400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8- наурыз Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз "Аяулы анашым" тақырыбында ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 наурыз мерекесіне орай мектеп оқушыларына арналған "Ана деген тіршіліктің тірегі" атты сценариді назарларыңызға ұсынамыз.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе _ Тобымыздың бүлдіршіндеріне өнерлерін тамашалауға щақырамыз

Көктем келді, көктем келді.
Жадыраған жайнаған.
Шашыраған сәулесімен, Аниса
Жасыл көктем сайраған.



Мейірім төккен баршаға

Онымен өмір қаншама?

Анасыз өмір бола ма, М. Ибраһим

Айтыңдаршы, баршаң да?



Көктем келді,күн шығып,
Айлар,күндер тұр күліп.
Тура анам секілді,
Мейрімді боп тұр күліп. Муслима





Би: «Құстар» Биі

(Асылым, Сезім, Дания, Дария Альфинұр,М. Айлин )


Аниса: Күннің жылып көктем келгені қандай тамаша

Ибраһим: неге Аниса?

Муслима: Сен түсінбейсің Ибраһим, күн жылыса біз қыздар әдемі көйлегімізді киіп шығамыз далаға

Аниса: (күліп) Оны айтпаймын Құстар сайрап ГҮлдер шығады.



Бүршік
шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып, Алинұр
Шуағын бізге шашады.



Көктем келді жеріме,
Бақ әкелсін еліме.
Күн күлімдеп көгімде, Нұрай
Шуақ шашсын төгіле.



Көктем келді өлкеме,
Табиғатым тамаша.
Гүл қаптады бөктерді, Марғұлан
Нұрға толды айнала.

Ибраһим: Тобымыздың гүлдей жайнаған қыздарымызды қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Би: «Гүлдер» Биі

( Муслима, Қ.Айлин, Аниса, Айғаным, Альфия,Нұрай)



 Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің .
Ибраһим


Мейірімің қандай керемет!?

Анашым менің анашым. Муслима

Аниса: Ой екеуің тақпақтата бермей Ернұрғада өз өнерін көрсетуге мұрша беріңдер

Муслима; Ибраһим: Жарайды, жарайды
Аниса: Олай болса Алдарыңызда « Анашым қартаймашы әнімен Ернұр қарсы алыңыздар


Ән: Ернұр «Анашым қартаймашы»

Аниса : Жарайсың Ернұр,

Муслима: Әуелі әнге қошеметтеп отырайық қонақтар!

Ибраһим: ( жүгіріп келіп) Қыздар, қыздар мына жақта бір бала Қыздарға аранап ән айтып жүр дейді.

Аниса: онда осында әкелсін

(Хан Арсен , биші қыздармен ортаға шығарылады

Батырлар Алан мен Нұрдәулет М. Айсұлтанды ұстап ортаға әкелді)

Ән: Марат Айсұлтан «Қыз бала гүл»

Жүргізуші: Бүгінгі кереметтей мерекелік ертеңгілімізді сондай жылуға толы ойынмен жалғастырғымыз келіп тұр. Ойынның атты «Анашымның аялы алақаны» Аяулы аналар сіздерді ортаға шақырып көздеріңізді байлаймын. Алдарыңызда тұрған балаларды алақандарыңбен сезу арқылы балаңызды тану керек.

Ибраһим: біздің топтың жігіттерінің әзілді биін қабыл алыңыздар

Би : «Стирка»

(С. Ибрагим, Айбар, Айсұлтан, Хамза, Әмір , Алинұр)

Ән хор: «Әжеммен қаламын»

Ойны « Анашымның сыңғыр үні»

Ән хор « Ана деп Ән салам»



Жүргізуші







«Бал бала Орда» балабақша мекемесі











Аяулы Анашым



Топ: Балдәурен

То тәрбиешісі: Жайшылыкова Акбота



























2022-2023 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.04.2023
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12