7-cынып
Физика
мерзімі_______________
Сабақ
тақырыбы:
§17, 18. Бір қалыпты және бір қалыпсыз
қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық
бірліктері.
Сабақ
мақсаты:
1.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес
қозғалыстарға мысал келтіру және
жылдамдық, жылдамдық бірліктері туралы
оқушыларға түсінік беру.
2.Мысалдар
келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми
ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру.
3. Еңбекке
баулу, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ
түрі:
аралас
Сабақ
әдісі:
баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа
қажетті құрал-жабдықтар:
суреттер, доп, сағат, карточкалар,
дидактикалық материалдар.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.
Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
Әлиге:
Бекзатқа:
Әнуарға:
Темірланға:
.
ІІІ.
Жаңа тақырып.
Қ
озғалыс
Бірқалыпты
бірқалыпсыз
Дене
кез келген тең уақыт аралықтарында
ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс
бір
қалыпты қозғалыс
деп аталады.
Мысалы,
пойыз темір жолдың ұзын тегіс бөлігінде
бірқалыпты қозғалады.Моторы өзгеріссіз
жұмыс істейтін автомобиль жолдың түзу
бөлігінде, конькиші немесе жаяу жарысқа
түскен спортшы жүгіру аралығының орта
тұсында бірқалыпты қозғала алады.
Бірқалыпты қозғалыстабиғатта өте сирек
кездеседі.Пойыз орнынан қозғала
бастағанда өзара тең уақыт аралықтарында
оның жүрген жолының ұзындығы барған
сайын артып отырады. Ал келесі бекетке
келіп тоқтар алдында, керісінше, өзара
тең уақыт аралықтарында оның жүрген
жолының ұзындығы барған сайын кеміп
отырады.
Дене
кез келген тең уақыт аралығында әртүрлі
жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты
бірқалыпты
емес қозғалыс
деп атайды.
Әр түрлі
қозғалыстар арасындағы айырмашылықты
сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп
аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі.
Қай дене
уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын
ауыстырса, сол дененің жылдамдығы үлкен
болады.
Бірқалыпты
қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау
үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын
ауыстыруын сол уақыт аралыған бөлу
керек.
орын
ауыстыру
Жылдамдық
=
уақыт
υ
= S / t
бірқалыпты
қозғалыстың анықтамасына жүгінетін
болсақ, мұндай қозғалыстың жылдамдығы
–тұрақты шама.
Бірліктердің
халықаралық жүйесінде жылдамдықтың
бірлігіне секундына метр м/с
алынады. Бұл жылдамдық бір қалыпты
түзусызықты қозғалатын нүктенің 1с
ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын
білдіреді.Жылдамдықтың бағытын анықтауға
болады.(доппен көрсету)жылдамдық сан
мәнімен (модулімен) қатар бағыты бойынша
да сипатталады, яғни ол векторлық шама
болып табылады.
Жүрген
жолын анықтауға болады: S=υt
Сол
қозғалысқа кеткентуақыт таба аламыз:
t=
s/υ
Жылдамдық
бірлігіне м/с аламыз, бірақ кейде км/сағ
беріледі, сондықтан оны м/с айналдырумыз
керек.
Мысалы:
72 км-сағ-та неше м/с бар (ол үшін 1 км-1000
м,1 сағ -3600 с)
72*1000
/ 3600 с= 20 м/с
Физикада
есептің берілуін жазу және оны шығару
тәртібі мынадай:
Б
ерілгені
шешуі
S=
180 км υ
= S / t
υ
= 180/2,5 = 72 км/сағ
t=2.5
сағ жауабы: υ-72
км/сағ
υ-?
ІV.
Есептер шығару Оқулықтағы
мысалдарды қарастырып, карточка бойынша
жұмыс.
5-жаттығу
№1 ауызша Деңгейлік тапсырма А тобынан
№3,№6,№8.Б тобынан №1
V.
Пысықтау.
Бір
қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал
келтіріңдер.
Бір
қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал
келтіріңдер.
Қозғалыс
жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын
жазыңдар.
Жүрілген
жолды қалай өрнектеуге болады?
Қозғалыс
уақытын қалай анықтауға болады?
Жылдамдық
өлшем бірлігі қандай?.
VІ.
Қорытындылау.
VІ.
Бағалау.
VІІ.
Үйге тапсырма:
§17,18 оқуға анықтама жаттау, 5-жаттығу.
№2, №3.
15 мин
5 мин
1 сағ
30 км
12 км
36 км/сағ