Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сынып Тест сұрақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарлама үшін қажет Алматы "Атамұра" 2017ж Н. С. Бакина, Н. Т. Жанақова кітабы бойынша жасалған. 1-3 тоқсан аралығындағы тақырыптарға байланысты жазылған тест сұрақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

1. ХІҮғасырдың ортасында Шағатай ұлысының шығысында қалыптасқан мемлекет?

А) Әмір Темір мемлекеті Ә) Ақ Орда Б) Көшпелі өзбектер мемлекеті В) Ноғай Ордасы Г) Моғолстан

2. Шағатай хандығы екі жеке мемлекетке бөлінген мерзім?

А) ХІҮғ ортасы Ә) ХҮІІғ соңы Б) ХҮғ соңы В) ХҮІғ ортасы Г) ХҮІғ басы

3. Моғолстан билеушілері әулетінің негізін қалаушы?

А) Өзбек хан Ә) Жошы хан Б) Тоғылық Темір В) Меңгу хан Г) Тоқтамыс хан

4. Әмір Темірдің жорықтары салдарынан құлаған мемлекеттер:

А) Ноғай Ордасы Ә) Алтын Орда Б) Әбілқайыр хандығы В) Моғолстан Г) Ақ Орда

5. ХҮІ ғ басында Мауараннахрдағы билікке ие болған әулет?

А) Жошы әулеті Ә) Шағатай ұрпағы Б) Шайбани әулеті В) Тоқтамыс әулеті Г) Әмір Поладшы

6. Қазақстан аумағында моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде құрылған мемлекеттер?

А) Қыпшақ, Түркеш хандықтары Ә) Қарахан, Хазар мемлекеттері

Б) Ақ Орда, Әбілқайыр, Ноғай Ордалары В) Қимақ, Қарлұқ қағанаттары

7. Орда Ежен және оның мұрагерлерінің жерлері?

А) Шығыс Дешті Қыпшақ Ә) Батыс Дешті Қыпшақ Б) Жайықтан Кавказға дейін

В) Еділден Дунай сағаларына дейін

8. ХІҮғ соңы – ХҮғ басында Ақ Ордаға бірнеше рет баса көктеп енген билеуші?

А) Меңгу хан Ә) Әмір Поладшы Б) Өзбек хан В) Әмір Темір

9. Бату жорығының барысында Ертістен Дунайға дейінгі кеңістікке билік еткен әулет ұрпақтары

А) Шағатай Ә) Үгедей Б) Төле В) Кебек Г) Жошы

10. Алтын Орда хандарының ішінде бірінші болып исламды ресми дін етіп бекітіп, орталыққа тәуелсіз саясат жүргізе бастаған билеуші?

А) Өзбек Ә) Жошы Б) Берке В) Тоқтамыс Г) Бату

11. Алтын Ордадағы ханнан кейінгі тұлға?

А) Беклербек Ә) Жабғу Б) Бек В) Ноян Г) Басқақ

12. Атқарушы билік органы – диуан басшысының лауазымы?

А) Жабғу Ә) Уәзір Б) Бек В) Ноян Г) Басқақ

13. Батудың билік еткен кезеңі?

А)1230-1240жж Ә) 1238-1250жж Б) 1240-1262жж В) 1227-1255жж Г) 1232-1262жж

14. Әскери іс-қимылдар нәтижесінде Темучин керейіттерді, наймандар мен меркіттерді талқандаған мерзім?

А)1218-1223жж Ә)1203-1204жж Б)1220-1225жж В)1221-1226жж Г)1222-1225жж

15. Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияға жорыққа шығуына сылтау болған оқиға?

А) «Отырар опаты» Ә)Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Мұхаммед билігінің әлсіреуі Б) Монғолиядағы жұт В) Жошы ханның өлімі Г) Суяб опаты

16. Монғолдарда қабырға бұзатын тас және от лақтырғыш қарулардың пайда болуына себеп болған және бағынған ел?

А) Қытай Ә) Үндістан Б) Мауараннахр В) Қарахан мемлекеті Г) Иран

17. Түркілерге тау-кен ісінің, металл өндірісі мен қолөнердің дамуына ықпал еткен шикізатқа бай аймақ?

А) Жетісу Ә) Алтай Б) Маңғыстау В) Мауараннахр Г) Қашқария

18. Орта ғасырларда әлемнің төрт патшалығ туралы тұжырымдама қалыптасты, оыған байланысты Түркі қағанаттары патшалығының атауы?

А) солтүстіктегі жылқылар патшасы Ә) Оңтүстіктегі пілдер патшасы

Б) Батыстағы асыл заттар патшалығы В) Шығыстағы адамдар патшасы

Г) Патшалардың патшасы

19. Жібек жолы бойында жау мен дінді таратқандар?

А) Сириялықтар Ә) Арабтар Б) Византиялықтар В) Түргештер Г) Қарлұқтар

20. Араб, парсы, грек, үнді және түркі ғылымның жетістіктерін біріктірген әлемдік деңгейдегі ғалым?

А) Мұхаммед Хайдар Ә)Қ.Жалаири Б)М.Қашғари В)Әл-Фараби Г) Ж.Баласағұни

21. Алғаш рет жыл санау жүйесі туралы деректер, тригонометрия негіздері, астрономия мәселелері туралы айтылған Әбу Райхан Бируни еңбегі?

А) Құтты білік Ә) Азаматтық саясат Б) Бақытқа жету туралы В) Масғұд кестелері Г) Диуани Хикмет

22. Түркі тіліндегі алғашқы энциклопедиялық еңбек?

А) Ж.Баласағұни «Құтты білік» Ә)А.Йасауи «Диуани Хикмет» Б)М.Қашғари «Диуан лұғат ат-түрк» В)М.Хайдар «Тарих-и Рашиди» Г)Қ.Жалаири «Жәми-ат-тауарих»

23. түрік тілінде жазылған «Ақиқат сыйы» атты дастанның авторы?

А) А.Иүгнеки Ә) Қ.Жалаири Б) М.Қашғари В) М.Хайдар Г) Ж.Баласағұни

24. Араб әскерінің Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағына жорық жасаған мерзімі?

А) ХІғ басы Ә) ХІІғ басы Б) Хғ басы В) ҮІІғ басы Г) ҮІІІғ басы

25. Әбу Насыр әл-Фараби мен әл-Бируни өз еңбектерін жазған тіл?

А) Соғды тіл Ә) Қыпшақ тілі Б) Араб тілі В) Парсы тілі Г) Қазақ тілі

26. «Диуани Хикмет» еңбектерінің авторы?

А) М.Х.Дулати Ә) Ж.Баласағұни Б) М.Қашғари В) А.Йасауи Г) Қ.Жалаири

27. Археологтердің ең көне мешіттерді тапқан қалалары?

А) Кедер және Күлтөбе Ә) Испиджаб және Янгикент Б) Сайрам және Түркістан

В) Суяб және Тараз Г) Фараб және Алмалық

28. Бабаджа-қатын кесенесі салынған қала маңы?

А) Сайрам Ә) Испиджаб Б) Тараз В) Суяб Г) Түркістан

29. Сәулет өнерінің ескерткіші Айша-бибі кесенсі салынған мерзім?

А) ҮІІІ-ІХғғ Ә) ХІ-ХІІғғ Б) ІХ-Хғғ В) ҮІІ-ҮІІІғғ Г) ҮІ-ҮІІғғ

30. Қарахан күмбезді кесенесі орналасқан қала?

А) Суяб Ә) Испиджаб Б) Сайрам В) Тараз Г) Түркістан

31. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалардың тез қарқынмен өсу себебі?

А) Көшпелілердің отырықшылануы Ә) Табиғи өсім Б) Басқа мемлекеттерден келіп қоныстану В) Араб басқыншылығы Г) Монғол басқыншылығы

32. Жетісудың солтүстік-шығысында қала мәдениетінің жаңа шоғыры қалыптасқан мерзім?

А)ХІҮ-ХҮІғ басы Ә)Х-ХІІІғ басы Б)ХІІ-ХІҮғ басы В)ХІҮ-ХҮғ басы Г)ХІІІ-ХІҮғ басы

33. Х-ХІІғғ Ұлы Жібек жолы бойында пайда болған жаңа қалалар?

1)Сауран 2)Ашнас 3)Жент 4)Тараз 5)Күнгіт 6)Сығанақ 7)Сарайшық 8)Қарақорым

34. Ұлы Жібек жолы бойымен халықаралық сауданың жоғары деңгейде дамыған кезеңі?

А) ІХ-ХІІІғ басы Ә)ІҮ-ҮІғғ Б)ХІІ-ХІҮғғ В) ХІҮ-ХҮғғ Г) ХІІІ-ХІҮғғ

35. «Лазурит жолы» немесе «нефрит жолы» өмір сүрген кезең?

А) б.з.б. 3-2мыңжылдық Ә) ІҮ-ҮІғғ Б) ХІІ-ХІҮғғ В) ХІҮ-ХҮғғ Г) ХІІІ-ХІҮғғ

36. Ұлы Жібек жолының тұрақты дипломатиялық және сауда желісі ретінде жұмыс істей бастаған мерзімі?

А) ІҮғ Ә) ІІІғ Б) б.з.б ІІ В) Үғ Г) б.з.б. ҮІғ

37. Шығыс Еуропада қыпшақтармен байланыс орнатқан мемлекеттер?

1)Византия 2)Венгрия 3)Румыния 4)Русь 5)Хорватия 6)Польша 7)Грекия 8)Македония

38. ХІғ біріншші жартысынан ХІІІғ басына дейін Еуразияның бүкіл далалық аймағында билікке ие болған тайпалар одағы?

А) Түргештр Ә) Қыпшақтар Б) Керейіттер В) Қарлұқтар Г) Наймандар

39. Шығыс Қыпшақ бірлестігінің ордасы?

А) Янгикент Ә) Баласағұн Б) Сығанақ В) Отырар Г) Тараз

40.Қидан мемлекеті құлағанна кейін Найман мен Керейіт мемлекеттері құрылған жыл?

А) 1219ж Ә) 1141ж Б) 1208ж В) 1125ж Г) 1204ж


41. ХІғ соңында құрамына кере»іт пен наймандар енген мемлекет?

А)Ляо империясы Ә)Қарахандықтар мемлекеті Б)Хазар мемлекеті В)Моғолстан Г)Түрік қағанаты

42. Темучиннің беделін тоқтату мақсатында ұйымдастырылған құрылтайдың өткен жылы?

А) 1150ж Ә) 1201ж Б) 1217ж В) 1258ж Г) 1317ж

43. Керейіт мемлекетінің билеушісі?

А) Гурхан Ә) Хан Б) Қаған В) Гуньмо Г) Шаньюй

44. Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастарының қидандарды талқандаған жылы?

А) 1219ж Ә) 1141ж Б) 940ж В) 1125ж Г) 960ж

45. Қидандардың Жетісуға орнығып, жергілікті түркі тілдес тайпалармен араласқаннан кейінгі атауы?

А) Саманилер Ә) Түргештер Б) Қарлұқтар В) Қарақытайлар Г) Салжұқтар

46. Монғолиядан Шыңғысхан ығыстырған наймандардың Күшліктің басқаруымен Жетісуға келген жылы?

А) 960ж Ә) 1141ж Б) 1125ж В) 1219ж Г) 1208ж

47. Шыңғысханның шапқыншлығы қарсаңындағы Жетісу аумағындағы оқиғалар?

1) Исламның кеңінен дамуы 2) Христиандар көтерілістері 3) Өзара қырқыс соғыстар

4) Мұсылман көтерілістері 5) Иқталық жүйенің қалыптасуы 6) Сауданың қарқынды дамуы 7) Бүліктердің кең таралуы 8) Тәңіршілдіктің таралуы

48. ХІғ 30-жылдарының соңындағы Қарахан мемлекеті екі бөлігінің арасындағы шекаралық өзен?

А) Іле Ә) Әмудария Б) Ертіс В) Сырдария Г) Шу

49. Қарахандықтардың өзара қырқыстарын пайдаланған көшпелі тайпалар?

А) Керейіттер Ә) Қарақытайлар Б) Наймандар В) Қыпшақтар Г) Қарлұқтар

50. Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялаған жыл?

А) 751ж Ә) 1007ж Б) 950ж В) 860ж Г) 960ж

51. Қазақстан аумағындағы Қарахан мемлекеті кезеңіндегі басты оқиғалар?

1) Көшпелі түркілердің отырықшылануы белсенді түрде жүргізілді 2) Ислам мемлекеттік дін деп жарияланды 3) Соғды жазуы қабылданды 4) Иқталық жүйе қалыптасты 5) будда мемлекеттік дін д.ж 6) Христиан діні енгізілді 7) Көшпелілердің отырықшылануы тоқтады 8) Араб әліпбиі енгізілді

52. Түркілерде сақталып қалған дәстүрлі діни наным-сенім?

А) Ислам Ә) Будда Б) Тәңіршілдік В) Манихейлік Г) Христиандық

53. Түркілерде отбасы және балалардың қамқоршысы болып саналатын құдай?

А) Ұмай Ана Ә) Абсара Б) Кали В) Мария қыз Г) Афродита

54. Жетісу мен Орта Азияда жүзге жуық монастрь жұмыс істеп, мыңдаған монахтар болған мерзім?

А) ХІІ-ХІІІғғ Ә) Х-ХІғғ Б) ІХ-Хғғ В) ХІ-ХІІғғ Г) ҮІІ-ҮІІІғғ

55. Византия императорына түрік қағанының жолдау хатын алып келген елші?

А) В.Томсен Ә) Маниах Б) Күлтегін В) Білге Г) С.Малов

56. Алғашқы түркі қағандарының ерлік істері жазылып, 582ж орнатылған құлыптас?

А) Қащғар Ә) Бұғыты Б) Қарғалы В) Сақ Г) Ұйғыр

57. Руна әрпімен жазылған құлыптастар орнатылды?

А) Білге қаған мен Күлтегінге Ә) Мұқан мен Сүлікке Б) Үшлік пен Сақалға В) Қасым мен Жәнібекке Г) Бумын мен Иштемиге

58. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы қала мәдениетін өркендетуде маңызды рөл атқарды?

А) Салжұқтар Ә) Арабтар Б) Соғдылар В) Монғолдар Г) Хорезмдіктер

59. Жергілікті негізде қалыптасқан ортағасырлық қала мәдениетінің аймағы?

А)Жайық бойы Ә)Оңтүстік Қазақстан Б)Жетісу В)Батыс Қазақстан Г) Мауараннахр

60. Әкімшілік орталық қана емес, ірі сауда орны болған Суяб қаласы орналасқан алқап?

А) Іле алқабы Ә) Талас алқабы Б) Шу алқабы В) Ертіс алқабы Г) Сырдария алқабы

61.Түркілерді әлемдік тарих сахнасына шығарған сала?

А) Сауда Ә) Мал шаруашылығы Б) Егіншілік В) Металл өңдіру Г) Балық аулау

62. Талас және Шу алқаптарында егіншіліктің дамуын жеделдетуге себеп болғандар?

А) Монғолдар Ә) Соғдылар Б) Ғұндар В) Қыпшақтар Г) сарматтар

63. Дешті қыпшақ аумағына балбалдар орнатылған мерзім?

А) ІХ-Хғғ Ә) ХІІ-ХІІІғғ Б) Х-ХІғғ В) ҮІІІ-ІХғғ Г) ҮІІ-ҮІІІғғ

64. Қимақ қағанатының құрылу үрдісі аяқталған кезең?

А) ХІғ ортасы Ә) Хғ соңы Б) ІХғ ортасы В) ҮІІІғ соңы Г) ХІІғ басы

65. Қимақ мемлекетінің құрамындағы саны басым тайпа?

А) Қыпшақтар Ә) Түргештер Б) Қарлұқтар В) Саманилер Г) Оғыздар

66. Қимақ қағанатының құрылуы ІХғ ортасында мына мемлекеттің бірі құлағаннан кейін аяқталды?

А)Ұйғыр қағанаты Ә)Қарахандықтар мем-і Б)Хазар мем В)Моғолстан Г)Түрік қағанаты

67. ІХ-ХІғғ басында Еуразия тарихында маңызды рөл атқарған мемлекет?

А) Қыпшақ Ә) Қарлұқ Б) Оғыз В) Найман Г) Керейіт

68.985жылы Оғыз жабғуы Киев князі Владимирмен одақтасып, жеңіліске ұшыратқан ел?

А) Еділ Бұлғариясы Ә) Хазар қағанаты Б)Печенегтер В)Византия Г)Чернигов князі

69. ХІғ басында Оғыз мемлекетінің құлау себептері?

1) Салжұқтармен болған ұзақ жылғы соғыс 2) Қыпшақ тайпаларының соққысы

3) Әулеттердің тақ үшін күресі 4) Ауыр салықтарға қарсы көтерілістер

5) Ұлы Жібек жолы қызметінің тоқтатылуы 6) Қарақытайлардың басып кіруі

7) Араб басқыншылығы 8) Қытай жаулап алушылығына қарсы күрес

70.840 жылы жеңіліс тапқан тайпа?

А) Наймандар Ә) Қимақтар Б) Қыпшақтар В) Ұйғырлар Г) Оғыздар

71. 840 жылы Ұлы Далада қарлұқтар көсемнің иеленген жоғары лауазымы?

А) Хан Ә) Жабғу Б) Елтебер В) Шад Г) Қаған

72. Жетісуда түркілердің арабтарға қарсы күресі кезінде билік басына келген тайпа?

А) Қыпшақтар Ә) Қимақтар Б) Түргештер В) Қарлұқтар Г) Оғыздар

73. Жетісуда түргеш тайпаларының билігі орнаған жыл?

А) 744 жыл Ә) 751жыл Б) 704жыл В) 603 жыл Г) 940жыл

74. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы?

А) Суяб Ә) Тараз Б) Отырар В) Мыңбұлақ Г) Сығанақ

75. Білге қаған және оның інісі Күлтегін тұсында қайта өркендеген мемлекет

А) Қарлұқ қағанат Ә) Батыс Түрік қағанаты Б) Шығыс Түрік қағанаты В) Ұйғыр қағанаты Г) Түргеш қағанаты

76. 545 жылы түркілер тарих сахнасына шыққан кезде оларға елшілігі келген мемлекет?

А) Византия Ә) Қытай Б) Русь В) Парсы Г) Аштархан билеушілері

77. Бумын бастаған күрестегі оның басты жазуы?

А) Ғұндар Ә) Үйсіндер Б) Жужандар В) Монғолдар Г) Меркіттер

78. Орталық Азиядағы жаңа мемлекет – Түрік қағанаты пайда болған жыл?

А) 572 жыл Ә) 542 жыл Б) 532 жыл В) 562 жыл Г) 552 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
4912
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12