Материалдар / 8- наурыз ертеңгілік сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8- наурыз ертеңгілік сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2023
363
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕРТЕҢГІЛІК ЖОСПАРЫ

8 НАУРЫЗ

Свиридов «Вальс»-пен балалар жұптасып кіріп, жаттығулар жасайды.


Бастаушы: Сәлеметсіңдер ме балалар және біздің қадірлі қонақтар.

Жылдың ең әдемі мезгілі КӨКТЕМ келді. Қар еріп, жер анамыз

гүлденіп, шуақты күннің сәулесі апа әжелерімізге,

аналарымызға, бүкіл әлем әйелдеріне күлімсіре қарады.

Мерекелеріңізбен, аяулы жандар, 8 наурыз күнімен!


1. Аида Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.


2.Айя Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау бол, ақ мамам.


3.Дарын Ақ қабақты мамашым,

Күн сәулесі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.


4.Ділда Мамаларды сүйеміз,

Сөзін ойға түйетін.

Әжені де ардақты

Әдеппен бас иеміз.


5. Жамиля Ана - өмір шырағы,

Ана - өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.


Ән «Жан ана» Құдіреттен жаралған...


6. Ақниет Әже деген көп шығар,

Әжемдей жоқ шығар.

Айналайын дегені,

Жанға рахат береді.




7. Санжар Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

Базарға да барады,

Бәрін сатып алады.


8.Айсултан Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып береді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

Ән «Ақ әжем»

Жүргізуші: Ал енді келесі биді сүйікті де ақжаулықты әжелерімізге арнап,

кішкентай батырларымыз сіздерге «Қара жорға» биін дайындады.

Би «Қара жорға»

«Кручу-кручу»

Жүргізуші: Біз бүгін аналарымызға, аяулы әжелерімізге концерт

дайындадық. Бірақ концерт жүргізушілері ерекше. Әне, біріншісі

де мейрамға асығып келе жатыр.

Музыка из м\ф «Кот Леопольд» Самокатпен Леопольд шығады, шетке қойып, ортаға шығады.

«Хвост за хвост»

Леопольд (сағатқа қарап): Үлгерген сияқтымын. Сәлеметсіңдер ма балалар,

сәлеметсіз бе құрметті аналар мен ардақты әжелер! Шын көңілмен

сіздерді халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Бүгінгі концертті мен өз көмекшілеріммен жүргіземін. Міне, олар

да келіп жетті.

Звучит музыка «Хвост за хвост». Тышқандар шығып Леопольдқа рогаткамен ата бастайды.

Леоп: Әрқашан солай! Бүгін сондай әдемі мереке, 8 наурыз, ал сендер өз

қылықтарыңды қоймайсыңдар! Балалар, тату-тәтті өмір сүрейікші!

1 тышқан: Жоқ! Ешқашан! Біз дом болмаймыз!

Би «Сыған биі»

Леоп: Сыған халқы сондай бауырмал. Бізде де достасайықшы?! Мереке ғой!

«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» - деп халық бекер

айтпаған.

«8/16»

1 тышқан: Жәрайды, мереке күні ұрыспайық. Біз саған, Леопольд,

көмектесіп көрейік.

Леоп: Керемет! Бірақ қалай?

2 тышқ: Сен барып отыра тұр, дем ал, ал біз балалар мен ойнай тұрамыз.


Тышқандар Леопольдты отырғызады, сол кезде 2 тышқан шарды жарып Леопольдты қорқытады. Леопольд шошып кетеді.

Леоп: Балалар, тату-тәтті өмір сүрейікші! Дос болсаң берік бол, бір-біріңе

серік бол!

Тышқ-р (күліп): Біз қалжыңдадық. Балалар, қызықты ғой, ия? Ал енді «Шар

жару» ойынын ойнайық. Бірақ алдыменен сюрприз!


Под потолком подвешен большой обруч, обтянутый тонкой бумагой. На обруче сложены воздушные шары. 1-ый мышонок достает рогатку и бумажный комок. Стреляет в середину обруча, пробивает его. С потолка летят воздушные шарики.

2 тышқ: Алақай! Біздің аналарымыз бен әжелерімізге арналған салют!!!

1 тышқ: Ал енді ойнайық.


Шары можно лопать ногой или мягким местом. По окончании игры остается много мусора, Леопольд смотрит на все это, качает головой, ворчит себе что-то под нос, начинает собирать хвостики от шариков.


Леоп: А-яй-яй! Қанша қоқым-соқым! Мынаның бәрін кім енді жинайды?

Тышқ: Кім қалай? Біз! Солай ғой балалар? Бірақ біздің жинау жәй емес,

ойнап жинайық?

Леоп: Ол қалай?

2 тышқ: Мамалар шашады, ал балалар жинайды. Сонда көреміз, кім

мамасының нағыз көмекшісі екенін.

«Тентегім» Р.Рымбаева

Ойын «Шашу-жинау». Для игры потребуется 4 ведерка с хвостиками от шариков или мелкими игрушками. По команде мамы начинают разбрасывать игрушки, а дети их собирать в ведерки. Победил тот, кто успел больше собрать.

Леоп: Осы тышқандардан тек қоқым-соқым қалады. Өз түрлеріңе

қараңдаршы, кір қылып тастадыңдар! Барып, өздеріңді жөндеріңе

келтіріңдер!

Тышқ-р: Ах, солай ма? Мерекеден бізді қуасың ба? Қарап тұр, көрсетеміз

әлі!

Леоп (мойнындағы бантты түзеп): Ух, тышқандар кетті ма, олар қайтып

келмегенінше концертті жалғастырайық.


9См. Аружан .Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім»- дейтін.

10. Диана Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам.

Менің мамам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.


11. Алпамыс Өскенде мен ал енді,

Аралаймын әр елді.

Сыйлық әкеп мамама,

Таң қалдырам бар елді.


12. Айғаным Үн қатасың бал тіліңмен,

Еркелеймін әр күні мен.

Құттықтайын анашым,

8 наурызбен!


13. Амир Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ақ мамам.

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қайда да


14. Диас Күнде күндіз шыдамай,

Қарсы аламын мамамды.

Құшақтаймын қуана,

Ең әдемі адамды!


15. Мадияр Достықты да ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.


Леоп: Жәрайсыңдар балалар! Ал, енді асыл әжелеріміз жастық- шақтарын

еске алсын деп «Қамажай» биін тамашалайық!

Би «Қамажай»

После танца звучит музыка, входят мышата с удочками.

Леоп: Кім қайтып келді! Біздің тентек тышқандар! Қайда бара жатырсыңдар?

1тышқ: Не көрмей тұрсың ба? Балық аулауға бара жатырмыз!

2тышқ: Не, балық жегің келді ме? Саған бермейміз, сен бізбен дос емессің

ғой?!

Леоп: Балық аулауды өздерің білесіңдер ме?

Тышқ-р: Әрине, Леопольд! үйрен!


Мышата разбрасывают рыбок с петелькой из проволоки. Затем начинают изображать как они ловят рыбу. У мышей не получается, только путаются в веревках, Кот их распутывает.

Леоп: Әй, сендерді ма? Бұзық тышқандар! Қазір біздің әкелер көрсетеді,

қалай балық аулау керек екенін.


диск м\ф №2

Ойын «Балық аулау» Требуется по 8-10 рыбок на каждого рыбака, 2 ведерка, 2 удочки с крючком на конце веревки. Нужно подцепить (поймать) рыбку, положить ее в ведерко. Кто больше поймал, тот и победил.

Леоп: Ал, қалай, үйрендіңдер ма?

Тышқ-р: Ойлап көрші, қиын екен! (с насмешкой) Қиын іс емес балық аулау.

Онда біз балықшы болмай, теңізші боламыз!

«Матрос» биі


В это время Леопольд садится и читает газету. Әлемде қандай

жаңалықтар болып жатқанын көрейік!

1тышқ: Мынау не істеп отыр?

2тышқ: Газет оқып отыр. Қандай оқымысты, газет оқитын уақыт тапқан

екен!

1тышқ: Газет оқып отыр де? ... Ал кім концерт жүргізеді? Біз ба не?

2тышқ: Кәзір көрсетеміз оған! (подходит и комкает газету)

Леоп: Балалар, тату-тәтті өмір сүрейікші!

1тышқ: Сүрейік! Біз доспыз! Біз балаларға ойын көрсетіп жатырмыз,

«Газетті жұмарлау» деген! (ұмаждау)

Леоп: Тым жақсы газетті құрттыңдар ғой, әне!

2тышқ: Ол саған жақсы, бірақ мамаларға емес. Олар күні-бойы асханада

жүріп, бөлмеге кіргенде – папалар ... жайғасып отырып ЖАҚСЫ

газет окиды. Соны мамалар 1 қолымен жұмарлайды. Өйткені

екіншісінде ожау бар!

диск м\ф №15

Ойын «Газетті жұмарлау» Играют дети и мамы или мамы и папы. Потребуется 2 половника, 2 стула, 2 газеты. Побеждает та мама, у которой комок получился меньше.

Леоп: Ал, тышқандар, тентек, бұзық болмай, джентельмен болмайсыңдар ма?

Би: «Чарльстон»

Ағылшын тілінде ән


В зал входят мыши, прячут большую кнопку из картона за спиной.

1тышқ: Леопольд, сен шаршаған сияқтысың, концерт жүргізіп, ойын ойнап.

Отыр, дем ал.

Леопольд садится на кнопку, лежащую на стуле, подскакивает

Леоп: Балалар, тату-тәтті өмір сүрейікші!

Тышқ: Ешқашан!

Леоп: Енді не істеймін?

Жүргізуші: Леопольд, сен өте мейірімдісің. Саған «Озверин» дәрісін ішіп

алу керек.

«Кот Леопольд «Озверин»

Ведущая дает Леопольду аскорбинку. Кот принимает таблетку, звереет и выгоняет мышей из зала.

Жүргізуші: Енді Леопольд, тыныштал, тышқандар алысқа қашып кетті,

қайтып та келмейтін шығар.

Леоп: Мен олардан өте шаршадым. Олардың бұзық қылықтарын мен көзімді

жұмсам да білетіндей болдым.

Жүргізуші: Біздің балалар да кейде тентек болады. Сен қалай ойлайсың?

Аналар өз балаларын жұмған көздерімен тани ала ма?

Леоп: Кәзір көреміз.

Звучит музыка «Тентегім» Р.Рымбаева. диск №7

Ойын «Өз балаңды таны». Мамам завязывают глаза, подводят несколько малышей, нужно наощупь узнать своего.


Жүргізуші: Шынын айтатын болсақ, менің күмәнім болған жоқ, аналардың

өз балаларын табатынына, өйткені оларды өте жақсы көреді ғой.

Концерт аяқталмай тұрып аналарымызға бір әдемі би билеп

берейікші! Қане, балалар, тұрыңдар!

Би «Буги-вуги»


Жүргізуші: Әлемде өзгермейтін үш ақ нәрсе: Ол ананың ақ сүті

Ол күннің ақ нұры

Ол сәбидің күлкісі!

Мерекелеріңізбен!


Входят мышата, вносят большую конфету и большой букет цветов и просят прощения у Леопольда. Кот прощает мышат, разворачивает «конфету», в ней – конфетки, которыми Леопольд угощает детей. А Мышата дарят цветы мамам, бабушкам и воспитателям.


6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!