400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сынып ҚКФ "Мәтіндік есептерді шешу".

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып ҚКФ "Мәтіндік есептерді шешу." ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп:

Бауыржан Момышұлы атындағы №46 ЖОББМ

Педагогтің аты-жөні:

Д.Ж.Айгалиева

Күні:

02.03.23

Сыныбы:7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтіндік есептерді шешу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

7.4.2.2 мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару;

Сабақтың мақсаты:

қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5 мин.

Сілтемені оқушыларға жібереді.

Оқушыларды түгендеу.

Үй жұмысын тексеру

Тапсырманы демонстрация арқылы көрсетеді

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Мәтіндік есептерді шешу. Мақсатымыз: 7.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

7.4.2.2 мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару;

Орындаған тапсырмаларды Classrom платформасы

арқылы мұғалімге жібереді.

Үй жұмысы: №36.10, 36.11 Шешуі: х- бірінші жұмысшы, у- екінші жұмысшы 1 күнде дайындаған тетік саны.

Жауабы: бірінші жұмысшы 38, екінші жұмысшы 34 тетік дайындаған.

Үй жұмысын

баллдық жүйемен тексеру. Әр дұрыс есебіне

1 балл алады

Classrom платформасы ,Online

Mektep

Слайд 1,2

Сабақтың

ортасы

20 минут








Мәтінді есептерді шығару алгоритмі:

Ізделінді шаманы немесе бірнеше шамаларды х,у,z... әріптерімен белгілейді;

Берілген шамалармен ізделінді шамалар арасындағы байланыс орнатылады;

Теңдеу немесе теңсіздік, немесе теңдеулер жүйесі немесе теңсіздіктер жүйесі (математикалық модель) құрастырылады;

Құрастырылған теңдеу немесе теңсіздік немесе теңдеулер жүйесі немесе теңсіздіктер жүйесі шығарылады;

Шыққан нәтиже есеп шартымен салыстырылады;

Жауабы жазылады.

 1 есеп (теңдеу құруға): Егер қабырғасы х см шаршыға 3см-ге арттырса, онда пайда болған шаршының ауданы шаршының ауданынан 39см2-ге артық болады. Кіші шаршының периметрін анықтаңыздар.

2 есеп: (теңсіздік құруға) Шаршының қабырғасын 4см-ге арттырды. Пайда болған шаршының ауданы бастапқы шаршының ауданынан 32см2-ге артық болатындай бастапқы шаршының қабырғасының ұзындығы қанша болуы керек?

3 есеп: Тізбектес екі натурал сандардың квадраттарының айырмасы 5-ке тең. Осы сандардың квадраттарының қосындысын табыңдар.

4. Геометриялық есеп. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы енінен 5см-ге артық және биіктігінен 5см-ге кіші. Бүйір бетінің ауданы 244см2. Параллелепипедтің өлшемдерін табыңыздар.

Бекітуге арналған сұрақтар:

Есептің математикалық моделі нені береді?

Мәтінді есепті алгебралық (арифметикалық) тәсілмен шығару дегеніміз нені білдіреді?

Мәтінді есепті дұрыс шығарылғанын қалай тексеруге болады?

Мәтінді есепті теңсіздік арқылы шығару тәсілі қалай аталады?

Мәтінді есепті теңдеулер немесе теңсіздіктер арқылы шығару тәсілі қалай аталады?

Тапсырма. Есептерді теңдеу құру арқылы шығарыңыз.а) Екі санның айырымы 34-ке, ал квадраттарының айырымы 408-ге тең.Осы екі санды табыңыз?

b) Бір шаршының қабырғасы екінші бір шаршының қабырғасынан 1 см-ге, ал ауданы 31 үлкен. Кіші шаршының кабырғасын анықтаңыз?

Оқулықтан тапсырмалар: №36.11-36.19

1 есеп: Шешуі: Бірінші шаршының қабырғасы х см болсын.


Ұзындығы

Ені

Ауданы

Периметр

Бастапқыда

х

х

х2

Болды

(х+3)

(х+3)

(х+3)2

4(х+3)

(х+3)2 өрнегі х2-тан 39 см2-ге артық екені белгілі.

Теңдеу: - =39 +6x+9- =39 6x=30 x=5

5 см - бірінші шаршының қабырғасы, 5+3 = 8 см – екінші шаршының қабырғасы Р= 4*5=20 см. Жауабы: кіші шаршының периметрі 20 см.

2 есеп: Шешуі: Бірінші шаршының қабырғасы х см болсын.


Ұзындығы

Ені

Ауданы

Бастапқыда

х

х

х2

Болды

(х+4)

(х+4)

(х+4)2

(х+4)2 өрнегі х2 –тан 32 см2-ге артық екені белгілі.

Теңсіздік: - >32 x2+8x+16-x2>32 8x>16 x>2

Жауабы: бірінші шаршының қабырғасы 2см-ден артық болуы тиіс.

3 есеп: Шешуі: Бірінші сан n болсын.


Сан

Квадрат

1

n

n2

2

n+1

(n+1)2

Теңдеу: - =5 n2+2n+1-n2=5 2n=4 n=2

Бірінші сан – 2, екінші сан – 3. Квадраттарының қосындысы: 4+9=13 Жауабы: 13

Шешуі: АВ (ұзындығы) x см болсын, онда AA1(биіктігі) - (x+5) cм, AD(ені) - (x-5) см.

S = 2SABCD + 2SAA1D1D + 2SAA1B1B, шарты бойынша – 244 см²

SABCD = x(x-5); SAA1D1D = (x-5)(x+5); SAA1B1B = x(x+5)

Теңдеу:

2x(x-5) + 2(x-5)(x+5) + 2x(x+5) = 244

x(x-5) + (x-5)(x+5) + x(x+5) = 122

x² – 5x + x² – 5² + x² + 5x = 122

3x² = 122+25

3x² = 147

x² = 49,

x > 0 (мағынасы бойынша)

x = 7

AB = 7 см – ұзындығы

AA1 = 7 см + 5 см = 12 см – биіктігі

AD = 7 см – 5 см = 2 см – ені

Жауабы: 7 см; 12 см; 2 см).

Дескриптор: - есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады;

- теңдеулер жүйесін шешу әдісін анықтайды;

- қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

- теңдеудің түбірлерін табады;

-есептің жауабын жазады

Презе

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.09.2023
413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі