Материалдар / 8 -Наурыз Халықаралық айелдер мерекесі күніне акрналған ертеңгілік сценариі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

8 -Наурыз Халықаралық айелдер мерекесі күніне акрналған ертеңгілік сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға көктем туралы, 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке, қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2023
1544
79 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке, қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

(Үлдар музыкамен залға кіреді, би қимылдарын орындайды)

Арсен : Мереке де келіп қалды

                Бізде бәрі дайын ба?

                Қазір қыздар келеді

                Сазайымызды береді.- деп балалар  бір-бірін кіналап шулай бастайды.

Диар: Жігіттер жігіттер ұрыспаңдар

                Анда әдемі қыздар келеді

                Көңілдірек қарсы алайық

                Біздің қыздар келіп қалды.

Әсем әуенмен ішке қыздар кіреді.Үлдармен билейді.

Лейла :    Көктем күні көрікті,  Күн шұғыла төгіпті.

Амина:  Сол көктемде мереке,  Дүниеге келіпті.

Рамзан:  Көктем күні қуатты, Шашты әлемге шуақты.

Аңсар:   Наурыз өзі өмірді, Нұрландырған сияқты.

Жандарбек:  Мейірімді сымбатты, Қадірменді қымбатты,

Мөлдір:       Ең жақын жан балаға, Кім десеңдер

Балалар хормен:  Ол - АНА.

Айзере: Ақ сүтінен жаралған, ақ сүтіңнен нәр алған, АНАҒА БАС ИЕМІЗ!

Мубарак: Туған елдің тілі деп,Туған жердің үні деп, АНАҒА БАС ИЕМІЗ!

Сулейман : Құрметті ата-аналар сіздерді 8-ші наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Айым: «Ақсултан» тобының «Құттықтаймын Анашым» атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалаңыздар(жүргізушілер шығады)

1-ші:Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары, Жайнаған көңілімнің жасыл бағы Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй Сіздер үшін мереке шашулары

2-ші:Жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Ән «Әжем-анам»

Тақпақтар:

Анель:Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім», - дейтін.


Гулден:Айналайын, анашым,

Көкте нұр боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.


Айжан:Айналайын, анашым,

Аялайсың, бағасың.

Мен үшін не керек –

Бәрін іздеп табасың.


Алимжан:Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.


Тамерлан:Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.


Мади:Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.


Жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Әуенмен балалар орындарына отырады.

Жүргізуші:-- Балалар сонда қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)

- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады, құстар қайтып келеді)

- Қазір қандай ай? (наурыз)

- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі)

Бәрі бірге: Аналар мерекесі.

Жүргізуші:- Барлық балалар бүгін, аналарына сый жасап әуре болуда. Осы мерекеге қарсаңында Мақта қыз да анасына сыйлық дайындап жатқанда, бір қызық оқиға болыпты.

(Сахна ортасында стол басында, Мақта қыз отырады. Ол қағаз, бояу алып анасына сыйлау үшін сурет салып отырады. Столдың үстінде, түрлі-түсті бояу, стақанда су, қарандаштар. Мақта қыздың қасына мысық келеді)

Мысық: - Мақта қыз не істеп жатырсың? Маған көрсетші.

Мақта қыз: - Сурет салып жатырмын. Ары тұршы қазір бір нәрсені бүлдіріп тастарсың.

Мысық: - Қарайыншы енді, ақырын ғана қараймын.

Мақта қыз: - Көрсетпеймін.

Мысық: - Көрсетпесең мен сенің бояуыңды төгіп тастаймын.

Мақта қыз: - Осыдан төгіп көр, құйрығыңды кесіп аламын!

Қырсық мысық столдың үстіндегі бояуларды төгіп тастайды. Мақта қыз, мысықты шап береді де, құйрығын кесіп алады. Мысық қатты мияулап, мақта қызға жалынады.

Мысық: -Мақта қыз-ау, мақта қыз құйрығымды берші, кешірші.

Мақта қыз: - Бермеймін. Маған қағаз бен бояу тауып әкеліп берсең саған құйрығынды қайтарам.

(Мысық, жан-жағына қарап, енді не істеймін деп қатты уайымдайды. Кенет табан астынан бір ой келеді.)

Мысық: - Мақта қыз жүр балабақшаға барайық, балабақшадағы балалардан көмек сұрайық, балабақшадағы балалар бізге көмектеседі (деп мысық пен Мақта қыз балабақшаға аттанады. Құйрықсыз мысықты көрген балалар келеке етіп, мазақтайды күледі)

- Балалар, күлмеңдер менің құйрығым болған. Оны Мақта қыз кесіп алды. Мен оның бояуын төгіп, қағаздарын бүлдіріп тастадым. Енді маған құйрығымды қайтару үшін сендердің көмектерің керек. Көмектесе аласыздар ма?

Балалар: - Ия

Жүргізуші: Қош келдіңдер мысық пен Мақта қыз.-Мысық сен уайымдама. Біздің балалар өте ақылды, сендерге көмектеседі, ендеше алдымен біз сені қағаз әлеміне алып барайық.

Мысық: - Ақ қағаз, ақ қағаз маған қағаз бересің бе?

Ақ қағаз: - Алдымен менің көңіл-кұйімді көтеру үшін маған ән орындап бер, сосын мен саған қағаз беремін.

(Мысық жылайды)

Мысық: - Мен ән білмеймін ғой, енді не істеймін?

Жүргізуші: - Мысық сен жылама Біздің балаларымыз әдемі ән орындап береді.

Ән: «Мамочка милая»

Ақ қағаз: - Өнерлерің ұнады ендеше қағаз берейін

(Мысық пен Мақта қыз қағазды алып су бояулар әлеміне барады.)

Мысық: - Су бояу, су бояу маған су бояу бересің бе?

Су бояу: - Алдымен сен маған әдемі би билеп бер, сосын мен саған су бояу беремін.

(Мысық жылайды)

Мысық: - Мен би билеу білмеймін ғой, енді не істеймін?

Жүргізуші: - Мысық сен жылама. Біздің қыздар саған көмектеседі.

Испан биі: «Фламенко»

Су бояу: - Маған билерің қатты ұнады ендеше су бояуымды берейін

(Мысық су бояуды алып қарындаштар әлеміне барады.)

Мысық: - Қарындаш, қарындаш маған қарындаш бересің бе?

Қарындаш: - Мысық –ау мен қарындаш беремін, алдымен осы қарындашпен сурет салып берсең.

(Мысық жылайды)

Мысық: - енді не істеймін? Мен сурет салалмаймын ғой.

Мақта қыз: - Мысық сен жылама. Мен салу білем суретті, балалар маған көмектеседі

Ойын:«Анамыздың портреті»

Шарты: Аналар беттеріне ламинатталған парақ ұстап отырады, балалар аналарының беттерін бояйды.

Мысық: - Балалар сендерге көп рахмет, мен сендерге ризамын (деп қарындашқа портреттерді береді ).

(Қарындаш мысыққа қарындаштарын береді., мысық қарындашты Мақта қызға береді)

Мақта қыз:- Жарайсың мысық, енді маған қылқалам керек

(мысық қылқаламға келеді)

Мысық:- Қылқалам-қылқалам, маған бір қылқаламыңды берші.

Қылқалам: Мысық мен саған қылқалам беремін, егерде маған әдемі әуен ойнап берсең

Мысық:-Арине әуен ойнап беремін, менің өнерлі достарым бар, олар көмектеседі-деп балаларға қарайды

Балалар: Арине, көмектесеміз

Жүргізуші: Ендеше қыздарымыз мысыққа көмекке келіңдер

«Қоңыраулар» оркестрі

Мысық: Рахмет қыздар, сендер нағыз доссыңдар.

(Қылқалам мысыққа бір қылқаламын береді, мысық рахмет айтып оны Мақта қызға береді)

Мақта қыз: Мысық, сенің арқаңда достарымыз көбейді, осындай мерекеде әжемді құттықтайын деп едім. Балалар, әжелерімізді құттықтайық.

Жүргізуші: «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек


Адилет: Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Ауырмашы ,ай әжем


8 бала: Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі



9 бала. Немересін жанындай

Әжем жақсы көреді

Қонаққа барса ұмытпай

Кәмпіт әкеп береді


10 бала:Тірегі болып жанында

Бірге еріп жүремін

Жанашырым жанымда

Тек әжем деп білемін



11 бала: Ақ әжемді арқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін


12 бала: Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Балдай тәтті бал әжем


13 бала:Сауле шашқан әсем күндей

Көтерілсін көңіліңіз

Жарқыраған қызыл гүлдей

Болсын әсем өміріңіз

Жүргізуші: Гүлденнің орындауында әжелерімізгеәдемі ән

Ән: Ақ әжем» Гүлден орындайды

Мақта қыз: Әжелерімізді бір қуантып тастадық.(осы кезде мысық сурет тауып алады)

Мысық: Мен бір сурет тауып алдым-деп балалар,а көрсетеді.

Жүргізуші: Қандай керемет сурет, кімдікі екен? Балалар, не бейнеленген? Кім айтады?

Балалар: Көктемгі табиғат бейнеленген.

Жүргізуші:- көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар:(күн жылынады, қар ериді, құстар сайрайды, ағаштар бұршік атады, бәйшеше, қызғалдақтар гүлдейді).

Жүргізуші:- Өте дұрыс айтасыңдар, ендеше осы қызғалдақ гүлдерімен ойын ойнайық.

Мақта қыз бен мысық та ойнасын. Екі топқа бөлінеміз, бір топ Мысықпен, бір топ Мақта қызбен ойнайды.Енді шартын мұқият тындаңдар.(түсіндіреді)

Ойын: «Кім көп гүл жинайды екен?» (Барлық балалар жауап береді)

Шарты: мен бүгін себетім толы гүлдерді алып келдім осы гүлдерді сұрақ жауап арқылы екіге бөлеміз, ол үшін сендердің көмектерін керек. 1 ші себетке әке деп жауап берсеңдер ал екінші себетке аналар деп, жауап берсеңдер саламын. Кім көп гүл жинайды екен?

Үйде кім тамақ пісіреді? 2. Көлікті кім жүргізеді?

3. Диванда жатып теледидарды кім қарайды? 4.Сендерді кім жуындырады? 5. Кірді кім жуады? 6. Шегені кім қағады? 7. Сендерді кім ойнатады?, 8.Футболға кім барады?, 9. Ертегіні кім оқиды?, 10. Дәмді бауырсақты кім пісіреді? 11. Жиһаз сынып қалса кім жөндейді? 12. Үйде басшы кім?

13. Компьютерде кім көп отырады? 14.Телефон мен кім көп сөйлеседі? 15 Кім сендерді көп еркелетеді? 16.Кім киім үтіктейді? 17. Кім дүкенге көп барады? 18. Ауыр сөмкені кім көтереді? 19. Тақпақты кім жататқызады? 20. Көлікті кім жөндейді?

Жүргізуші: жарайсыңдар, балалар, ал енді қай себетте гүл көп екен?

Қане кім санап береді? (екі бала шығып санайды)

Жүргізуші: Ал, балалар, көктем туралы жыр-шумақтарымызды айтайық.

Ән: «Көктем» хор

Балалардың тақпақтары:

14-бала:

Көктем, көктем, көктемді

Әнмен қарсы аламыз

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз!!!

15-бала

Көктем күні керемет

Жаңбыр жауып себелеп

Күн ашылса болғаны

Көлбендейді көбелек.

16-бала:

Көктем шығып қар еріп

Жадырады жер бсы

Ақ қайыңдар бүр жарып

Жарасады сырғасы!!!

Мақта қыз: Мысық сен анаңа көмектесесіңбе? Мен анама көмектесемін, уй сыпырамын.Ал сенші?

Мысық: Мен көмектесемін, ал балалардан сүрайықшы . Қыздар көмектеседі, үлдар сендер көмектесесіңдерме?

Ортаға үш үл бала шығады:

17-бала:

Қалай көмектесем деп Ертелі кеш ойладым Ыдыстар сынып қалар деп Кір болсада жумадым

Шаңы шығып кетер деп Үй сыпырып қоймадым


18-бала:

Балабақша болмаса

Дүкенге өзім барар ем

Ақшам көп болса анама

Сәнді көйлек алар ем

Қолымнан келсе от жағып

Ағашты да жарар ем


19-бала:

Қыз болсам ғой қиналмай

Кірін жуып өояр ем

Шәй қайнатып, бала ойнатып

Үйді жинап қояр ем


20-бала:

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!