400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7-сынып Қазақ тілі №4 ТЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып Қазақ тілі №4 ТЖБ 1-тапсырма: Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз. А мәтіні ​Ғылымдағы секілді, фантастиканың да өзінің мәңгілік тақырыптары бар. Және олар уақыт пен кеңістікке саяхат, жасанды интеллект, жерден тыс әлемдегі өркениет, тіршіліктің басқаша формалары сияқты жұмбақ жайттарды қамтиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары (ТЖБ)

«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология», «Ғылыми фантастика. Пунктуация» бөлімдері бойынша

І НҰСҚА


Білім алушының аты-жөні: _________________________________

Сыныбы: 7

Күні:

Тоқсан: IV


1-тапсырма: Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз.


А мәтіні

Ғылымдағы секілді, фантастиканың да өзінің мәңгілік тақырыптары бар. Және олар уақыт пен кеңістікке саяхат, жасанды интеллект, жерден тыс әлемдегі өркениет, тіршіліктің басқаша формалары сияқты жұмбақ жайттарды қамтиды. Ең бастысы, өткенге немесе болашаққа қатысты әлдебір әлемнің, белгілі бір сәттің бейнесін кейіптей отырып, фантастжазушылар оқырман қиялының көкжиегін мейлінше кеңейтеді. Фантастикалық шығармалардың міндеті мұнымен ғана шектелмейді. Яғни бұл жанр әлдебір ғылыми жаңалықтың адамның өмірі мен қоғамның дамуына тигізер әсерін көркемдік тұрғыда ұғынуға көмектеседі. Мәселен, қай кезде де ғылыми жаңалықтар бірыңғай жақсылық алып келе бермейді. Кейбір озық ойлардың теріс мақсатта пайдаланылып кететін де кезі жеткілікті. Осы ретте фантастикалық туындылар ғалымдарды ғылым адамына жүктелер бүкіл адамзат пен болашақ алдындағы жауапкершілік жөнінде ойлануға мәжбүрлейтіндігімен де құнды.


Ә мәтіні

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді. Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз. Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыптары




Мәтін қай стильде




Қандай ерекше сөз қолданыстары бар? Мысалдар келтіріңіз






2-тапсырма: Төменде берілген тақырып бойынша шағын мақала жазыңыз.

Ғылыми фантастика жанрындағы шығармаларға сұраныс деңгейі қандай? Осы мәселені көтеріп мектепішілік газетке "Фантастика бізге керек пе? " тақырыбында ақпараттық мақала жазыңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз:


  1. Оқшау сөздер дегеніміз не? Оның түрлері?______________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді жазыңыз.________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» дегенді қалай түсінесің?______________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Қиял» сөзін септеңіз.________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Табиғаттың сұлулығына сөз жетпейді» сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.____________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Қойылған балл

Жазба жұмысын орындау

1

Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіреді. Мәтіндерді салыстырады

10


Шағын мақала жазады

2

Берілген тақырып бойынша шағын мақала жазады. Ойын толық жеткізіп, дәлелдей алады.

10


Берілген сұрақтарға жауап жазады

3

Берілген сұрақтарға толық әрі нақты жауап жазады. Морфологиялық талдау жасайды.

10


Барлығы



30



«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары (ТЖБ)

«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология», «Ғылыми фантастика. Пунктуация» бөлімдері бойынша

ІI НҰСҚА


Білім алушының аты-жөні: _________________________________

Күні:

Сыныбы: 7

Тоқсан: IV


1-тапсырма: Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз.

А мәтіні

...Тарихсыз болашақ болмайды, біз елімізге бостандық алып берген ағаларымыз бен апаларымызды еш уақытта ұмытпауымыз қажет. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысында Кеңес жерін жаудан қорғап, Белоруссияда, Украинада партизан қозғалысына қатысып, ерен ерлік көрсеткен жерлестеріміздің бірі. Қасым ағамызды тек қана жауынгер, қолбасшы ғана емес, көрнекті жазушы, қазақтың тұлғалы азаматы деп айтуға болады. Жерлесіміздің «Халық қаһарманы» атағын алғашқылардың бірі болып алғаны да бекерден-бекер емес. Біз әрқашан Қасым ағамыздың алдында басымызды иеміз, оны мәңгілік жадымызда сақтаймыз. Өздеріңіз білесіздер, Ұлан ауданы жұртшылығының ұсынысымен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен бұрынғы Молодежное кенті қазір Қасым Қайсенов кенті деп аталады. Бүгін батырдың туғанына 95 жыл толып отыр. Бұл мерекені біз Өскемен қаласынан бастап, өзінің туған жері – Ұлан ауданында атап өтеміз. Барша қонақтарға, батырдың ағайынтуысқандарына арнайы келгендері үшін үлкен рақметімді айтамын, ағамыздың аруағы бәрімізді қолдап жүрсін, жатқан жері жайлы болсын, бүгінгі мереке құтты болсын!


Ә мәтіні

Механикалық бөлшектермен өрнектелген қобдиша, ыдыс-аяқ, киім-кешек. Қостанайлық сәулетші Дмитрий Говорковтың үйі осындай ерекше заттарға толы. Бұл «стимпанк» деп аталатын өнер түрі ғылыми фантастикаға негізделген. «Стимпанк» сөзін ағылшыннан аударсақ, алғашқы буыны «бу» деген мағынаны білдіреді. Яғни бумен жүретін бұрынғы паровоздардың даму үрдісін танытатын өнер түрі. Басқаша айтсақ, байырғы және бүгінгі заманның техникалық жетістіктері түрлі бұйымдарда көрініс табады. «Стимпанк» стилі киімкешек, әсемдік бұйымдар, ғимараттарды безендіру ісінде кең тараған. Дмитрий Горовков қобдиша, маска сияқты заттарды жасағанда негізінен ескі сағаттардың тетіктерін пайдаланады. Дмитрий Говорков, Қостанай қаласының тұрғыны: – Түрлі бұйымдарды безендіруге көбіне сағаттардың тегершіктері қолданылады. Себебі олар өмірлік қозғалыс, үздіксіз қимыл ұғымын білдіреді. Ал енді киім үлгілері бұрынғы металист, рокерлерді еске түсіреді. Мысалы, Дмитрий Горовковтың цилиндр қалпағы кәдімгі линолеумнен тігілген, ал карнавалдық костюмінде түтікше, шынжыр, білезік сияқты ұсақ бөлшектер үйлесім тапқан. Қазір бұл өнер түрін үйренуге ынта танытып жүрген шәкірттері де бар.


А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыптары




Мәтін қай стильде





Қандай ерекше сөз қолданыстары бар? Мысалдар келтіріңіз







2-тапсырма: Төменде берілген тақырып бойынша шағын мақала жазыңыз.

Ғылыми фантастикадағы көптеген идеяның шындық өмірде жүзеге асу себебі неде деп ойлайсыңдар? Ойыңды жүйелеп шағын мақала жаз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз:

  1. Одағай сөздер дегеніміз не? Оның түрлері?______________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Сөйлемнің ортасында қойылатын тыныс белгілерді жазыңыз.______________________________________

_____________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

  1. «Арман» сөзін септеңіз_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Адамның қиялында шек жоқ» сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. ­­­­­­­­­­­­­­­___________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Қойылған балл

Жазба жұмысын орындау

1

Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіреді. Мәтіндерді салыстырады

10


Шағын мақала жазады

2

Берілген тақырып бойынша шағын мақала жазады. Ойын толық жеткізіп, дәлелдей алады.

10


Берілген сұрақтарға жауап жазады

3

Берілген сұрақтарға толық әрі нақты жауап жазады. Морфологиялық талдау жасайды.

10


Барлығы



30 балл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.05.2024
1011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі