақырып: Өмірдің мәні

Құндылық: ақиқат Қасиеттер: адалдық, шынайылық, жауапкершілік

Мұғалiм: М.Зиятова Сынып 7 Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: оқушыларға өмірдің мәні туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-өмірдің мәнін ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып түсіндіру;

-адалдық, шынайылық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

- адалдыққа, шынайылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық5.Татулық

Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру. № 6 сабақ 25 бет

Айтып несіне әуре боласың....» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау

Сұрақтар:

1.Әңгіме айтуға келген адамға Сократ не айтты?

2.Сократ айтқан үш елек қандай?

3.Сократтың бойындағы қандай жақсы қасиеттерді өз бойларыңа алар едіңдер?

4. Әділдікке, шындыққа көз жеткізбей тұрып біреудің әңгімесін айтуға болады ма?

5. Осы айтылған әңгіме тыңдаушы адамға қажет пе жоқ па?

6.Әңгімеден ақиқатты қалай байқауға болады?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз. «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер».

Абай


4.Әңгiмелеу. Кім маңыздырақ?

Ауыз, мұрын және көз тату – тәтті өмір сүріп жатты. Өкінішке орай, үшеуінің арасында ойламаған жерден дау – дамай басталды. Оны бастаған сөйлемпаз ауыз бәрінен көп жұмыс істегеніне қарамастан жұрттың бәрінен төмен орналасқанын тілге тиек етіп, мұрынға қарап айғай салды:

  • Әй, мұрын! Мен бағзы заманнан бері ненің дұрыс, бұрыс екенін айтып тыным таппай жұмыс істеп келемін, ал сенің қолыңнан не келеді? Соған қарамастан, менен неге жоғары отырасың?!

  • М...м..., - деп тартыншақтады мұрын. Сенің ішіп – жейтін

тамағыңның иісін айыратын мен емес пе? Мен келісіп бергеннен кейін барып бәрі саған түседі. Сондықтан мен сенен бекерге жоғары отырған жоқпын.

Көз болса, ауыз бен мұрынның ұрыс – керісін бақылап отырған еді. Екеуіне жақтырмай қарап былай деді:

  • Әй, екеуің, сендердің кім жоғарыда, кім төменде екенін талдауға қандай құқыларың бар? Шынына келсек, бәрінен жоғары тұратын мына біз – көздер! Алыс – жақынның бәрін көріп тұратын бізбен кім таласа алады? Ең жоғарғы орынға біз лайықпыз.

Сөйтіп, көздер мақтанып жатқанда өздерінің жоғары жағынан төніп тұрған екі қара қасты байқап қалды да, ашу шақырды:

- Әй, сендер, қанша жыл өтсе де өзгермейсіңдер, қап – қара болып! Бізден жоғары отырғандарыңнан не пайда? Мұндай сөздерді естіген қастар көңілсіз кейіпте түйіліп:

- Мейлі, бізден ешқандай пайда жоқ болса болсын, бірақ қасы жоқ бет қандай болып көрінер еді? – деді.

Сұрақтар:

1. Бұл дау – дамайда сіз кімнің жағында болар едіңіз?

2. Дауды доғару үшін сіз ауыз, мұрын, көз бен қасқа не айтар едіңіз?

Аңыз әңгіменің мәтіні бойынша сабақтың құндылығы мен қасиеттінің мәнін ашатын және өмірлік тәжірбиелерімен байланыстырып сұрақтар қою.


5.Шығармашылық жұмыс.

Құрбы-құрдастарының арасында «Өмірдің мәні-адамгершілік болса?!» тақырыбында сауалнама жүргізу.


6.Топпен ән айту. НЕ ДЕГЕН КЕРЕМЕТ КҮН!

Сөзі М.Мақатаевтікі

Әні Т.Шапайдікі



7.Үй тапсырмасы.

№ 7 сабақ «Адам қалай ойлайды?» мәтінін оқу, 29 бет


8.Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
948
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі