Материалдар / 7 сыныпқа арналған деңгейләк тапсырмалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 сыныпқа арналған деңгейләк тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу құралындағы есептер оқушылардың физикалық құбылыстың сипатын ұғыну, оны анықтау дағдысын қалыптастыру мақсатында іріктеліп алынған. Сапалық есептер оқушылардың теориялық білімін тексеріп қана қоймай, олардың осы білімдерді жаңа жағдайда қолдану біліктілігі мен дағдысын меңгеруіне ықпал етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
27609
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қ. Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебі



Әдістемелік құрал







Тақырыбы: «Физика пәнінен жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған деңгейлік тапсырмалар жинағы»









Павлодар 2016









Құрастырушы: Сламханова Алима Нурлыбековна



12 жалпы орта білім беру мектебінің

физика пәні мұғалімі





Алғы сөз



Ұсынылып отырған оқу құралы физика оқулығының негізгі мазмұнын қамтиды. Оқу құралындағы есептер оқушылардың физикалық құбылыстың сипатын ұғыну, оны анықтау дағдысын қалыптастыру мақсатында іріктеліп алынған. Сапалық есептер оқушылардың теориялық білімін тексеріп қана қоймай, олардың осы білімдерді жаңа жағдайда қолдану біліктілігі мен дағдысын меңгеруіне ықпал етеді.

Жаттығулар күрделілігі деңгейіне қарай А, В, С деп ерекшеленген. Есептерді осылай орналастыру оқушылардың тапсырмаларды деңгей бойынша таңдап алуына мүмкіндік туғызады.

Ұсынылып отырған тапсырмалардың барлығын бірдей оқушылар мен мұғалімдер қолданбауы мүмкін. Дегенмен ұсынылған тапсырмалардың қажеттісін ғана қолданған жағдайдың өзінде де оқушылардың білімін оқу құралының көмегі тиер еді.


Есеп шығару мысалдары


Розеткаларға 37,5 кН күшпен әсер ете отырып арнаулы кеспелтектермен престейді. Розетканың ауданы 0,0075 м2.  Розеткаға қандай қысым түседі?

Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі

F=37,5кH

37,5*103Н

р= 37,5*103H/0,0075м2 =5000*103 Па=5000 кПа

S=0,0075м2




р -?





200см2 ауданға түсірілген күш 100Н мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі

Ғ=100Н


S=200cм2


0,02 м2



Р-?





Күш 200 Н, ал ауданы 2, 5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта.

Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі

F=200H


P= 200H/2. 5 м2 =80 Па

S= 2, 5 м2




P -?





Бетке 3кН күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?

Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі

F=3kH

3000H

S=3000H/2Па=1500 м2

P=2Па



S -?





Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?


Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі

Р=2кПа


F=45кН



S-?






Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780 Н.Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95м, ал ені 6 см.Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын табыңдар

Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі

P= 780H


S=2*1.95м*0.06м=0,234м2

a=1.95 м


S=2ab

Р=780Н/0,234 м2=3 кПа

b=6 см

0,06 м

F=P


P-?





Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 0,2м2. Оның топыраққа түсіретін қысымы қандай?

Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі

m=6000кг


F= 6000 кг · 10 Н/кг = 60000 Н

S=0,2м2


F=mg

р = 60000Н/ 0,2 м2= 300000 Па = 300 кПа

Р-?





Шаңғышының шаңғымен қосқандағы массасы 70 кг. Екі шаңғы тіректерінің ауданы 3500см 2 тең. Шаңғышының қар үстіне түсіретін қысымын есептеңдер.

Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі

m=70кг


F=70кг*9,8Н/кг≈700Н

S=3500см2

35*10-2м2

F=mg

р = 700Н/ 35*10-2м2= 2000Па=2кПа

p-?





Шынжыр табанды ДТ-75М трактордаң массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4метр квадрат.Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.


Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі


m=6610 кг


Р=10Н/кг*6610 кг= 66100Н


S=1.4 м2


F=P

Pтр-=66100Н/1,4м2=472114,3 Па


g=10 Н/кг


P=mg



Pы =15 кПа

15000Па




Pтр-?






Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?

Берілгені

ХБЖ

Талудауы

Шешуі

р=300 кПа

300000Па

S=1500 cм2

0,15 м2


Р-?



Ғ=Р



А тобының есептері



  1. Төменде санмен берілген қысымдардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші: 6 кН/м2, 60 Н/см2, 600 Па?

  2. Стақанға биіктігі 10см сынап құйылды. Стақан түбіне түсетін қысымды есепте.

  3. Массасы 60000кг танктың Жерге түсіретін қысымын анықта,оның шынжыр табанының ауданы 1,5 м2.

  4. Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 200 см3. Оның топыраққа түсіретін қысымы қандай?

  5. Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?

  6. Биіктігі 0,6м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (ρ=800кг/м3)

  7. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см² болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

  8. Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000 см2. Оның топыраққа түсіретін қысым қандай

  9. 400см² ауданға түсірілген күш 200Н-мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

  10. 200 см² ауданға түсірілген күш 100 Н-мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

  11. Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге 100 кПа қысым түсіретін болса, өлшемдері 60см х 80см болатын үстел бетіне қандай күш түсірер еді?

  12. Массасы 80кг адамның аяқ киімі табанының ауданы 60см² болатын болса, онда ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді? Егер осы адам Айда тұрса, оның Ай бетіне түсіретін қысымы өзгере ме?

  13. Шаңғы үстінде тұрған спортшының массасы 78кг, ал шаңғысының әр сынары-ның ұзындығы 1,95м, ені 8см. Шаңғы қарға қандай қысым түсіреді?

  14. Көлемі 6м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5м² болса, ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді?

  15. Гидравликалық таптауыштың кіші поршенінің ауданы 10см². Оған әсер ететін күш 200Н. Үлкен поршеньнің ауданы 200см². Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

  16. Ауданы 180см² гидравликалық таптауыштың поршені 18кН күшпен әсер етеді. Кіші поршеньнің ауданы 4см². Кіші поршень таптауыштағы майға қандай күшпен әсер етеді?

  17. Гидравликалық престің ауданы 2 см2 кіші поршені түсірілген күш әрекетіне 16 см-ге төмен түсті. Үлкен поршеньнің ауданы 8 см2.

  18. 400 см2 ауданға түсірілген күш 100 Н-мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

  19. Массасы 200 кг, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта

  20. Бетке 30 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

  21. Сыпайы пілдің массасы 6 т, аяғының табан ауданы 0,1 м2. Қысымын есепте.

  22. ЖҰМ-3 машинаның массасы 18700 кг, ал табан ауданы 6 м2. Қысымын есепте.

  23. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.

  24. 0,2м2 ауданға 8кПа қысым әсер етеді. Осы ауданға қанша күш беріледі?

  25. 300 мауданға  түсірілген күш 100Н -мен әсер ететін  болса ,қысым қандай болар еді?

  26. Бізді қоршап тұрған  ауа барлық денеге  .100кПа  қысым  түсіретін болса  , өлшемдері 60*80м  болатын  үстел бетіне қандай күш  түсірер еді?

  27. Массасы 80кг  адамның аяқ киімі  табанының ауданы 60 см болатын болса  онда  ол Жер  бетіне қандай  қысым түсіреді ?

  28. Шаңғы үстінде  тұрған  спортшының  массасы   78 кг  қысымы  85 кПа  Шаңғы қарға  қандай аудан  түсіреді?

  29. Көлемі  6 м гранит  тығыздығы 2600кг/м3 бағанасының  табан ауданы 1,5 м2  болса  ол .Жер  бетіне қандай қысым түсіреді?

  30. Гидравликалық таптауыштың кіші  поршенінің ауданы  10м2..Оған әсер ететін  күш 200Н .Үлкен  поршеньнің ауданы 200м2 .Үлкен поршеньге  қандай күш әсер етеді ?

  31. Гидравликалық таптауыштың кіші поршені 500Н күштің әсерінен 15см төмен түсті. Бұл жағдайда ұлкен поршень 5см-ге көтерілді. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

  32. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.

  33. Гидравликалық таптауыштың кіші поршенінің ауданы 5см², үлкен поршенінің – 500см². Кіші поршеньге 400Н, үлкен поршеньге 36Н күш әсер етеді. Бұл таптауыш күштен қанша ұтыс береді?

  34. Ауданы 2 м2 болатын гидравликалық машинаның поршеніне 800 Н күш әсер етеді. Осы машинаның ауданы 8 м 2 болатын үлкен поршеніне қандай күш әрекет етеді?

  35. Гидравликалық машинаның ауданы 60см2 үлкен поршені салмағы 3000Н жүкті көтереді. Кіші поршеннің ауданын табыңдар, егер оған әсер етуші күш 200Н болса.

  36. Гидравликалық престің кіші поршені 600 Нкүштің әсерінен 20см төмен түсті. Бұл жағдайда үлкен поршень 6см-ге көтеріледі. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

  37. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 15см2 , оған 215Н күш әрекет етеді. Үлкен поршенінің ауданы 180см2, үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

  38. Ыдыстағы су бағанының биіктігі 8см. Су ыдыстың түбіне қандай қысым түсі-реді? Осы деңгейде құйылған сынап қандай қысым түсіреді?

  39. Биіктігі 32см, ұзындығы 50см және ені 20см аквариумға ернеуінен 2см төмен су құйылса, онда оның: а) түбіндегі қысымы; ә) құйылған судың салмағы қандай болады?

  40. Мұнай толтырылған цистернаға 4 м тереңдікте, ауданы 30 см² шүмек бекітілген. Мұнай шүмекті қандай күшпен қысады?

  41. 1 мм. сын.бағ. қанша Паскальға тең? 760 мм. сын. бағ. қанша Паскальға тең?

  42. Атмосфералық қысым 750 мм.сын.бағ. тең. Торричелли түтікшесіндегі сынап бағанының биіктігін есептеңіз.

  43. Барометр тау бөктерінде 98642 Па, ал тау шыңында 90317 Па қысымды көрсетеді. Осы деректерді пайдаланып, таудың биіктігін анықтаңдар.

  44. Платформадағы барометр 863 мм.сын.бағ. көрсетіп тұрса,метро бекетінің орналасу тереңдігін анықтаңыз. Метроға кіре берістегі қысым 760 мм.сын.бағ. 

  45. Атмосфералық қысым 750 мм.сын.бағ. тең. Торричелли түтікшесіндегі сынап бағанының биіктігі. 

  46. Ыдыстағы су бағанының биіктігі 8 см. Су ыдыстың түбіне қандай қысым түсіреді?

  47. Биіктігі 7 см күнбағыс майының ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есепте. Ыдыстағы күнбағыс майының тығыздығы 930 кг/м3.

  48. Теңіз түбінде 60м тереңдікке түскен сүңгуірге әсер ететін қысымды есептеңіз.

  49. Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.

  50. Биіктігі 5 см цистернаға керосин құйылған. Керосиннің цистерна түбіне түсіретін қысымын есептеңіз.

  51. 12 м тереңдіктегі судың қысымын есепте. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

  52. Тығыздығы 1000 кг/м3 сұйықтықтың ішіндегі, 200 мм тереңдіктегі қысымыды анықтаңыз.

  53. Деңгейі түбінен 10 м биіктікте болатын ыдыстағы мұнай ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?

  54. Тығыздығы 1000 кг/м3 сұйықтықтың ішіндегі, 200 мм тереңдіктегі қысымы. 

  55. Ұзындығы 1,2 м, ені 9 см және қалыңдығы 0,05 м тік бұрышты білеушенің көлемін тап.

  56. Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.

  57. Көлемі 10 дмгранит тас өзен түбінде жатыр. Оны суда, ауада көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?

  58. Көлемі 4 мбетон суға толық батырылған. Оған су тарапынан әрекет етуші Архимед күшін тап?

  59. Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына қандай қысым түсіреді?

  60. Биіктігі 0,5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?

  61. Көлемі 8м3 темір бағананың табан ауданы 2 м2 болса, ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?

  62. 100м2 ауданға10 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар

  63. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см² болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

  64. Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына қандай қысым түсіреді?

  65. Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.

  66. Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш  бөрене қанша суды ығыстырып шығарады?

  67. Массасы 200 кг, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта

  68. Стақандағы сүт бағанының биіктігі 7 см. Сүттің стақанның түбіне қандай қысым түсіреді?

  69. Массасы 200 кг, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта

  70. Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2 , түсіретін қысымы 300 кПа екенін біліп, әрекет ететін күшті анықта.

  71. Теңіздің 10900 м тереңдіктегі қысымын есептеңдер.

  72. Деңгейі түбінен 9,5 м мұнайдың бак түбіне түсіретін қысымын есептеңдер.

  73. Судың, керосиннің, сынаптың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.

  74. Гидравликалық таптауыштың кіші поршенінің ауданы 10 см2. Оған әсер ететін күш 200 Н. Үлкен поршеннің ауданы 200 см2. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді?

  75. Массасы 200 кг, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта?

  76. Бетке 30 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

  77. Гидравликалық претің поршенінің ауданы 180 см2, ол 18 кН күшпен әсер етеді. Кіші поршеннің ауданы 4 см2. Ол престі қандай күшпен қысады?

  78. Массасы 600кг доңғалақты тегістегіш тіреуіштің ауданы 2000см2. Ол топыраққа қандай қысым түсіреді?

  79. Массасы 10т трактордың екі шынжыр табанының ауданы 2м2. Бұл трактордың топыраққа түсіретін қысымын табыңыздар.

  80. Көлемі 20 м3 шар-зонд сутегімен толтырылған. Оған әрекет ететін Архимед күшін есептеңдер. Атмосфераның тығыздығы 0,414 кг/м3.

  81. Суға көлемі 115 см3 тас тасталды. Осы тасқа әрекет ететін кері итеруші күш неге тең?

  82. Суға 100 см3 болатын дене батырылған.Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.

  83. Көлемі 10 см³ дене судан қандай күшпен кері көтеріледі?

  84. Көлемі 4 м3 бетон суға толық батырылған. Оған су тарапынан әрекет етуші Архимед күшін тап.

  85. Керосинде көлемі 2см³ дене қандай күшпен кері итеріледі?

  86. Дене суға батырылғанда 120см³ сұйықты ығыстырып шығарады. Осы денеге әсер ететін Архимед күші неге тең?

  87. Ауа шарының көлемі 600м3. Оған әсер ететін архимед күшін табыңдар.

  88. Суға толық батырылған көлемі 1дм³ тығынға әсер ететін Архимед күшін анықтаңдар. ρ= 240кг/м³.

  89. Кез келген газда денеге әсер ететін кері итеруші күш сол денеге сұйықтықта әсер ететін кері итеруші күштен неліктен бірнеше есе аз?

  90. Көлемі 0,4 м³ болатын дене суға жартылай батырылған. Денеге әсер ететін Архимед күші қандай?

  91. Көлемі 0,004 м³ гранит тасы ауаға қарағанда суда қандай шамаға жеңіл болады?ρ = 1,29 кг/м³; ρ = 1000кг/м³.

  92. Су астындағы массасы 30 кг, көлемі 0,012 м³ тасты көтеру үшін, оған қандай күш жұмсау керек?

  93. Суда қалқып жүрген ағаш білеуше көлемі 0,72 м³ суды ығыстырады. Оны толығымен суға батырсақ, онда ол судың 0,9 м³ көлемін ығыстырып шығарады. Білеушеге әсер ететін кері итеруші күштерді есептеп шығарыңдар. Бұл күштердің неге әр түрлі болатынын түсіндіріңдер.

  94. Білеушелердің біреуінің өлшемдері: ( 2х5х10)см. Екінші білеушенің өлшемдері одан 10 есе артық (0,2х5х1,0)м. Осы білеушелерді керосинге және тұщы суға толы-ғымен батырғанда оларға әсер етуші Архимед күштерін есептеңдер.

  95. Толығымен суға батып тұрған тығынға 49Н Архимед күші әсер етеді. Тығынның көлемі қандай? ρ= 240кг/м³.

  96. Судағы көлемі 100см³ білеуше ағаш пен көлемі сондай темір нәрсеге әсер ететін итеруші күштер бірдей ме?

  97. Судағы денеге 2700 мН Архимед күші әсер етеді. Осы дене спиртте қандай күш-пен кері итерілер еді?

  98. Массасы 100кг бөрене судың бетінде қалқып жүр. Бөренеге әсер ететін судың көтеруші күші қандай?

  99. 400Н Архимед күші әсер ететін дене суға толық батырылған. Осы дененің көлемі қандай?

  100. Массалары бірдей болат шар мен болат пластинка толығымен суға батырылған. Осы екеуіне әсер ететін кері итеруші күштердің шамасы бірдей ме?

  101. Суға толығымен батырылған денеге 2700 мН Архимед күші әсер етеді. Егер осы денені толығымен керосинге батырса, қандай күшпен ығыстырар еді?

  102. Серіппелі динамометрге (Ньютонмен бөлінген) массасы 1кг, көлемі 130 см³ жүк ілулі тұр. Егер жүкті суға батырса, динамометр нені көрсетер еді? Бензинге батырса ше?



Б тобының есептері



  1. Керосиннің ішінде, оның деңгейінен 400 мм биіктікте тығын тұр. Егер тығынның ауданы 16 см2 болса, осы тығынға керосин қандай қысым күшін түсіреді? (ρ=800кг/м3).

  2. Төртбұрышты шыны ыдыстың табанының ұзындығы 50 см, ені 20 см. Осы ыдысқа 5 л су құйды. судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? (ρ=1000кг/м3).

  3. U тәрізді қатынас ыдысқа су құйылған. Егер қатынас ыдысының бір жағына массасы 8 кг керосин құйылса, сол жағындағы су бағаны қандай биіктікке көтерілер еді? Қатынас ыдыстың көлдеңен қимасының ауданы 2 мм2. (ρсу=1000кг/м3кер=1000кг/м3).

  4. Гидравликалық машинаның кіші поршеньіне 150Н күш әсер еткенде, ол 8 см төмен түседі. Ал үлкен поршень 1 см көтерілгенде оған әсер ететін күш қандай?

  5. Әрқайсысының диаметрі 0,04 м екі түтіктен тұратын қатынас ыдыстың түтігінің біреуіне көлемі 0,25 л су, екіншісіне көлемі 0,025 л сынап құйылды, әр түтіктегі сұйықтардың биіктіктері қандай болар еді? Иілген жердің көлемі ескерілмейді. (ρсу=1000кг/м3сын=13600кг/м3)

  6. Бетке 50 кН күш түсіріп 1 кПа қысымды қалай алуға болады?

  7. Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95м, ені 8 см. Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?

  8. Бөлменің еденіне түсетін атмосфералық қысым 400 кПа.Бөлменің төбесі мен қабырғасына түсіретін атмосфералық қысым.

  9. Салмағы 150Н, ауданы 3м2 кілем еденге қандай қысым түсіреді.

  10. Асфальт төсеуде қолданылатын жол тегістейтін каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300 кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?

  11. Адам суда 9м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың Массасы 480кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2м ені 0,8м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта.қысымын есепте. (ρ=1000кг/м3)

  12. Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына қандай қысым түсіреді?

  13. Егер табанының ауданы 1,5 м2,көлемі 6 м3 болса, мәрмәр бағана топыраққа қандай қысым түсіреді?

  14. Мрамордан жасалған бағанның көлемі 6 м3, баған табанының ауданы 1,5м2 болса, топыраққа қандай қысым түсіреді?

  15. Шаңғышының шаңғымен бірге массасы 70кг. Екі шаңғының ауданы 2300см2. Шаңғышының қарға әсер ететін қысымын есепте.

  16. Массасы 25кг бала шаңғы үстінде тұр. Шаңғының ұзындығы 1,5м, ені 10см болса, бала қарға қандай қысым түсіреді?

  17. Ыдыстағы су бағанының биіктігі 8см. Су ыдыстың түбіне қандай қысым түсіреді? Осы деңгейде құйылған сынап қандай қысым түсіреді?

  18. Автомобильдің массасы 1800кг, оның доңғалақтарының жолға жанасатын ауданы 800см². Автомобильдің жолға түсіретін қысымы неге тең?

  19. Түбінің ауданы 20х30 см² тік төртбұрышты ыдысқа 50см-ге дейін керосин құйылған. Ыдыстың түбіне түсірілген қысым күшін және керосиннің қысымын анықтаңдар.

  20. 3 кН күш 600 см2 ауданға бірқалыпты әрекет етеді. Сондағы қысымы күштін және бір шаршы метрге түсетін қысымды есептеп шығарыңдар.

  21. 10 балдық дауыл желінің тосқауылға түсіретін қысымы 1100 Па, ауданы 24 м² үй қабырғасына желдің түсіретін қысым күші қандай?

  22. Массасы 5 кг кір тасы үстел үстінде тұр. Кірдің табанының диаметрі 5 см болса, үстел бетіне қандай қысым түсірер еді?

  23. Дөңгелектің рельспен жанасу ауданы 4 см² деп алып, массасы 32 т жүк тиелген төрт осьті вагонның рельске түсіретін қысымын есептеп шығар.

  24. Егер барлық доңғалақтың түсірген қысымы 3*109 Па, ал вагонның массасы 60 т болса, вагонның әрбір 8 доңғалақтың рельспен жанасатын ауданы қандай?

  25. Цилиндр ыдысқа сынап, су және керосин құйылған. Осы сұйықтардың көлемдері тең, ал керосиннің жоғары деңгейі ыдыс түбінен 12 см биіктікте болса, онда сұйық-тардың ыдыс түбіне түсіретін жалпы қысымы қандай?

  26. А
    уданы 2 см² гидравликалық таптауыштың кіші поршені күштің әсерінен 16 см төмен түсті. Үлкен поршеньнің ауданы 8 см²: а) кіші поршеньге 200Н күш әсер ет-кендегі поршень көтерген жүктің салмағын; ә) жүктің қандай биіктікке көтерілгенін анықтаңдар.

  27. Гидравликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 4 см, ал үлкен цилиндрінің диаметрі 50 см. Бүл машина күштен қандай ұтыс береді?

  28. Сынап бағанасының қысымы Жермен салыстырғанда, Айда және Марста қалай өзгереді? g= 1,6 H/кг; g= 3,86 H/кг.

  29. Қалыпты атмосфералық қысымға тең болу үшін, керосин бағанының биіктігі қандай болуы керек?

  30. Бірдей үш ыдысқа деңгейлері бірдей су, спирт және бензин құйылған. Олардың ыдыс түбіне түсіретін қысымдары бірдей ме?

  31. Америка және Ресей ғарыш кемелері («Викинг» пен «Марс») Марс планетасының бетіне барып қонды. Олар ондағы атмосфералық қысым 700 Па екендігін анықтады. Бұл қысым Жер бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымнан қанша есе кіші? Марстағы сынапты барометрдің биіктігін анықтаңдар.

  32. Қатынас ыдыстарда сынап және су бар. Су бағанасының биіктігі 68 см. Сынап бірдей деңгейде болу үшін, қатынас ыдыстардың сол жақ тармағына қандай биіктік-те керосин құю керек?

  33. U-тәрізді түтікке су құйылған, h=30см. Егер ыдыстың сол жағына толтыра керосин құйылса, ол қандай биіктікті алады?

  34. Оқушы бөлме барометрі бойынша атмосфералық қысымның 749 мм сын. бағанына тең екендігін анықтады. Бұл нәтижені бірнеше қабат төменде тұратын екінші оқушының өлшеуі арқылы алынған нәтижемен салыстырғанда айырмасы 2 мм сын. бағ. болғандығы байқалған. Екінші оқушының пәтерінде барометр қандай қысымды көрсеткен?

  35. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын тап.

  36. Мұнай толтырылған цистернаға 4 м тереңдікте, ауданы 30 см2 шүмек бекітілген. Мұнай шүмекті қандай күшпен қысады?

  37. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.

  38. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін анықтандар.

  39. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см² болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

  40. Көлемдері бірдей 100 м3 ағаш білеуше мен темір білеушеге суда әрекет ететін кері итеруші күштері бірдей ме?

  41. Табанының ауданы 300см2 кастролге 3,9 л су құйылса, столға қандай қысым түсіріледі.

  42. Бетке 30 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

  43. Массасы 56 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,85 м, ал ені 0,1 м. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?

  44. Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2 , түсіретін қысымы 300 кПа екенін біліп, әрекет ететін күшті анықта.

  45. Егер табанының ауданы 15 м2, массасы 60 кг болса, мәрмәр бағаны топыраққа қандай қысым түсіреді?

  46. Массасы 6 т жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы қандай болған, егер оның топыраққа түсіретін қысымы 3кПа болса.

  47. Массасы 58 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 0.2м. Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?

  48. Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0,1 м2. Бұлвагонның массасы 300кг болса, ол жерге қандай қысым түсіреді

  49. Стақандағы май бағанының биіктігі 4 см. Май стақанның түбіне қандай қысым түсіреді?

  50. Биіктігі 0,5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?

  51. Бетке 30 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

  52. Массасы 56 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,85 м, ал ені Цилиндр ыдысқа бензин құйылған. Бензиннің цилиндр түбіне түсіретін қысымы 16320 Па. Цилиндрдегі бензиннің бағанының биіктігін есептеңіз.

  53. Цилиндр ыдысқа май құйылған. Цилиндрдегі майдың бағанының биіктігі 12 см. Майдың цилиндр түбіне түсіретін қысымы 1093 Па. Майдың тығыздығын есептеңіз.

  54. Стақанға су құйылған. Су стақанның түбіне 0,8 кПа қысым түсіреді. Стақандағы су бағанының биіктігін есептеңіз.

  55. Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 8 см. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?

  56. Көлемі 6 м3, табанының ауданы 1,5 м2 гранит бағананың топыраққа түсіретін қысым қандай?

  57. Деңгейі 10 см, тығыздығы 1800 кг/м3 сұйықтың цилиндр пішіндес ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есептеңдер.

  58. Гидравликалық престің кіші піскегінің көлденең қимасының ауданы 10 см2 және оған түсіретін күш 200 Н. Үлкен піскегінің ауданы 200 см2. Оған қандай күш әсер етеді?

  59. Аквариум ернеуіне шейін суға толтырылған. Ұзындығы 50 см, биіктігі 30 см аквариумның қабырғасына шамамен қандай күш түседі?

  60. Өлшемі 3,5х1,5х0,2 м3 темір бетонды тақта толық суға батырылған. Тақтаға әсер ететін архимед күшін есептеп шығарыңдар.

  61. Судағы көлемі 100 м3 ағаш кесек пен көлемі сондай темір затқа әсер ететін кері итеруші күштері бірдей ме?

  62. Массасы 56 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,85 м, ал ені 0,1 м. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?

  63. Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы  1500 см, түсіретін қысымы 300 кПа екенін біліп, әрекет ететін күшті анықта.

  64. Көлемі 5 м3 гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м2 болса, ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?

  65. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның бір шынжыр табанының ауданы 0,7 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.

  66. Стақандағы су бағанасының биіктігі 9 см. Су стақан түбіне қандай қысым түсіреді?

  67. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 4 см2, үлкенінікі 400 см2. Кіші поршенге 500 Н, ал үлкеніне 45 кН күш әрекет етеді. Бұл пресс күштен қанша есе ұтыс береді? Ал максимум қандай ұтыс береді?

  68. 80 м2 ауданға әрекет ететін күш 400 Н. Осы күштің әрекетінен болатын қысымды анықтаңдар:

  69. Массасы 60 000кг танктың Жерге түсіретін қысымын анықта,оның шынжыр табанының ауданы 1,5 м2.

  70. Керосин қабатының 0,5 м тереңдігінде, ыдыстың түбіне қандай қысым түседі? ρ=800 кг/м³.

  71. Гидравликалық престің поршенінің ауданы 0,18 м2. Ал оған әрекет ететін күштің шамасы 18∙10³ Н. Кіші поршеньнің ауданы 0,004 м2. Кіші поршеньге қанша күш түседі?

  72. Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0,001м2. Бұл вагонның массасы 30т болса, ол жерге қандай қысым түсіреді?

  73. Массасы 6 т жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы қандай болған, егер оның топыраққа түсіретін қысымы 3кПа болса.

  74. Бетке 3кН күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?
    Массасы 58 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 0.2м. Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?
    Бетке 30 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?
    10балдық дауыл желінің тосқауылға  түсіретін қысымы 1100 Па  ауданы 24 м2 үй қабырғасына  желдің түсіретін  қысым күші қандай?

  75. Массасы 5 кг кір тасы үстел үстінде тұр .Кірдің  табанының диаметрі  5см болса  үстел бетіне қандай қысым  түсірер еді?

  76. Дөңгелектің   рельспен  жанасу  ауданын 4см2 деп алып  масссасы  320 т жүк тиелген  төрт  осьті  вагонның  рельске  түсіретін  қысымы қандай

  77. Гидравликалық машинаның  кіші  цилиндрінің диаметрі 4 м ал үлкен  цилиндірінің диаметрІ  машина қанша   ұтыс береді.

  78. Биіктігі 0,5 м керосин  қабаты  ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?

  79. Мұнай толтырылған 4м тереңдікте, ауданы 30 м2 шүмекті  қысымы қандай?

  80. Массасы 58 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 0.2м. Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?

  81. Мұз 90кПа қысымға төтеп береді. Осы мұздың үстімен массасы 5,4т, шынжыр табанының ауданы 1,5м2 трактор өте ала ма?

  82. Судың ішінде үлкен гранитке 40 кН кері итеруші күш әрекет етеді. Осы граниттің көлемін анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

  83. Керосин ішінде темір кесегіне 1600 Н кері итеруші күш әрекет етеді. Темір кесегінің көлемін анықтаңдар. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3.

  84. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін анықтандар.

  85. Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш бөрене қанша суды ығыстырып шығарады?

  86. Денеге 5 Н Архимед күші әсер етеді. Егер судың тығыздығы 1000 кг/м болса, онда дененің көлемі қандай?

  87. Суда денеге 10 Н күш әсер етеді.Дененің көлемі тығыздығы 1000 кг/м болса, онда дененің көлемі қандай?

  88. Көлемі 1см³ денеге 7,84 кН Архимед күші әсер етеді. Дене қандай сұйыққа батырылған? ( Тығыздығың анықтаңдар.)

  89. Көлемі 2 м³ денеге 1,568 кН күш әсер етеді.Дене қандай сұйыққа батырылған? (Тығыздығың анықтаңдар)

  90. Резеңке жіпке картоп байлап, оны штатаивке іліп қойындар да, жіптің ұзындығын өлшеңдер. Сонан соң картопты суға салып, жіптің ұзындығын тағы өлшеңдер. Бақылаған құбылыстарыңа қорытыңды жасаңдар.

  91. Емен ағашының суға толық батырылған кесегіне 9,8 Н Архимед күші әсер етеді. Осы ағаштың көлемі қандай?

  92. Қалқып жүрген ағаш білеуше 0,5л суды ығыстырып шығарады. Білеушенің салмағы қандай?

  93. Дененің салмағы 6Н, ал көлемі 400см³ осы дене суға бата ма?

  94. Көлемі 7,5дм³ тастың массасы 18,7кг. Осы тасты судың түбіне толық батырмай ұстап тұратын күшті анықтаңдар.

  95. Массасы 270г темірден жасалған денені суға батырғанда оның салмағы қандай болады?

  96. Суға батырылған шыны шарға 2500 Н Архимед күші әсер етеді.Осы шардың көлемі.... су = 1000 кг/м3; ρшыны = 2500 кг/м3, g = 10 м/с2 ).

  97. Әрқайсысының көлемі 1,2 м³ болатын 5 бөренеден жасалған салдың көтеруші күші қандай? ? ρ= 700 кг/м³.

  98. Әрқайсысының көлемі 0,5 м3,10 бөренеден жасалған ағаш салға қандай жүк салуға болады ?

  99. Егер Архимед жасаған тәжірибеде патша тәжінің ауадағы салмағы 28,2 Н, ал судағы салмағы 26,4 Н болса, тәж таза алтыннан жасалған ба?

  100. Массасы 40кг бала суда тұр. Егер бала денесінің су бетінен жоғары тұрған бөлігі-нің көлемі 2дм³ болса, баланың бүкіл денесінің көлемі қандай?

  101. Көлемі 0,01м3 болатын дене суға батырылған, оған әсер ететін ауырлық күш 90Н. Дене суға бата ма, әлде жүзе ме?


С тобының есептері



  1. Судың ыдыс түбіне және бүйір беттеріне түсіретін қысым күші тең болуы үшін ішіне толтырыла су құйылған радиусы 5см цилиндр ыдыстың биіктігі қандай болуы керек?

  2. Столда сіріңке қорабы жатыр.Оны аударып қырынан қойды.Осы кезде қораптың беттескен ауданы 2,2 есе кемиді.Оның столға түсіретін қысымы өзгерді ме? Өзгерсе,қалай? 

  3. Текше тәрізді ыдыс сумен толтырылған. Осы ыдыстың ішіндегі судың массасы 64г болса, судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай?

  4. Қабырғасы (қыры) 36 см текше ыдыстың іші су және керосинмен толтырылған. Ыдыстың ішіндегі су мен керосиннің массалары бірдей. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? (Ыдыс қабырғасының қалыңдығы есепке алынбасын).

  5. Суы бар ашық ыдыстың ішіне колба төңкеріліп қойылған. Колбаның жоғарғы жағында ауа бөлігінде пайда болатын қысымды табыңдар.

  6. Цилиндр тәрізді қатынас ыдыстың ішінде су бар. Қатынас ыдыстың үлкенінің көлденең қимасының ауданы кішісінен 4 есе үлкен. Кіші ыдысқа биіктігі 20см керо-син құйылды. Сол кезде ыдыстың үлкен жағындағы су қандай биіктікке көтерілді? Кішісіндегі су қандай биіктікке төмендеді?

  7. Бірдей үш қатынас ыдыстың ішіне жартылай су құйылған. Ыдыстың сол жағына

  8. 20см, ал оң жағына 25см биіктікте керосин құйылды. Сол кезде ыдыстың ортасын- дағы су деңгейі қанша биіктікке көтеріледі?

  9. Цилиндр ыдыстың ішіне массалары бірдей сынап пен су құйылған. Екі қабаттың жалпы биіктігі 29,2 см болса, осы сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? ρ = 13600кг/м³; ρ = 1000кг/м³; g = 9,8 Н/кг.

  10. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын тап.

  11. Таразының бір табақшасында массасы 2,5 кг шыны, екіншісінде массасы 2,1 кг күміс кесегі жатыр. Егер өлшеуді ауада, суда жүргізсек, таразының қай басы ауыр болады?

  12. Сынап құйған ыдысқа темір бұранданы салса, ол бата ма? Неге?

  13. Гидровликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 5см, ал үлкен цилиндрінікі 60см. Бұл машина күштен қандай ұтыс береді?

  14. Суға массасы 10 г мыс кубик және массасы сондай жұқа мыс пластина батырылған. Екі жағдайда кері итеруші күштер бірдей ме?

  15. Суға толығымен батырылған денеге 3000 мН архимед күші әсер етеді.Егер осы денені бензинге батырса, қандай күшпен ығыстырар еді?

  16. Цилииндр ыдыстар таразыда теңгеріліп тұр. Егер ыдыстағы суда су беті ыдыс түбінен бірдей деңгейде болатындай етіп құйсақ таразының тепе-теңдігі бұзылар ма еді? Ыдыстардың түбіндегі қысым бірдей ме?

  17. Текше  тәрізді  сумен толтырылған . Оның  ішіндегі  судың массасы 65 г  болса ,судың  ыдыс түбіне  түсіретін  қысымы қандай?

  18. Көлденең қимасының  қимасының  ауданы  16 см2   квадрат  текше тығынға  керосинның  әсер  ететін  күшін  анықтаңдар .Керосин  деңгейімен тығының  арақашықтығы 400мм.

  19. Цилиндр  ыдысқа  сынап, су және  бензин құйылған Сұйықтардың  көлемдері  бірдей.Сұйық  деңгейлерінің  биіктігі  15см  болса,  сұйықтардың  түбіне  түсіретін  жалпы қысымы қандай?

  20. Аквариум  сумен толтырылған .Ұзындығы 50 см биіктігі  30см  аквариум қабырғасын су қандай     күшпен қысады ?

  21. Гидравликалық престегі кіші поршеньнің әсерінен майдың 60 кН/см2 – ге тең қысымы пайда болады. Егер үлкен поршеннен ауданы 0,07 м2 болса, оған әсер ететін күштің қандай болатынын анықта.

  22. Гидравликалық престегі кіші поршеньнің ауданы 2 см2 , ал үлкендікі – 150 см2 . Егер кіші поршеньге түсірілген күш 30 Н болса, үлкен поршеньге түсірілетін күш қандай болады?

  23. Мұз 90 кПа қысымға төтеп береді. Осы мұздың үстімен массасы 5,4 т, бір шынжыр табанының ауданы 1,5 м2 трактор өте ала ма?

  24. Сыйымдылығы 2 л тіктөртбұрышты ыдысқа жартылай су жартылай керосин құйылған. Ыдыстың түбінің пішіні қабырғалары 10 см болып келген квадрат деп алып, сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықта.

  25. Судың қандай тереңдігінде, қысым атмосфералық қысымнан екі есе үлкен болады? (атмосфералық қысым 105Па).

  26. Биіктігі 35см  ұзындығы 55 см  және ені 25см  аквариумға ернеуінен  3см  төмен  су құйылса  онда оның  а)  түбіндегі  қысым  қандай ?

  27. Күш 200 Н, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта.

  28. Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?

  29. Теңізге құлаған денеге 5 м тереңдікте қандай қысым әсер етеді.

  30. Киросинге батырылған дененің 0,2 м тереңдіктегі қысымын есепте.

  31. Күйтабақта ине 0,27 Н күшпен әрекет етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003 см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

  32. Розеткаларға 37,5 кН күшпен әсер ете отырып арнаулы кеспелтектермен (баркалитті) престейді. Розетканың ауданы 0,0075 м.2 Розеткаға қандай қысым түседі?

  33. Салмағы 0,115 Н болатын темір кесегі, салмағы 0,012 Н болатын тығынмен қо-сақтаса жіпке байланып, толығымен суға батырылды. Егер жіптің керілу күші 0,063Н болса, тығынның тығыздығы мен көлемі қандай? Барлық есептерде ауаның кері итеруші күші есепке алынбайды.

  34. Тұтас біртекті денені тығыздығы ρ сұйыққа салғанда, салмағы Р болады. Ал тығыздығы ρ сұйыққа салғанда оның салмағы Р болса, дененің тығыздығы қандай?

  35. U тәрізді түтікте сынып, су және керосин бар. Сынап бағанының биіктігі 1 см болса, сумен керосиннің бағандарының биіктігін анықта. (ρсу=1000 кг/м³, ρк=800 кг/м³, ρсын=13600 кг/м³).

  36. U тәрізді қатынас ыдыстың біреуінің диаметрі екіншісінен екі есе үлкен. Ыдыстарға сынап құйылды. Сынаптың үстіне ыдыстың жіңішке түтігіне бағанының биіктігі 50 см су құйылса, ыдыстардағы сынап деңгейі қалай өзгерер еді?

  37. Сұйық тығыздықтары ρ және ρ болатын екі қабаттан тұрады. Осы сұйыққа текше (куб) батырылған. Текшенің тең жартысы астынғы сұйықта, ал тең жартысы үстінгі сұйықта орналасқан. Осы текшеге әсер ететін кері итеруші күшті табыңдар.

  38. Динамометрге мыс пен күмістің қоспасы ілінген. Бұлардың ауадағы салмағы 2,41 Н, ал судағы салмағы 2,17 Н болса, қоспадағы мыс пен күмістің массалары қандай? Ауаның кедергі күші есепке алынбасын.

  39. Қуыс темір шардың салмағын әуелі ауада, сонан соң керосинде динамометрмен өлшеген. Динамометрдің сәйкес көрсетулері 2,59Н және 2,16Н болса, шардың ішіндегі қуыстың көлемі қандай?

  40. Теңізде мұз қалқып жүр. Мұздың 195м³ көлемі судың бетінде болса, оның жалпы көлемі және суға батып тұрған бөлігінің көлемі қандай? ρ=900 кг/м³; ρ=1030 кг/м³.

  41. Бұйым темір мен никельден тұрады. Бұйымның ауадағы салмағы 34,2 Н, ал судағы салмағы 30,2 Н болса, темір мен никель тұтас бұйымның көлемінің қандай пайы-зын құрайды? Бұйымның жалпы көлемі қандай? ρ=7800 кг/м³; ρ=8900 кг/м³.

  42. Қолында не таразы, не динамометр болмаса тік бұрышты ағаш білеушенің тығыз-дығын (мөлшермен) қалай анықтар едіңдер?

  43. Жақтары болатын ағаш білеушені майдан суға ауыстырғанда, оның батуы h биіктікке кемісе, ағаш білеушенің массасы қандай болар еді?

  44. Жүк көтергіштігі 3Н болатын ағаштың бұтағынан немесе ағаш тақтайдан сал жасау керек. Ағаштың тығыздығы ρ, ал судың тығыздығы ρ болса, салдың суға батып кетпеуі үшін оның көлемі қандай болуы керек?

  45. Іші қуыс мыс шары суда тепе-теңдік қалыпта қалқып жүр. Егер қуыстың көлемі 17,75см³ болса, шардың көлемі қандай?















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




  1. Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Физика және астрономия: Жалпы білім беру мектебінің 7- сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012. – 240 бет.

  2. Кронгарт Б.А., Физика: Дидактикалық материалдар:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!