400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7-сынып. Қазақ тілінен олимпиада тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі және әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

Пән/Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті.

1-15 тапсырмалар [Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.]

1. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.

А) дүниеқор

В) жолдастар

С) ескерткіш

D ) талапты

Е) көңілді

2.Бірыңғай буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз

А) –бей, -паз, -ға, -лар, -лер

В) –нікі, -тай, -мен, -хана

С) –ны, -ні, -ды, -ді

D) –нан, -не, -ға, -дің

Е) –дар, -дер, -тар, -тер

3. Буын үндестігіне сай жазылған сөзді табыңыз.

А) орыспен

В) бәлеқор

С) ризалық

D) қыздікі

Е) беймезгіл

4. Қосымша түрлерінің қатарын белгілеңіз.

А) септеулік, демеулік

В) жіктеу, септеу

С) жұрнақ, жалғау

D) жалғаулық, жекіру

Е) сөз тудырушы, сөз түрлендіруші

5. Ілік жалғаулы сөзді табыңыз

А) ініме

В) інілерің

С) ініңнің

D) ініңізбін

Е) інісін

6. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) Отыруларыңызды сұраймын.

В) Ер азығы – білім.

С) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.

D) Ендігі қарыздар адам менмін.

Е) Бұл жайдан хабардар жан бар ма?

7. Ерін үндестігіне бағынатын қатарды анықтаңыз.

А) басшы, балықшы

В) құлын, күдік

С) қыс, жаз

D) қылық, келешек

Е) сағат, салқын

8. Шылауға тән ерекшелікті табыңыз

А) Толық лексикалық мағынасы болмайды.

В) Адамның әртүрлі көңіл- күйін білдіреді.

С) Сөйлем мүшесі болады.

D) Сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіреді.

Е) Заттың атын білдіретін сөздер.

9. Кідіріс түрлерін көрсетіңіз.

А) синтаксистік, сөзжасамдық, лексикалық.

В) логикалық, синтаксистік, морфологиялық..

С) грамматикалық, психологиялық, логикалық.

D) грамматикалық, сөзжасамдық, лексикалық.

Е) сөз тудырушы, сөз түрлендіруші.

10. Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын неше кезеңге бөледі?

А) 5

В) 2

С) 3

D) 4

Е) 6

11. Фразеологизмді табыңыз.

А) Аузы күйген үріп ішер.

В) Қой аузынан шөп алмас.

С) Күлме досыңа, келер басыңа.

D) Ғалымның өзі өлсе де, сөзі өлмейді.

Е) Ішің ауырса, аузың ти.

12. Мақалға тән ерекшелікті табыңыз.

А) Бір ғана сөзден тұрады.

В) Құрамындағы сөздер ауыстыруға келеді.

С) Авторы белгілі болады.

D) Көпшілікке үндеу мақсатында айтылады.

Е) Ой тұжырымдалып, даналық түйінді пікір түрінде айтылады.

13. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А) Тарс.

В) Сыңғыр.

С) Жалт-жұлт.

D) Арс-арс.

Е) Шаңқ.

14. Туынды еліктеуішті табыңыз.

А) Тарс.

В) Қарқыл.

С) Кілт.

D) Қорбаң-қорбаң.

Е) Жарқ-жұрқ.

15. Қай тіркес «ұялу» мағынасын береді.

А) мұрнын шүйіру.

В) табанын жалтырату.

С) кірерге жер таппау.

D) атына кір келтіру.

Е) жүрегі шайлығу.

16-25 тапсырмалар [Әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі.]

16. Есімше жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.

А) –ған, -ар, -атын, -пақ.

В) –мен, -ды, -тан, -нің.

С) –паз, -ып, -хана, -ыс.

D) –ыл, -с, -са, -ымыз.

Е) –қой, -гер, -сің, -етін.

17. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз.

А) Келер еді.

В) Танысыпты.

С) Барғым келеді.

D) Адал еңбек ету.

Е) Тапсырманы орындамақпын.

18. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.

А) Естіген болатын.

В) Бара жатыр.

С) Келмекші.

D) Ұғыпты.

Е) Қарармын.

19. –Әуелеп ұшқан алты қаз,

Етің шекер, сорпаң баз!

Атайын десем оғым аз,

Қонар болсаң, жануар,

Міне, майдан, міне, саз. Үзінді қай шығармадан алынғанын көрсетіңіз.

А) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

В) «Алпамыс батыр» жыры.

С) «Ер Тарғын» жыры

D) «Қыз Жібек» жыры.

Е) «Қобыланды батыр» жыры.

20. «Руна» сөзі қандай мағына беретінін анықтаңыз.

А) «құпия».

В) «кіші жазу».

С) «таңбалы тас».

D) «сәйгүлік».

Е) «даңқты».

21. Портрет дегеніміз не?

А) Әдеби шығарманың құрылысы, оның бөлім-бөлшектерінің әртүрлі тәсілмен

байланыстырылған тұтастық бірлігі.

В) Өмірдегі немесе өмірде болған бір адамды немесе адамдар тобын бейнелеу немесе

суреттеп жазу.

С) Белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі.

D) Затты, құбылысты мүлде құлдырата, кішірейтіп көрсету.

Е) Көркем шығармада суреттелетін адам, әдеби образ.

22. Ежелгі дәуір әдебиеті өз ішінде неше кезеңге бөлінетінін анықтаңыз.

А) 5

В) 2

С) 6.

D) 3

Е) 4.

23. Синонимдес фразеологизмдерді табыңыз.

А) Су жүрек-жүрек жұтқан

В) Мойнына су кету – ит өлген жер

С) Арасынан қыл өтпеу- тонның ішкі бауындай

D) Көзге түртсе көргісіз –тайға таңба басқандай

Е) Шашбауын көтеру – көз шырымын алу

24. Мәтелді табыңыз.

А) Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.

В) Күлме досқа, келер басқа.

С) Жігітті досына қарап таны.

D) Айдағаның - бес ешкі, ысқырығың жер жарады.

Е) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

25. Тоғыспалы ықпалды табыңыз.

А) ала ат.

В) Жанқожа.

С) көк ала.

D) Жанғали.

Е) Оразжан.

26-30 тапсырмалар [Әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай беріледі.]

26. Ортақ тәуелдену үлгісіндегі сөзді табыңыз.

А) Өлеңім –менің бөбегім.

В) Байлықтың атасы -еңбек.

С) Ауылымыз үлкен.

D) Ердің көркі -ел.

Е) Аталарымның өнегесі.

27. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктеріндегі «батпан» қандай өлшемді білдіретінін көрсетіңіз.

А) 1 гр.

В) 1 кг.

С) 10 литр.

D) 100 кг.

Е) 16 кг.

28. «Күлтегін» жырының Үлкен жазуы қанша хикаядан тұратынын анықтаңыз.

А) 5

В) 7.

С) 6.

D) 3.

Е) 2.

29. «Еңсегей бойлы Ер Есім...» толғауының авторын көрсетіңіз.

A) Доспамбет

B) Ақтамберді

C) Үмбетей

D) Жиембет

E) Шалкиіз

30. Кейіннен тұтас бір дәуірдің ағымына айналған «зар заман» деген ұғым қай ақынның өлең жолынан алынғанын белгілеңіз.

А) Шортанбай Қанайұлы

В) Мұрат Мөңкеұлы

С) Дулат Бабатайұлы

D) Нарманбет Орманбетұлы

Е) Нұржан Наушабаев

















































Тест жауабы

  1. A

  2. B

  3. E

  4. C

  5. C

  6. A

  7. B

  8. A

  9. C

  10. A

  11. B

  12. E

  13. C

  14. D

  15. C

  16. A

  17. D

  18. B

  19. D

  20. A

  21. B

  22. A

  23. C

  24. D

  25. B

  26. C

  27. D

  28. C

  29. D

  30. A

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
03.11.2024
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі