400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

7-сынып. Қазақ тілі. Тақырыбы: Дәрумендердің пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. 8-бөлім. Дұрыс тамақтану. Морфология. Сабақтың тақырыбы: Дәрумендердің пайдасы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

3-тоқсан. Қазақ тілі

Білім беру ұйымының атауы

«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№20 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Бөлім:

8-бөлім. Дұрыс тамақтану. Морфология.

Педагогтің Т.А.Ә

Акылова Жанар Ашербековна

Күні:


Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дәрумендердің пайдасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу;

7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану.

Сабақтың мақсаты

Мәтіндегі факті мен көзқарасты ажырата алады; шағын мәтін құрастырып жаза алады; одағай түрлерін мәтін барысында орынды қолданады.

ЕББҚ (зейіні төмен оқушы): мұғалімнің қолдауымен берілген факті мен көзқарасты ажыратады, тапсырма барысында одағай түрлерін ажыратады.


Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс-тар

Сабақтың басы

1 минут

Ұйымдастыру:

1.Оқушылармен сәлемдесемін.

2.Кезекші арқылы оқушыларды түгендеймін.

Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын алады. Кезекші мәлімет береді.



3 минут

Үй тапсырмасын сұрау үшін «Менің талғамым» әдісін пайдаланамын. Тақтаға түрлі-түсті қағаздарға ұлттық сусындардың атын жазып, теріс қаратып іліп қоямын. Оқушыларға өздеріне ұнаған түсті таңдау керектігін айтамын.

Shape5 Shape4 Shape2 Shape3 Shape1

Шалап

Қымыз


Көже

Айран

Шұбат


Оқушылар өзіне таңдаған түсті алып, онда жазылған сусын туралы білетін ақпараттарын айтады.






Мадақтау арқылы (лайк) кері байланыс жасаймын.

1 слайд

Сабақтың ортасы

4 минут

«Миға шабуыл» әдісі

Тақтадан суретті көрсетемін.

-Суреттегі А,В1, В3, В5, В6, В9, В12, С, D, E, K, PP дегеніміз нені білдіреді? (оқушылардың ықтимал жауабын тыңдаймын)

-Біздің бүгінгі сабағымызға бұлардың қандай қатысы бар? (оқушылардың ықтимал жауабын тыңдаймын)

-Дұрыс. Біздің сабағымыздың тақырыбы «Дәрумендердің пайдасы». Осыған байланысты сабақтың мақсаты: мәтіндегі факті мен көзқарасты ажыратып, шағын мәтін құрастырып жазамыз. Одағай түрлерін мәтін барысында орынды қолданамыз.







Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жұмыс дәптерлеріне күн реті мен сабақтың тақырыбын жазады.







Сұрақтарға белсенді жауап берген оқушыларды «Жарайсың!», «Жақсы айттың!» деген сөздер арқылы мадақтаймын.


2 слайд

10 минут

1-тапсырма. Бейнематериалды мұқият тыңдаңыздар. https://youtu.be/vWSQv6JlZnA (3 мин 15 сек)


«3-қадам» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасаймын.

1-қадам. Тыңдалған мәтін не туралы?


2-қадам. Кестеде жазылған үзіндіге өз көзқарасыңызды жазыңыз. (Әр оқушыға жеке кеспе парақшалар таратып беремін).

Үзінді

Өз көзқарасыңыз

«А» дәруменін өсу мен көру дәрумені деп атауға болады.

Менің ойымша,..

Темір арқылы организмнің әр жасушасына оттегі жеткізіледі.

Меніңше,..



3-қадам. Кестеде берілген мысалдардан факті мен көзқарасты ажыратыңыздар. «+» таңбасымен белгілеңіз.

Мысалдар

факт

көз-қарас

1

«В» дәрумені тобы: В1, В2, В3, В6, В7, В9, В12



2

«С» дәруменін күшті иммунитет дәрумені деп атауға болады.



3

«Е» дәрумені сені күшті, төзімді етеді.



4

Йод теңіз балығында, теңіз өнімдерінде көп мөлшерде болады.



Бейнемате-

риалды көреді.


Тыңдалым мәтінінің не туралы екенін айтады.


Клише сөздерді пайдалана отырып, кестеге өз көзқарасын жазады.













Кестеде берілген мысалдардан факті мен көзқарасты ажыратады.

Дескриптор:

-мәтінде не жайлы айтылғанын

айтады (1 балл)




Дескриптор:

-ұсынылған үзінді бойынша өз көзқарасын жазады; (1 балл)

-ғалымдардың пікірі мен келтірілген фактілерін дәлелдейді; (1 балл)







Дескриптор:

-кестеде берілген мысалдардан фактіні ажыратады; (1 балл)

-көзқарасты ажыратады; (1 балл)

https://youtu .be/vWSQv6JlZnA


3 слайд

ЕББҚ қажет ететін оқушымен жұмыс

Кестеде берілген мысалдардан факті мен көзқарасты ажыратыңыз. «+» таңбасымен белгілеңіз.

Мысалдар

факт

көз-қарас

1

«В» дәрумені тобы: В1, В2, В3, В6, В7, В9, В12



2

«С» дәруменін күшті иммунитет дәрумені деп атауға болады.




Оқушы кестені мұғалімнің қолдауымен толтырады.

Дескриптор:

-ұсынылған ақпарат бойынша фактіні ажыратады; (1 балл)

-көзқарасты ажыратады; (1 балл)

1-қосым

ша.

Кеспе қағаз

5 минут

2-тапсырма. Әр топқа зерттеу сұрағын беремін.

-Біз неге дәрумендерге мән беруіміз керек?

қтимал жауап. Дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретіп, зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін нашарлатады. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, тағы да басқа жағдайларда ағзаға дәрумен жетіспеушілік артады. Сондықтан, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану керек.)

Оқушылар топта өзара ақылдасып, сұраққа бірлесе отырып дайындалып, жауап береді.

Дескриптор:

-сұраққа нақты жауап береді; (1 балл)

-нақты мысалдармен дәлел келтіреді (1 балл)


10 минут

3-тапсырма. Бүгінгі айтылған фактілерді және одағай сөздерді (пәлі, алақай, пай-пай) қолданып, шағын мәтін жазыңыздар. Сөз саны -70-80.

Айтылған фактілерді және одағай сөздерді қолданып, шағын мәтін жазады.

Дескриптор:

-сабақта өткен мәліметтерді орынды қолданады; (1 балл)

-факті мен көзқарасты тиімді қолданады; (1 балл)

-берілген одағайларды қолданады. (1 балл)

4 слайд

ЕББҚ оқушымен жұмыс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
13.09.2023
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі