15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
7 сынып Қазақ тілі "Сүт өнімдері"
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1- бөлім. Дұрыс тамақтану, гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар |
Мектеп: А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебі |
|||||||||||
Күні:27.02.2019ж.
Сынып: 7 |
Мұғалімнің аты –жөні: Бекенова Салтанат Калиханона
|
|||||||||||
Қатысқандар: |
Қатыспағандар:
|
|||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Сүт тағамдары
|
|||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.7.1. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау. 7.Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану. |
|||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді түсінеді. Тапсырмаларды орындайды. Көпшілігі орындай алады: Сүт өнімдерінің пайдасын айта алады және одағайларды сөйлем ішінен таба алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Деректерді қолдана отырып, авторына сілтеме жасай алады. Одағайды қатыстыра отырып мәтін құрайды, түрлеріне ажыратады. |
|||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу. Түсіну. Қолдану.
|
|||||||||||
Бағалау критерийі |
Деректерді қолдана отырып, авторына сілтеме жасайды. Одағай түрлерін ажыратады. |
|||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: |
|||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Сүт өнімдері, айран, құрт, ұлттық тағам, лактоза |
||||||||||||
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? |
||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Сүттің адам ағзасына пайдасы жайлы білеміз бе? Сүттен жасалатын тағамдарды қаншалықты білеміз? |
||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты күтуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын сақтау. |
|||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Бейнежазылымдар.АКТ |
|||||||||||
Алдыңғы білім |
Дәрумендердің пайдасы |
|||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Бағалау түрлері |
Ресурстар |
|||||||||
Сабақтың басы 3 мин
2 минут
5 минут |
- Ширату жаттығуы «Жүректен жүрекке» Бір-біріне жақсы тілектер айтып, алғыстарын білдіреді. І.Ұйымдастыру кезеңі: - Шағын топтарға бөлу. (Суреттер арқылы бөлу І топ. «Қымыз» ІІ топ. «Шұбат» ІІІ топ. «Құрт» ІІ.Үй тапсырмасы: «Мина алаңы» ойыны арқылы 1.Дәрумен дегеніміз не? 2.Адам ағзасында қандай дәрумендер болады? 3.Одағай дегеніміз не? 4.Одағайдың неше түрі бар? 5. Жекіру одағайын айт? 6. «Әттеген-ай» қандай одағай түріне жатады? 7.Көңіл күй одағайларын айт? |
Жарайсың!
|
АКТ, интербелсенді тақта
Суреттер
|
|||||||||
Сабақтың ортасы
20 мин
|
ІІІ. Жаңа сабақ. Білу және түсіну. Бейнежазба көру Тыңдалым. ( 3 мин.) (Сабақтың тақырыбын анықтау)
|
Тамаша!
|
https://www.youtube.com/watch?v=JCpOIjqy_u4 |
|||||||||
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс 6-тапсырма ТЖ. Оқылым. (2мин.)
Дескриптор: -Мәтінде сүт өнімдеріне байланысты кездесуі мүмкін болатын бес тірек сөздерді атай алды. -Барлығы мәтінді оқып танысып шықты. -Танысып шыққан мәтін бойынша өз пікірлерін айта алды. 2-тапсырма. 1- топ. Жұптық жұмыс. Айтылым. Деректерді қолдана отырып, «Сүт өнімдері» тақырыбына одағайларды қатыстырып диалог құру. (5 мин)
Дескриптор -
деректерді орынды пайдаланады, Одағайды
қатыстырып айта алады.
(жұппен жұмысты өткізуде жұптар білмегендерін жұбымен ақылдасу барысында ортақ жұптық әңгіме жүріп талқыланып, толықтырады. Тиімділігі:диалогта қолданған сөздердің мазмұнына назар аударып, тіркестерді нақты қолданып, ойлау әрекетін жақсартады. ) 2-топ. ТЖ Жазылым. Тапсырма Графикалық органайзерлермен жұмыс. - Сүт өнімдері туралы білгендерін мәтінді талқылай отырып, топтастыру. (2 мин.)
3-топ. 8-тапсырма. Жеке жұмыс. Жазылым Көңіл күй одағайларын пайдаланып, сүт өнімдері туралы 5 сөйлем құра.
|
«Шапалақ» әдісі
«Бірін-бірі бағалау»
«Екі жұлдыз, бір тілек» |
|
||||||||||
Дескриптор - Көңіл күй одағайларын пайдаланып, сүт өнімдері туралы бес сөйлем құрай алады.
|
||||||||||||
5 мин |
3-тапсырма. Жеке жұмыс Ізденіс жұмысы. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау.
1-топ (қымыз,айран,сүт көже,шалап,қаймақ ) 2-топ (шұбат, ірімшік, сары май,сары су, торта ) 3-топ (құрт,балқаймақ, уыз,қатық,сүзбе)
|
|
|
|||||||||
Сабақтың соңы
5 мин |
«Рефлексия пирамидасы»
-есте сақтау керек 1 нәрсе, -көбірек білгің келген 2 нәрсе, -бұрыннан білетін 3 нәрсе, -сабақ барысында үйренген 4 нәрсе.
(Мәтін бойынша алған білімін талдау, не үйренгендерін білу үшін өткіздім.)
Үйге: 10-тапсырма. 138-бет |
Топтық бағалау шапалақ арқылы бағалайды
|
|
|||||||||
|
||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||
Тапсырмаларды оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, құрастырдым. Жұмыс жеке,жұптық және топтық болып жүргізілді. Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ширату жаттығуынан бастадым. Барлық оқушылар мәтінде көтерілген мәселені талқыласа, көпшілігі мәтінінің алғашқы бөлігінде көтерілетін мәселені болжап, деректер жинақтады. Кейбір оқушылар мәтінді пайдаланып, ұсынылған тақырыптан деректер жинақтап, графиктік сызбалар құрастырды. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар мәтіннің мазмұнын терең ұғынады, маңызды ақпаратты ажырата алады және өз бетінше ой қорытып, зерделейді. Бұл тапсырмада жұптық, топтық жұмыс жүргізілгендіктен оқушылар сыныптастарына көмектесе отырып, орындайды. Басқа сынып оқушыларына қарағанда қабілетті оқушылар графикалық органайзермен жылдам әрі нақты жұмыс жасайды. Бұл жұмыс түрлері жеңілден күрделіге қарай ауысуымен және жұптық, топтық жұмыстарда оқушылардың бір – біріне көмек,қолдау көрсеткендігі тарапынан сараланған тапсырмалар. |
Оқушылардың материалды игеру деңгейін әр орындалған тапсырма сайын кері байланыс жүргізу арқылы жоспарлаймын. 1.
Бағалау
критерийі: Мәтіннен
негізгі ойды анықтайды. Өз
көзқарасын білдіре алады. Түйінді
сөздерді жаза алады.
Дескриптор
-оқушылар
мәтінді талқылай алады
-болжам
жасай алады
-негізгі
тірек сөздерді таба біледі
2.
Бағалау
критерийі:
Көтерілген
мәселе бойынша графикалық
органайзер жасайды.
Дескриптор
-
Көтерілген мәселелерді табады,
-мәтіндегі
тақырыптар бойынша
ерекшеліктерін
атап өтеді
шығармашылықпен
жұмыс жасайды
Бағалауда «Бармақ», «Сұрақ- жауап», «Шапалақ», «Екі жұлдыз , бір тілек», «Топтық бағалау», дескриптормен бағалау түрлерін алдым. «Бармақ», «Сұрақ жауап» тәсілінің тиімділігі оқушылар өзгелерге сұрақтар қойып, ойларын, түсінбеген жерлерін нақтылай алады. Топтық бағалау мен «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері оқушылардың өз ойларын дәлелдеп, бір- біріне пікір айта алуын және ұсыныстарын білдірткізіп, дағдыларын қалыптастырамын. Сабақ барысында қолдау, қошемет сөздерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, сендіре аламын. |
Сыныптың тазалығын, оқуға қолайлы болуын, оқушының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратындай болуын ескеремін Бейнежазба көрсету кезіндегі АКТ-ны қолданудағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырамын, оқушылардың денсаулығына зиян келмеуін қадағалаймын.. |
||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынанауытқулар болды ма және неліктен? |
|
|
||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген