7 сынып тәрбие сағатына арналған қысқа мерзімді жоспар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сынып тәрбие сағатына арналған қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әлия ерлігі- ұрпаққа үлгі» тақырыбында тәрбие сағатына арналған қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Тәрбие сағаты

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні: 09 01 2025

Пәні:

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Әлия ерлігі- ұрпаққа үлгі»

Сабақтың мақсаты

- Әлия Молдағұлова туралы мәлімет беру арқылы батырлық пен елжандылықты тәрбиелеу.

- Оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу, ел қорғаушы батырларымызға құрмет көрсету.


Құндылықтарға баулу

ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды сабаққа дайындау. Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеу.









Сәлеметсіздер ме оқушылар. Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастайық.

Тәуелсіздік ең алдымен ерге қымбат, ері бар елге қымбат.Қазақстанды әлем ең алдымен батыр ұл-қыздарымен тану керек.Әлия аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. «Батырдың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ» деген сөз бар. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында ел сүйсінерлік ерлік жасап, артына аңыз қалдырған жанның арманы, тілегі қандай болды десеңізші.

Әлия туралы бейнеролик көрсетіледі.




Мұғаліммен амандасады

Назарын сабаққа аударады

Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысады



Ойын: Кім жылдам. Оқушыларға бейнероликтен сұрақтар қойылады.

1.Әлия Молдағұлова кім

2.Қай жерде қашан дүниеге келген

3.Батырдың үш ескерткіші қайда орналасқан

4. Қай жылы өмірден өткен

5.Майдандағы сыңары кім

6. Қай жерде денесі жерленген

7. 45 жыл өмірін арнап зерттеген кім

Жарайсың!

Тамаша!

Керемет!



























Cлайд

Бейнеролик, Әлия портреттері.



























https://youtu.be/pQKU4_SVn14?si=Zx8BwYpIoaLvVrsQ





















Сабақтың ортасы

Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста болған екен. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Майдан даласында: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде? деген сұрақтарға - Мен Молдағұловамын. Қазақстандықпын. Жасым 17 - де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгелрік тапсырманы орындауға дайынмын деп қайсар мінезін көрсеткен екен.

Әлияның Сапураға 1943 жылы 28 шілдеде жазған хатынан үзіндіні Жасанды интеллект арқылы бейнероликтен тындатамын.

Әлия Молдағұлова 54 - ші атқыштар бригадасын 4 - ші батальонның 3 - ротасының мергені. Ұрыс басталғанға дейін оның есебінде өлтірілген 35 неміс болды. Ноовосокольники ауданының солтүстік жағында болған шайқастарда Молдағұлова асқан тұрақтылық, ержүректілік, батылдық көрсетті. Сапында әлия болған 4 - ші батальон жауды Казачиха ауылынан қуып Новосокольники – темір жолын кесіп, тастау бұйрық алды. Жауынгерлік қарсыласқан жау торабына лап қойды.

Ержүрек жауынгерді байқап қалған гитлершілер сол шақта борандатып оқ жаудырды. Әлия жараланып еттбетінен түсті. Әлия жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып қайтадан жүгіре жөнелді де бірінші болып жау траншеясына басып кірді.

4 - ші батальонның Әлия болған он қанаты түгелдеі атакаға шығып қысқа ғана ұрыстан кейін жаудың қорғаныш шебін бұзып өтті.

1944 жылдың 14 қаңтар айында Әлия Молдағұлова Казачиха түбінде ерлікпен қаза тапты.

1944 жылдың 4 маусым айында Совет Одағының Батыры атағын берді.









Бүгінде Әлия Молдағұлова есімімен аталатын теплоход, мектептер, бригадалар көптеп саналады. Е. Хасанғалиев «Әлия жаны», Мансур Сағатовтың симфониясы, Б. Аюхановтың балеті Әлияның есімін ғана емес оның ерлігін қастерлеп, аруағына риза болу емес пе?! Әлия туралы көптеген кинолар да түсірілді. Москвада, Ленинградта, Ақтөбеде, Қобдада, Астана, Новосокольники қалаларында Әлия Молдағұлова атындағы мұражайлар, көшелер бар.

















Әлия есімі- біз үшін өнеге, біз үшін мақтанышпен айта алатын, тарихта алтын әріптермен жазылған есім. Батырдың өзі өлсе де біз үшін есімі мәңгі өлген жоқ.

Аңыз ғұмыры жалғаса береді. Әлия жыр, Әлия- бейне..................

Оқушылар Әлияның Сапураға жазған хатын тыңдайды.

Ой бөліседі.















Ойын: Жұптық жұмыс. Оқушылар өздеріне берілген тақырыпқа ауызша мәтін құрап айтады

Бірінші қатардағы жұптарға Әлияның өмірі кезеңі

Екінші қатардағы жұптарға Әлияның ерлігі кезеңі

Үшінші қатардағы жұптарға Әлияның арманы кезеңі. Яғни оқушылар Әлияның арманы мен мақсатын өз қиялымен толықтырып, оның арманы орындалса қандай елде болатынын сипаттап айтады.

Сұрақтар: Оқушыларға слайдқа көрсетіп бірнеше сұрақтар жазамын.

1.Егер сен Әлия болсаң қиындықтармен қалай күресер едің?

2.Әлияға қандай кеңес берер едің?

3.Егер Әлияның орнында болсаң қандай шешім қабылдар едің?

4. Әлияның іс әрекеттерін қай тұрғыдан бағалайсың?


Хор: Роза Рымбаева «Әлия» әні



































































































https://youtu.be/w4KXoONhMpI?si=uUZeuhSeiL3pclJC

Сабақтың соңы



Кері байланыс

Әлия туралы 4-5 сөйлем ой толғау жазып сыныпта оқу.



Сабаққа кері байланыс береді





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі