400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

7-сынып. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары "Отбасылық құндылықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп: М.Әуезов атындағы орта мектебі Мерзiмі: № 19 сабақ

Тақырып: Отбасылық құндылықтар

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық,жауапкершілік

Мұғалiм: М.Зиятова Сынып 7 Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде түсіндіру;

-қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық4.Тазалық5.Татулық

Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2.Үй тапсырмасын тексеру. №19 сабақ 74 бет

«Атасы мен әжесі» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау,

Сұрақтар:

  • Мұрат қандай құндылықтарды бойына сіңіріп өсті?

  • Сендердің отбасыыларыңда ұрпақтар сабақтастығы сақталғанба? Әңгімелеп бер

  • Отбасыңның тарихынан не білесің? Ата-бабаларыңнан қандай асыл мұра (рухани) қалды? Сенің оған көзқарасың қандай?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз.

Мұғалім оқушыларды оқулықта ұсынылған сабақтың дайексөзімен таныстырады.Дайексөзді алдымен мұғалім өзі оқып береді. Сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қйталап оқиды.Содан соң қыз балалар қайталап оқиды.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туымқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты»

Н.Назарбаев

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  • Адам бойындағы қандай асыл қасиеттерді білесіңдер?

  • Өздерің Отанға деген, туған-туысқа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіріп жүрсіңдер?

Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасау. Дәйексөзді дәптерге жазғызу.


4.Әңгiмелеу. «Соқыр ана» фильмін оқушыларға ұсыну.Фильм туралы ойларын білу. Жетекші сұрақтар қою.


5.Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма. Оқулықтағы В.Сухомлинскийдің кеңестерімен танысып, ата-аналарыңның, туыстарыңның алдындағы парыздарың туралы жазу.

2-тапсырма. Дәптерде берілген «Менің отбасым» атты сөзжұмбақты шешу.


6.Топпен ән айту. Е.Хасанғалиевтың «Бозторғайым» әні орындалады.


7.Үй тапсырмасы.

№ 20 сабақ «Ұлыма хат» мәтінін оқу, 78 бет


8.Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі