400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сыныптарға арналған қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Қазақстан Республикасындағы « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер түрлерімен таныстырып, түсініктерін қалыптастыру.  Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.  Тәрбиелік: Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу, тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің суреттері, тақырыпқа байланысты қосымша көрнекіліктер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халенова Гүльнар Абдулкасымқызы В-есебі

I-топ

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі


«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін

ықпалдастырылған сабақ жоспары.


Тізбектелген сабақтар жоспары бойынша бірінші сабағымның тақырыбы «At the docbor`s» . 7б-сыныбында өткіздім.

Сергіту сәті «Hаppy dance». Ноутбук арқылы қимылмен орындалатын әуезді ән қойдым. Оқушылар ноутбуктегі көрсетілген қимылға қосылып билейді және ән айтады.



Осы сергіту сәтін жасай отырып, балалардың бірішіден көңіл-күйін көтеріп, сабаққа деген ынтасын арттырдым, екіншіден қимыл арқылы денелері жаттығады және денсаулықтары нығая түседі. Сергіту сәті аяқталған соң балаларға кезекпен үстел үстінде орналастырылған қима-қағаздарды бір-бірден алуға нұсқау бердім. Ол қима-қағаздарда health, doctor, head, flu cөздері жазылған. Кімде қай сөз жазылған болса, сол партаға барып жайғасады. Топқа бөуді бүгінгі сабақпен байланыстырып алдым.

Топқа бөлініп болған соң үй тапсырмасына берілген жаңа сөздерді пысықтау үшін «Миналы алқап» әдісін қолдандым. Сұраққа жауапты орыс және ағылшын тілінде айтады. Мыс: headache-бас ауруы, головой боль. Ол жерде сөз қазақ тілінде жазылған болса, ағылшын және орыс тілінде аудармаларын айтады. Әрбір дұрыс жауапты есептеп, бағaлау плакатына әр топтың жинаған балын жазып отырдым. Бағалау балдық жүйемен жүргізілді.

Үй тапсырмасына берілген «Ноme remedy» тақырыбын «Fish bone» (Фишбоун) әдісі арқылы пысықтадым. Топтар өз беттерімен тапсырманы орындады. Уақыт берілді. Соңынан топтан екі-екі оқушыдан шығып, жасаған жұмыстарын қорғап шықты. Жұмыстары топтар ара бағдаршам әдісі арқылы бағаланды.

Brainstorming (Ой қозғау) тақтаға жаңа тақырып жазылды. Тақырыпты аша түсу үшін ой қозғау ретінде 1-жаттығуды орындадық.

Төрт тапсырманы төрт топқа бөліп бердім. Олар жауапты топпен ақылдасып тапты. Мысалы: People take medicines when they are ill.

Read the text.(Мәтінмен жұмыс) 102-беттегі берілген 4-жаттығудағы мәтінді төрт топқа бөліп беремін. Топтар әрбір бөліктегі мәтінді аударып мағынасын ашты. Мәнерлеп оқып, аударып берді. Соңынан өзара бағалады.

Role plaу. Бұл тапсырмада оқушылар оқып аударған мәтіндеріне рөльдік ойын құрастырды. Яғни біреуі Тоm,екіншісі дәрігер,үшіншісі анасы т.б.сол сияқты болып рөлдерді бөлісіп алды. Әр топ өз бөлімінде берілген мәтінге рөльдік ойын көрсетті. Сыни тұрғыдан ойланды . Қол шапалақтау арқылы бағаланды.



Фармативті бағалау. Смайликтер және стикерлер арқылы кері байланыс жасады. Тақтада ілінген бағалау парақшасының ішіндегі қайсы әдіс немесе қайсы тапсырма ұнады, қайсысы қиындық тудырды, қызықты болды деген сияқты түр- әлпетті білдіретін смайликтер таңдап әрқайсысының тұсына жабыстырды.



















«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін

ықпалдастырылған сабақ жоспары.



Тізбектелген сабақтар жоспары бойынша екінші сабағымның тақырыбы «Health problem» . Бұл сабағымды да балалардың көңіл-күйін, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында сергіту сәтіне ноутбутан әуезді ән қойып, бір билетіп алдым.

«Адасқан әріптер» әдісімен тақырыпқа байланысты жақсы және жаман тағамдар атымен төрт топқа бөлдім.

Үй тапсырмасын сұрауға яғни пысықтауға әртүрлі суреттер таратылды. Ол суреттерде әржерлері ауырып тұрған балалардың суреттері берілген. Оқушылар сурет бойынша екіауыз диалог жасаулары қажет болды. (Бұл тапсырма бойынша олар үйде дайындалып келген болатын.) Соңынан бағдаршам әдісімен бағаланды.

Жаңа сабақты «миға шабуыл» әдісімен бастадым. Төрт топқа төрт түрлі тапсырма берілді. Мыс: а)parts of the body which you can move : балалар қанша сөз білсе, сонша сөз жаза береді. Дұрыс немесе бұрыстығы тексеріліп, балдарын таймкиперлер есептеп отырды.

Сосын «бас бармақ» әдісі арқылы бағаланды. Балаларға әрдайым шынайы бағалауды ескертіп отырдым.

« Кім жылдам» әдісі арқылы балалардың сөздік қорларын нығайттым, яғни олар жақсы тағамдар мен жаман тағамдарды ажырата отырып, жаңа сөздер үйренді. Бұл ойынға топтағы оқушылар түгел қатыстырылды.



Мәтінмен жұмыс. Топтарға мәтінді бөліп бердім. Олар топта отырып оқып-аударып мағынасын ашты. Сонан әр топ өзіне берілген бөлікке тақырып таңдайды. Тақырыптар кітапта берілген. Мысалы; Karen’s new habits .

SWOT-талдауы арқылымәтінді пысықтадық. 1-топ жағымды жақтарын

2-топ жағымсыз жақтарын

3-топ мүмкіндіктерін

4-топ қауіпті жақтарын

жазды. Кәреннің қасиеттерін топтар дұрыс талдап берді. Оқушылар қызыға орындады. «Бас бармақ» әдісімен бағаланды.

Оқушылардың барлығының аты – жөні жазылған плакатқа қорытынды бағаны өзім шығардым, сол бойынша журналға түсірдім.

Кері байланысты блоб ағашы әдісі арқылы алдым. Балалар өздерінің қай дәрежеде екенін осы әдіс арқылы көрсете алды.

Үйге тапсырма беріп, сабақты көтеріңкі көңіл күймен аяқтадым.





































«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін

ықпалдастырылған сабақ жоспары.


Тізбектелген сабақтар жоспары бойынша үшінші сабағымның тақырыбы «School rules» (Мектеп ережелері). Мен сабағымды әдеттегідей сергіту сәтінен бастадым. «Күн сәулесін төгеді...» әдісімен балаларды бір сергітіп алдым. Соңынан қатарға тұрғызып «I love my school» деп айтқызып, төрт топқа бөлдім. « I » дегендер бірінші топ, « love » дегендер екінші топ, « my » дегендер үшінші топ, « school » дегендер төртінші топ болып бөлінді.

Үй тапсырмасына берілген «Health farm» тақырыбын « Жұптас-ойлан-бөліс » әдісі арқылы пысықтадым. Қағазға «Write list of Karen`s bad habits before she went to Health farm; тағы басқа сол сияқты сөйлемдер жазып топтарға бердім. Берілген сөйлемдер бойынша топта өздері жұптасып, ойласып, бөліседі. Әрбір топ қарсылас тобын бағдаршам әдісі арқылы бағалады.

«Мидың штурмы» әдісі арқылы жаңа сабақты бастадым. 1-жаттығу бойынша оқушылар топта бірігіп мектеп тақырыбында білетін барлық сөздерін қағазға түсіреді, соңынан жазғандарын ауысып, қате жазылғандарын алып тастап санайды. Ең көп сөз жазған топ жеңімпаз атанады.(өзара бағалау)

«Стикерлі диалог» әдісі арқылы 2-жаттығудағы сөз тіркестерін стикерге бөліп жазып , деңгейлік тапсырма ретінде екі оқушыға бір стикерден бөліп беремін. Олар сол сөз тіркестерін пайдалана отырып, екеуара диалог жасайды. Қиын тапсырмаларды ең үздік деген оқушыларға бердім.(«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.)

Граматикалық жаңа тақырыпты «Елші» статегиясы арқылы пысықтадым . Модальді етістіктерді must, have to, need, should әр топқа бөліп бердім. Олар топта кітаптан өз беттерінше оқып үйренеді. Соңынан топта келісіп елші сайлайды. Елшілер келесі топтарға барып түсінгенін түсіндіреді. (Елшілерді сол топтағылар бағдаршам әдісі арқылы бағалайды).

Сабақтың басында әр топтан бір таймкипер сайланған болатын. Сол оқушылар өз топтарының қортынды балдарын жариялады.

Мен де топтардағы таймкиперлердің шығарған балдарына сүйене отырып сыныптағы оқушыларды бағаладым.

Үй тапсырмасына бағыт бердім.«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс алдым.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі