400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

«8- наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
«8- наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы














«8- наурыз Халықаралық әйелдер күні»

мерекесіне арналған

ертеңгіліктің сценариі





















Ән – күй жетекшісі:

Қойшыбай А.Қ










«Ана – аса қымбатты жан»

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Кәмпит ханшайымы, көктем.


Балалар залға қол ұстасып, жұптасып кіреді

Тәрбиеші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Тақпақтар:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық балалардың биін

Би: «Гүлдермен»

Тәрбиеші: - Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.

Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендерде де жақсы көреді.

Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. ( әсем әуенмен залға « Кәмпит – Ханшайым кіреді »)

Кәмпит – Ханшайым: ( кіріп билейді )

Мен тәттімін,

Балалардың сүйікті дәмімін,

Мерекенің сәнімін,

Дастарханның әрімін.

Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, « Кәмпит – Ханшайыммын »

Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер. Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттерім бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген.

Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. (аапайға, ыдыстағы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды )

Тәрбиеші: - Расында да, бізге тәтті « Кәмпит – Ханшайым » қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.

1 - кәмпиттегі тапсырма:

Ойын: « Гүлдерді тер »

2 - кәмпиттегі тапсырма: «аспаптармен ойнау»

Оркестр: «Көктем әуені»


3 - кәмпиттегі тапсырма: Ал келесі тапсырма қыздардан әдемі көңілді би сұрағым келіп тұр

Би: «Жұппен»

Тәрбиеші: - « Кәмпит – Ханшайым », енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.

4 - кәмпиттегі тапсырма:

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Тәрбиеші:Балалар біздің мерекемізге біреу жетіспей тұрған сияқты.Кім деп ойлайсыңдар?

Музыка әуенімен ортаға Көктем кіріп келеді

Көктем: Салеметсіңдер ме балалар?Қалдарың калай?Мен көктеммін,сендердің әдемі ән айтып ,тақпақтарынды айтып естіп келдім.Сендер қандай әдемісіңдер , маған өнерлеріңді көрсетіңдерші

Тәрбиеші: Рахмет Көктем,сізді көргенімізге өте қуаныштымыз .Ойын ойнап бір серігіп алдық енді, балаларымыздың тағыда Әже, Аналарымызға арналған тақпақтарын тыңдап көрейік:

Көктем ашып хабарлайды

Кәнекей ақырғы кәмпитімізді алып қандай тапсырма тұр екен көрейік .

5 - кәмпиттегі тапсырма: сендерге кәмпит сыйлау екен!

Кәмпит – Ханшайым: - Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп – көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. ( Кәмпит – Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді )

Көктем: «Бар жақсылық, күллі әлемге тараған
Арулардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Ардақты аруыларға арналған
.,

Менің де басқа балаларды құттықтап баратын уақытым келді,Қош сау болыңдар!

Көктем кетеді

Тәрбиеші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріміздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі

« Ана – аса қымбат жан! » атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.01.2025
203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі