7 сынып сайыс сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7 сынып сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныптар арасындағы өзін-өзі тану пәнінен сайыс сабақ топқа бөлу оқушыларды жарыстыру тапсырмалар арқылы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыс сабақ





«№14 жалпы білім беру орта мектеп» КММ

Тақырыбы: «Махаббатқа толы жүрек»

Өткізген: Муналбаева Г.А

Сынып: 7

Ақтау қаласы





Тақырыбы: «Махаббатқа толы жүрек»

Мақсаты: Оқушыларға ана махаббаты қадір қасиеті туралы түсінік беру;

Отанға,табиғатқа деген махаббат болу керек екенін дамыту;

Сабақ түрі: Сайыс

Сайыс кезеңдері:

  1. Тыныштық сәті;

  2. Танысу ойыны;

  3. Сұрақ жауап, әңгімелесу;

  4. Топтық жұмыс; (оны қорғау)

  5. Топпен ән айту;

  6. Санды таңдау ойыны

  7. Видео ролик қарау;

  8. Бір-біріне мақал жасыру;

  9. Анаға тілек;

  10. Қортынды бөлім;

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.



Танысу ойыны

Оқушылар шеңберге тұрады. Өз атына сын есім жалғап танысады.

Мысалы: Гүлзада-гүл;

Нұрбол- намысты,

Мадина- мейірімді;

Сұрақ – жауап

  1. Махаббат дегеніміз не?

  2. Кімдерге махаббат сыйлауға болады?

  3. Ана мен бала арасындағы махаббат болама?

  4. Достар арасында махаббат бар ма?

Топтық жұмыс

1 ТОП: Табиғатқа деген махаббат сурет салу;

2 ТОП: Анаға арнап сурет салу салу;

3 ТОП: Отанға арнап сурет салу;

4 ТОП: Достарымызға арнап сурет салу;

Топпен ән айту;

Ана туралы жыр

Санды таңдау

Shape1







  1. Ойдан өлең шығару;

  2. 2. Оқушы бірі біріне жумбақ қою;

  3. 20 ұпай қосылады;

  4. Ән айтады тобымен;

Дәйексөз

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынталандырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.



Мақал жасыру кезеңі

1 – 2 топқа мақал айтады, 2-3 топқа мақалды айтады. 1 – топтың мақалдың ішіндегі бір сөзге қатыстырып мақал айтады. Кезек - кезекпен жалғасады.

1 топ мыс: Енбек түбі береке.

2ші топ еңбекке қатысты мақалда 3 ші топқа кояды.

Анаға тілек

Shape2 Әрбір адам өзіне, ата-анасына,отанына,сүйіспеншілікпен қарайды. Сол сиякты ата-анаға деген

сүйіспеншілік

өте ерекше керекті сезімді білдіреді.



Қортынды бөлім: «Шам»

Өткен заманда 3 қыз анасымен өмір сүріпті. Күндердің бір күнінде ана сіз біздің қайсымызды жақсы көресің деп сұрайды. Анасы біраз ойданып, қолына шам алып оны былай түсіндіреді.

Мен осы шаммын,жанымдағы сендерге жылу беремін жарық беремін,жылымын дейді.

Келесі шамды өз шамының отымен жағып мынау менің тұңгышым дейді, ал енді қараңдар менің жарығым азайды ма? Деп сұрайды?

Қыздар: жоқ, деп жауап береді.

Ал енді мен келесі екінші шамымды өз отыммен жағып көрейін дейді. Әлі де өз жарығы азаймады. Анасы тұрып міне мына шам мен одан шыққан әрбір жарық сендерсіңдер! Барлық шамдар бірдей жанады сендерді де бірдей жақсы көремін деп жауап беріпті.

Ана сүйіспеншілігі шексіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
706
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі