400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сынып Қысқаша көбейту формулалары

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3В бөлім: Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: №129 ЖОББМ

Күні: 27.01.2021


Мұғалімнің аты-жөні: Едилбаева Ф.Қ

Сынып: 7 В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Кәсіби даму мақсаты


Сабақ тақырыбы

Қысқаша көбейту формулалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.18 қысқаша көбейту формулаларын

біледі және қолданады;


Сабақ мақсаттары

қысқаша көбейту формулаларын

біледі және қолданады;

Бағалау критерийлері

- Көпмүшелермен амалдар орындау үшін формулаларды қолданады

- Дәлелдеу үшін формулалар қолданады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;

- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын дәйектейді;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын түсіндіреді.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- қысқаша көбейту формулары;

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

- екі өрнектің қосындысының квадраты;

- екі өрнектің айырмасының квадраты;

- екі еселенген көбейтінді;

- үш еселенген көбейтінді;

- екі өрнектің қосындысының кубы;

- екі өрнектің айырмасының кубы;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы;

- екі өрнектің кубтарының айырмасы;

-көбейткіштерге жіктеу;

- ортақ көбейткіш;

- ең үлкен ортақ көбейткіш;

- топтау тәсілі;

- толық квадрат;

- толымсыз квадрат.

Саралау түрі

Оқушылардың бойына жауапкершілік, мақсаттылықты дамыту. Өзінің біліміне сыни көзбен қарап, ашықтыққа тәрбиелеу. Ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Құндылықтар


Ұлттық идеяның негізгі құндылықтары «Мəңгілік Ел»:

Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Мектептің құндылықтары:

Көшбасшылық, сыйластық, Ынтымақтастық, жауапты азаматтық позиция, ашықтық, академиялық әділдік, өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыстар

Физика, сызу

Жаһандық ақпарат


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта


Бастапқы білім


Бірмүшелер және көпмүшелермен амалдар орындай алу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

1-сабақ

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу

«Қошемет сөздер»

« Оқушылар шеңбер жасап бір бірінмен қол ұстайды. Көршінің көзіне қарап ол туралы жақсы сөз айту керек. Содан кейін ол басқа оқушыға қошемет сөздерді айтады.


Үй тапсырмасын тексеру.




Слайд 1





Brain Gym 5мин

Мұғалім «Миға шабуыл» стратегиясын қолданып, оқушыларға келесі есеп шығаруға ұсынады:

31- бөлінетінін дәлелдеңдер

Жауабы:

Слайд 2-3

Өткен материалдарды актуализациялау

Қайталау

8 мин


Стратегия CLIL «True or False»

1)  жақшаны ашыңыз:

Жауабы: False ( )

2) Теңдеуді шешіңдер

Жауабы: 3; -3 False (бос жиын)

3) (6а + 5х )² = 36 + 30 х + 25х²;

False (Жауабы: (6а + 5х )² = 6 + 60 х + 25х²; )

4)

Жауабы: 1000 True

5) Есептеңдер:

Жауабы: 999 975 True

6) (a+b)3 = a3+3a2b+3ab2+b3

Оқушылар бұл формуланы шеше алмайды, яғни бүгінгі күні соны талдайды

Слайд 3-9


Тақырыпқа шығу

2 мин

Тақырыпқа шығу. Мақсатты анықтау.


Слайд 10

Жаңа тақырыпты талқылау

10 мин


Мақсатқа жету: Оқушыларға тақырыпты өз бетінше меңгеруге тірек тапсырмалары таратылады, тапсырмаларды топта талдайды:

(a+b)3 = a3+3a2b+3ab2+b3

a)  (m + 2n)3 = m3 + 3·m2·2n + 3·m·(2n)2 + (2n)3 = m3 + 6m2n + 12mn2 + 8n3

б)  (3x + 2y)3 = (3x)3 + 3·(3x)2·2y + 3·3x·(2y)2 + (2y)3 = 27x3 + 54x2y + 36xy2 + 8y3

(a-b)3 = a3-3a2b+3ab2-b3

а)  (2x – y)3 = (2x)3-3·(2x)2·y + 3·2x·y2 – y3 = 8x3 – 12x2y + 6xy2 – y3

б)  (x – 3n)3 = x3-3·x2·3n + 3·x·(3n)2 – (3n)3 = x3 – 9x2n + 27xn2 – 27n3


Apply new Rule and write as a product

Топқа бөлу: оқушылар формулаларды құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді

Топтық талқылаудан кейін әр топқа зерттеу картасы беріледі. Осы карта бойынша жұмыс жүргізеді:


Зерттеу картасы:

Тапсырмаларды ретімен орындаңыз.

Амалдарды орындаңыз:

_________________________

______________________________________________________________________________________________________




Бұдан шығатыны: _________________________


Ережені түсініп оқып, тыныс белгілерін қойып шығыңыз:

Екі өрнектің қосындысының кубы бірінші өрнектің кубына плюс бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің үш еселенген көбейтіндісіне плюс бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының үш еселенген көбейтіндісіне минус екінші өрнектің кубына тең.


Ережені оқи отырып, келесі схеманы түсіндіріңіз:

өрнегі мен өрнегінің мәні бірдей ме? Енді формула қандай болады?

Амалдарды орындаңыз:

_________________________

______________________________________________________________________________________________________


Бұдан шығатыны: _________________________


Ережені түсініп оқыңыз: Екі өрнектің айырмасының кубы бірінші өрнектің кубына, минус бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің үш еселенген көбейтіндісіне, плюс бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының үш еселенген көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің кубына тең.

Ережені оқи отырып, келесі схеманы түсіндіріңіз:


Мысал1:

Мысал2:

Мысал3:

Мысал4:

Мысал5:

Мысал6:



Теория

(Екі өрнектің қосындысының кубы формулаcы

(a + b)³ = a³ + 3a²b + 3ab² + b³

Екі өрнектің қосындысының кубын табу үшін бірінші өрнектің кубына үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісін және оған үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратын қосып, оған екінші өрнектің кубын қосу керек: (a + b)3 = a3 + 3a2b + 3ab2 + b3.

1-мысал. (x + 2)3 өрнегін қарастырайық. Қосындының кубы формуласының көмегімен бұл өрнек төмендегідей көпмүшеге келтіріледі: (x + 2)3 = x3 + 3x2 ⋅ 2 + 3x ⋅ 22 + 23 = x3 + 6x2 + 12x + 8.

2-мысал. (2a + 3b)3 өрнегін көпмүше түрінде жазайық: (2a + 3b)3 = (2a)3 + 3 ⋅ (2a)2 ⋅ (3b) + 3 ⋅ (2a) ⋅ (3b)2 +(3b)3 = 8a3 + 36a2b + 54ab2 + 27b3.

Екі өрнектің айырмасының кубы формуласы

Екі өрнектің айырмасының кубын табу үшін бірінші өрнектің кубынан үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісін азайтып және оған үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратын қосып, одан екінші өрнектің кубын азайту керек: (a – b)3 = a3 – 3a2b + 3ab2 – b3.

1-мысал. (x – 5)3 өрнегін көпмүшеге түрлендірейік: (x – 5)3 = x3 – 3x2 ⋅ 5 + 3x ⋅ 52 – 53 = x3 – 15x2 + 75x – 125.

2-мысал. (2a – 3b)3 көпмүшеге келтірейік: (2a – 3b)3 = (2a)3 – 3 ⋅ (2a)2 ⋅ (3b) + 3 ⋅ (2a) ⋅ (3b)2 – (3b)3 = 8a3 – 36a2b+ 54ab2 – 27b3.

Екі өрнектің кубтарының қосындысы 

a³ + b³ = (a + b)(a² – ab + b²) қысқаша көбейту формулаcы

Екі өрнектің кубтарының қосындысы осы екі өрнектің қосындысын олардың айырманың толымсыз квадратына көбейткенге тең: a3 + b3 = (a + b)(a2 – ab + b2). Дәлелдеу үшін екі көпмүшені көбейтіп, ықшамдау жеткілікті: (a + b)(a2 – ab + b2) = a3 – a2b + ab2 + a2b – ab2 + b3 = a3 + b3. (a2 – ab + b2) өрнегі айырманың толымсыз квадраты деп аталады, оның (a2 – 2ab + b2) айырманың толық квадратынан айырмашылығы 2 коэффициентінде.

1-мысал. x3 + 8 көбейткіштерге жіктеп жазайық. Формуланың көмегімен 

x3 + 8 = x3 + 23 = (x + 2)(x2 – 2x + 22) = (x + 2)(x2 – 2x + 4) жіктелуін аламыз.

2-мысал. 8a3 + 27b3 көбейтінді түріне келтірейік. Екі қосылғышты кубтар түріне келтіріп, формуланы пайдаланамыз: 

8a3 + 27b3 = (2a)3 + (3b)3 = (2a + 3b)((2a)2 – 2a ⋅ 3b + (3b)2) = (2a + 3b)(4а2 – 6ab + 9b2).

Екі өрнектің кубтарының айырмасы

a³ – b³ = (a – b)(a² + ab + b²) қысқаша көбейту формулаcы

Екі өрнектің кубтарының айырмасы осы екі өрнектің айырмасын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең: a3 – b3 = (a – b)(a2 + ab + b2). (a2 + ab + b2) өрнегі қосындының толымсыз квадраты деп аталады, оның (a2 + 2ab + b2) қосындының толық квадратынан айырмашылығы 2 коэффициентінде.

1-мысал. x3 – 8 көбейткіштерге жіктеп жазайық. Формуланың көмегімен 

x3 – 8 = x3 – 23 = (x – 2)(x2 + 2x + 22) = (x – 2)(x2 + 2x + 4) жіктелуін аламыз.

2-мысал. 8a3 – 27b3 көбейтінді түріне келтірейік. Бірмүшелерді кубтар түріне келтіріп, формуланы пайдаланамыз: 

8a3 – 27b3 = (2a)3 – (3b)3 = (2a – 3b)((2a)2 + 2a ⋅ 3b + (3b)2) = (2a – 3b)(4а2 + 6ab + 9b2).

Таратым

Жұптық жұмыс

10 мин



Жұптық жұмыс: Сынып оқушылары деңгейлік тапсырмалар орындайды:


Деңгей

І топ

ІІ топ

ІІІ топ


А

№432

1, 4, 7


№433

1, 2

№432

2, 5, 8


№433

3, 4


№432

3, 6, 8


№433

5, 6


В

№438

1, 4

№438

2, 5

№438

3, 6


Кері байланыс

-Не қиын болды?

-Нені түсінбей қалдым?

-Нәтижені жақсарту үшін не істей аламын?

Карточка Алгбера 7 Шыныбеков

2 сабақ

Өткен материалдарды актуализациялау

Ұжымдық жұмыс

5 мин


Complete the list

Формуланың басы

Формуланың жалғасы

Формуланың аталуы

Қысқаша көбейту формуласын тұжырымдау







Екі өрнектің қосындысы және айырмасының көбейтіндісі



Екі өрнектің қосындысының квадраты













Екі өрнектің кубтарының қосындысы



таратым

Сабақтың ортасы


10 мин

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/algebralyq-ornekterdi-turlendiru/qysqasha-kobei-tu-formulalary/lesson/eki-ornekting-qosyndysynyng-kuby-zhane-ai-yrmasynyng-kuby




https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/algebralyq-ornekterdi-turlendiru/qysqasha-kobei-tu-formulalary/lesson/eki-ornekting-qosyndysynyng-kuby-zhane-ai-yrmasynyng-kuby

Жұптық жұмыс

10 мин

Жұптық жұмыс: Сынып оқушылары деңгейлік тапсырмалар орындайды:


Деңгей

І топ

ІІ топ

ІІІ топ



А

№403

1, 4, 7, 10


№404

1, 2

№403

2, 5, 8, 11


№404

3, 4


№403

3, 6, 9, 12


№404

5, 6



В

№411

1, 2, 3, 4

№412

1, 2, 3, 4

№413

1, 2, 3, 4



С

№417

1, 2, 3

№417

4, 5, 6

№418

1, 2, 3


Кері байланыс

-Не қиын болды?

-Нені түсінбей қалдым?

-Нәтижені жақсарту үшін не істей аламын?

Карточка

Жеке жұмыс

13 мин

1-тапсырма

Көпмүшелерді көбейтіңіз:

а) 3х-1 және 9х2+3х+1

б) 2х+3 және 4х2 – 6х+9

Дескриптор: Оқушы

- көбейткіштер түрінде жазады;

- сәйкес келетін формуланы қолданады;

- көбейтінді нәтижесін жазады.


2-тапсырма

Өрнектерді ықшамдаңыз:

а) (2х+1)3 – 6х2 – 3х – 2

б) (х – 3)3 +9х2 – 27х +20

Дескриптор: Оқушы

- тиісті формулаларды қолданады;

- өрнектерді түрлендіреді.

3-тапсырма

Дәлелдеңіз:

a) 973+933 өрнегі 19-ға бөлінеді;

b) 3963 – 1143 өрнегі 141- ге бөлінеді.

Дескриптор: Оқушы

- сәйкес формулаларды қолданады;

- бөлінгіштікті дәлелдейді.

4-тапсырма

  1. Бүтін санды 8-ге бөлгендегі қалдық 7-ге тең. Осы санның кубын 8-ге бөлгендегі қалдық та 7-ге тең екенін дәлелдеңіз.

  2. Бүтін санды 5-ке бөлгендегі қалдық 4-ке тең. Осы санның кубы мен квадратының қосындысы 5-ке бөлінетінін дәлелдеңіз.

Дескриптор: Оқушы

- өрнек құрады;

- сәйкес формулаларды қолданады;

- жақшаны ашады;

- бөлінгіштікті дәлелдейді.

Карточка

Алгбера 7 Шыныбеков

Қосымша

Сабақта оқушылардың жұппен бірігіп жұмыс жасауын қадағалау керек.


Кері байланыс

-Не қиын болды?

-Нені түсінбей қалдым?

-Нәтижені жақсарту үшін не істей аламын?



Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы 1мин

100 бет № 437, 441




Карточка

Алгбера 7 Шыныбеков

Рефлексия

1 минут


Блоб ағашы арқылы оқушылар өздерін бағалап, кері байланыс береді.


Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болды.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Өз-өзін бағалау, бір-бірін бағалау, дайын жауаптарымен тексеру

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі