жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
8
8-СЫНЫП БИОЛОГИЯ — НӨЛДІК БАҒАЛАУ, 1-НҰСҚА
Оқушы: |
____________________________ |
Сыныбы: |
8 «___» |
Күні: |
____________ |
Жалпы балл: |
10 балл |
Мақсаты: алдыңғы оқу жылындағы негізгі білім мен дағдылардың бастапқы деңгейін анықтау. Максималды балл — 10.
1-тапсырма. Өсімдік жасушасына тән органоид? A)хлоропласт B)ядро C)рибосома D)митохондрия (1 балл)
2-тапсырма. Фотосинтездің энергия көзі? A)су B)Күн C)тұз D)оттек (1 балл)
3-тапсырма. Энергия түзетін органоид? A)вакуоль B)митохондрия C)ядро D)қабырға (1 балл)
4-тапсырма. Өндірушілер кімдер? A)өсімдіктер B)жыртқыштар C)паразиттер D)ыдыратушылар (1балл)
5-тапсырма. Сәйкестендіру — (2 балл)
Тапсырма: Терминдерді олардың дұрыс анықтамаларымен сәйкестендіріңіз.
Жасуша
Ұлпа
Мүше
Экожүйе
A)
Ұқсас құрылысы мен қызметі бар жасушалар
тобы
B) Белгілі бір қызмет атқаратын,
бірнеше ұлпадан тұратын ағза бөлігі
C)
Тірі ағзаның құрылымдық және қызметтік
ең кіші бірлігі
D) Тірі ағзалар мен
олардың тіршілік ету ортасының өзара
байланысқан жүйесі
6-тапсырма. Қысқа жауап — 2 балл
Тапсырма: Сұрақтарға қысқаша жауап беріңіз.
Жасушаның тұқымқуалаушылық ақпаратын сақтап, оның тіршілік әрекетін басқаратын негізгі органоидты атаңыз._________________-
Өсімдік топырақтан су мен минералды заттарды негізінен қай мүшесі арқылы сіңіреді?___________
Адам ағзасында қоректің химиялық қорытылуы жүретін екі мүшені атаңыз.________________
Ағзаның сыртқы ортаның әсерін қабылдап, оған жауап беру қасиеті қалай аталады?____________
7-тапсырма. Биологиялық жағдайды талдау — 2 балл
Тапсырма:
Өсімдік бірнеше күн бойы жарық түспейтін жерде тұрды. Біраз уақыттан кейін оның жапырақтары бозарып, өсуі баяулады.
Өсімдікте мұндай өзгерістердің пайда болу себептерін түсіндіріңіз. Кемінде екі себеп жазыңыз.
1._______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2._______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ДЕСКРИПТОРЛАР
Тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
1 |
1–4 тест сұрақтарының әрқайсысын дұрыс орындайды |
1 |
2 |
1–4 сәйкестендірудің әрқайсысын дұрыс орындайды |
1 |
3 |
1–4 қысқа жауапты дұрыс береді |
1 |
4 |
1–4 қысқа жауапты дұрыс береді |
1 |
5 |
Дұрыс жауабы: |
2 |
6 |
|
2 |
7 |
1.Жарықтың жетіспеуінен фотосинтез қарқыны төмендейді, нәтижесінде өсімдікке қажетті органикалық заттар аз түзіледі. 2.Жарық жеткіліксіз болған жағдайда хлорофиллдің түзілуі төмендеп, жапырақтардың түсі бозарады. Себеп/салдарды дұрыс анықтайды және нақты шешім ұсынады |
2 |
Дұрыс жауаптар: 1-A, 2-B, 3-B, 4-A; 5.1-С,2-А,3-В,4-D; 6.1.ядро,2.тамыр,3.асқазан/ішек,4.тітіркенгіштік; 6.1.Жарықтың жетіспеуінен фотосинтез қарқыны төмендейді, нәтижесінде өсімдікке қажетті органикалық заттар аз түзіледі.
6.2.Жарық жеткіліксіз болған жағдайда хлорофиллдің түзілуі төмендеп, жапырақтардың түсі бозарады.
Бағалау: 9–10 — жоғары; 7–8 — жақсы; 5–6 — базалық; 0–4 — толықтыру қажет.
8-СЫНЫП БИОЛОГИЯ — НӨЛДІК БАҒАЛАУ, 2-НҰСҚА
Оқушы: |
____________________________ |
Сыныбы: |
8 «___» |
Күні: |
____________ |
Жалпы балл: |
10 балл |
Мақсаты: алдыңғы оқу жылындағы негізгі білім мен дағдылардың бастапқы деңгейін анықтау. Максималды балл — 10.
1-тапсырма. Тұқым қуалайтын ақпараттың негізгі құрылымы? A)ядро B)вакуоль C)қабырға D)лизосома (1 балл)
2-тапсырма. Тамырдың негізгі қызметі? A)суды сіңіру B)тұқым тарату C)гүл түзу D)фотосинтез (1балл)
3-тапсырма. Қанайналым қызметі? A)заттарды тасымалдау B)фотосинтез C)тұқым түзу D)ас қорыту (1 балл)
4-тапсырма. Қоректік тізбектің бірінші буыны? A)жыртқыш B)өндіруші C)паразит D)ыдыратушы (1 балл)
5-тапсырма. Биологиялық құрылымдар мен олардың негізгі қызметтерін сәйкестендіріңіз. (2 балл)
Ядро
Митохондрия
Өкпе
Тамыр
A)
Организм мен сыртқы орта арасында газ
алмасуды қамтамасыз етеді
B) Жасушаның
тұқымқуалаушылық ақпаратын сақтайды
және жасуша қызметін басқарады
C)
Жасушалық тыныс алу кезінде энергия
түзілуіне қатысады
D) Топырақтан су
мен минералды заттарды сіңіреді
6-тапсырма. Сұрақтарға қысқаша жауап беріңіз. (2 балл)
Өсімдік жасушасында фотосинтез жүретін органоидты атаңыз.
Өсімдікке жасыл түс беретін негізгі пигментті атаңыз.
Адам ағзасынан зат алмасудың соңғы өнімдерін, соның ішінде артық су мен минералды тұздарды, шығаруға қатысатын негізгі мүшені атаңыз.
Тірі ағзалардың тіршілігіне әсер ететін қоршаған орта жағдайлары қалай аталады?
7-тапсырма. Адам бірнеше минут бойы қарқынды дене жаттығуын орындады. Жаттығу кезінде және одан кейін оның тыныс алуы жиілеп, тыныс алу тереңдей түсті.
Жаттығудан кейін тыныс алу жиіледі. Екі биологиялық себебін түсіндіріңіз. (2 балл)
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ДЕСКРИПТОРЛАР
Тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
1 |
1–4 тест сұрақтарының әрқайсысын дұрыс орындайды |
1 |
2 |
1–4 сәйкестендірудің әрқайсысын дұрыс орындайды |
1 |
3 |
1–4 қысқа жауапты дұрыс береді |
1 |
4 |
1–4 қысқа жауапты дұрыс береді |
1 |
5 |
1 – B, 2 – C, 3 – A , 4 – D |
2 |
6 |
|
2 |
7 |
дене жаттығуы кезінде бұлшықеттердің энергияға қажеттілігі артатынын және оттекке сұраныс көбейетінін түсіндіреді — 1 балл; жаттығу кезінде көмірқышқыл газының түзілуі артып, оны ағзадан шығару үшін тыныс алудың жиілейтінін түсіндіреді — 1 балл.
|
2 |
Дұрыс жауаптар: 1-A, 2-A, 3-A,4-B; 5.1 – B, 2 – C, 3 – A , 4 – D
6. хлоропласт,хлорофилл,бүйрек,экологиялық факторлар;
Бағалау: 9–10 — жоғары; 7–8 — жақсы; 5–6 — базалық; 0–4 — толықтыру қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген