Материалдар / 7 сынып үйірме. Кестелі сурет тігу 2.docx

7 сынып үйірме. Кестелі сурет тігу 2.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып үйірме. Кестелі сурет тігу 2.docx
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Тамыз 2024
220
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 19-20

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Кестелі сурет тігу

Сабақтың мақсаты:

  • Кесте тігуге арналған маталармен және әртүрлі сұрыпты жіптермен танысады;

  • Кестелеу технологиясымен танысады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға,

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуғакөңіл бөлу қажет

(Ұ) Оқушылардан қоршаған ортадағы көркемдік жазбамен безендірілген бұйымдардың атауын сұрайды. Оларға сабақ тақырыбын анықтайтын сұрақтар қою

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





(Т) Оқушылар сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі кесте туралы түсінік

және оның түрлерімен танысады.

Кестенің түрлері

1. Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Бүгінгі сабағымызда қазақтың қолөнері – кесте түралы және кесте тігудің түрлерімен танысамыз. Кесте сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты іскерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдретімен бейнелеген ақыл парасаттарының жауһары. Сол кестелеу өнерін жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамытү біздің міндетіміз.
Қолөнер  – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырады. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне, этикалық талғамына  байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кесте дегеніміз – мата бетіне түскен сурет нұсқасын жіппен толтыру. Жалпы кесте тігу технологиясы табиғатпен байланысты. Қазіргі уақытта ғылыми- техникалық даму (кезеңінде) заманында кесте өнері ұмытылған жоқ, бұрыннан да танымал бола бастады. Қолмен кестелеу шыдамдылықты талап ететін шығармашыл іс. Онда өрнек немесе кескін қолмен ( инемен, бізбен және де іс машинасымен де) әр түрлі маталарға алуан түсті жүн, жібек жіптермен, сондай-ақ моншақтармен кестеленеді. Кестені киімді, тұрмыстық заттарды кестелеу үшін және сәндік панно ретінде қолданады. Шығармашылық көркемдік ерекшелігі, пішіні мен ою- өрнектің үйлесуі. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұранысының өсуі бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Кестені көңіл сызады , қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар.

Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері:

біз кесте, орыс  кестесі, әредік  кесте, шым  кесте, түкті кесте және т.б.

Сабақты кесте. Кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдаланылады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте түсетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек. Жіпті шығарып алған соң инені қайта шаншып, сосын оған алғашқы тігіске қанша жіп алынса, сонша жіп іліп алады. Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау және инені екінші, үшінші, одан кейінгі тігістерде алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру қажет.

Сабақты кесте

Барқыт тігісі. Кестенің бұл түрімен балалардың киімін әшекейлейді. Оның үстіңгі жағы айқасып келеді де, астынан параллель бағытта екі қатар тігіс түседі. Кестенің бұл түрімен кестелегенде жіптерді санап, есептеп отыру керек. Егер кесте тігінен тігілетін болса, онда материалдың екі шетінен параллель екі сызықты белгілеп алады. Қалың маталардан екі жіптен суыр керек. Кестелеу төменнен жоғары қарай басталады. Инені тігіп отырған адам өзіне қарай бағыттап шаншып отырады. Кестені 3-4 түрлі жіппен кестелеуге болады, тек жіптердің түсі бірін-бірі ашатындай, дұрыс таңдалуы қажет.

Барқыт тігісі

Біз кесте  шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңдейде дамыған. Біз кесте – кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан әрі өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеге матаға сызылған ою–өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырады. Қалған бөліктері фон ретінде қалады. Біз кесте шымылдықтың басына, жарғақ шалбардың басына, жұқа шапанның, шекпеннің өңіріне тігіледі.

Біз кесте

Санап кестелеу деп аталатын кестені жіп оңай суырылатын матаға кестелейді. Бұл тігіс әдетте тік сызық бойына түсіріледі.

Санап кестелеу

Айқас тігіс – кесетенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс. Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне, матаның қалыңдығына байланысты. Кестелеу барысында үстіңгі негізгі тігістің бір бағытта түсіп отыруын бақылау керек. Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады. Бір түсті жіппен кестелеген кезде көбінесе басқа түсті жіппен жиіектеліп отырады. Бұл кестені үш түрлі тәсілмен тігуге болады.  1 – тәсіл – матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бір қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырылып тігіледі, сосын осылай кері бағытта қайталанады:

Айқас тігіс

2 – тәсіл – матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру. Оңнан солға қарай тұтас айқас тігіс тігіледі. Сосын теріс жағынан инені сол жаққа қарай өткізіп, араға бір бүтін айқас тігіс қалдырады да, инені оң жақ бетіне шаншып шығарады.

Айқас тігіс

3 – тәсіл-көлбеу айқас тігісі. Кестелеуді төменнен жоғарыға қарай бастау керек.

Айқас тігіс

Шым кесте – сурет бойынша кестелеу. Кестенің бұл түрін кез келген матаға түсіруге болады.Оның бірнеше түрі бар.

Бір жақты тығыз кесте (“верхошов” немесе “владимир кестесі”) – мұндай кестемен жастық тысына, дастарқанға т.б. өсімдік сабақтарын, гүлін, жапырағын салып кестелейді. Мұның бір өзгешелігі, тігілген кестенің тігістері түгелдей матаның оң жақ бетіне түседі, ал теріс жағынан матаның небәрі бірнеше жібі ғана іліп алынады. 6 қабатталған мулине жіппен немесе жүн жіппен тігіледі. Әдете, қызыл жіпке көк, сары, жасыл және ақ жіпті үйлестіріп алады. Бұл кестенің тігістері біріне-бірі тым тақау түспейді. Оң жақ бетіне негізгі сурет түседі, ал теріс жағына сурет нұсқасының бойымен көктелген сияқты бір қабат тігіс түсіп отырады.

Бір жақты тығыз шым кесте

Түйіндеу кесте (гүлдің және жапырақтың кей жерлерін осылайша кестелейді) – инені матаға шаншып, оған жіпті бірнеше рет орайды (түйіннің размеріне байланысты), сосын жіпті сол қолдың бас бармағымен басып тұрып, ілмектің үстінен тартып алады да бекітеді;

Түйіндеу кесте

Орыс кестесі – бұл кесте “инені алға салу” әдісімен матаның түзу жібі бойымен тігіледі, инені оң жағынан 1 мм жерден өткізеді. Өрнектің бәрін бір бағытта түсетін тігіспен тігеді. Иненің жанындағы тігістің ортасына таман шаншып, келесі қатардың тігісін түсіреді. Кестелеген кезде тігістердің арасынан мата көрінбейтіндей етіп кестелейді. Ол үшін тігістердің арасы өте жиі болуы тиіс (бос ширатылған жіппен тіккен дұрыс). Орыс кестесімен ақ сары және сұр түсті маталарды ақ жіппен кестелейді. Сондай-ақ жастық, жастық тысына, дастарқанға, т.б. ұсақ тор көздермен үйлестіріп, әдемі кестелер төгеді. Матаға тор көзді жасау үшін тор көз түсетін жердің бір шетінен келесі шетіне дейін жіпті шаршылап таратып, жіптердің қиылысқан жерін ұсақ көлденең тігістермен бекітеді.

Орыс кестесі

Кесте тігу үшін қажетті құрал-жабдықтар:

1. Матаны жылы сумен жуады.Мата отыруы керек.

2. Матаның шеті сетінемеу үшін оның жиегін қайшымен қияды немесе тігіспен бастыруға болады.

3. Матаның бетіне кесте суреті түсіріледі.

4. Матаның өлшемдері кесте шарғысына сәйкес керілуі тиіс.

5. Шарғы диаметрі 15 см немесе 25 см болуы керек. Сурет салынған мата екі шарғының арасына бекітіледі. Мата бұранда арқылы керіліп тартылады.

6 .Кестелеуге мулине жібін пайдаланыңдар.Олардың әр түрлі түсін таңдап алыңдар.                    

 7. Барлық нәрселер өз орнында болуы тиіс.Кесте тігетін матаны құрал-саймандар мен жіптен бөлек ұстаңдар.Матаның әрбір бөлігін полиэтилен пакетке сақтау керек.

Жұмыс басталардың алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары:

1) инені ауызға салуға болмайды;

2) ине, жіп, қайшыны арнайы қобдишада сақтауы керек.

3) қайшыны сабы жағымен ұсыну керек;

4) тот басқан инемен кесте тігуге болмайды;

5) жұмыс басталарда инені санап қою керек;

Шығармашылық жұмыс

Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу

Бекіту:    

«Көрме» байқауына  тапсырмалар бойынша берілген суреттер бойынша   кестені   тігіп, көрмеге қою.

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындап, отырған оқушыларды білім деңгейлеріне қарай бағалау.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі






Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

Кесте тігуге арналған маталармен және әртүрлі сұрыпты жіптермен танысады;

Кестелеу технологиясымен танысады.

https://oqu-zaman.kz/?p=27035


Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушылар сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек?

1:

2:




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ