Материалдар / 8 – Наурыз «Супер келін» сайысы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 – Наурыз «Супер келін» сайысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сайыста ұжымдастар арасында ауызбіршілікті нығайта түсу, келіндер тапқырлығын, іскерлігін, ибалық пен инабаттылығын, мәдениеттілігін анықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
1207
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 – Наурыз «Супер келін» сайысы.

Залға барлық аналар, әжелер мен қыздар кіреді. Залға кірген сәтте меркелік шашу шашылады. (Барлығы орындарына жайғасады.)

«Любовь настала» әні орындалады. (Осы сәтте жігіт қызды мерекелік кешке шақырып, оның кешініп жатқан сәтін қимыл-қозғалыспен көрсетеді, қолында бір шоқ гүлі бар қыз келіп онымен би билеп, орнына жайғастырады.)

Хамит аға: Мен сені көргеніме өте қуаныштымын, мына гүлдің сұлулығы сіздің сұлулығыңызға жетпейді. Бірақ та сіз осы гүл шоғын менің атымнан шын жүректен қабылдарсыз деген үміттемін. – Бүгін ауа-райы қандай тамаша!

Айнұр: Иә, иә шындығында қазір көктем ғой.

Хамит аға: Көзді ашып жұмғанша көктем де келіп қалды.

Айнұр: Қар еріп, күн жылып, жер көгере бастады.

Хамит аға: Айнұр, білесің бе, маған біреу көктем десе, қыздар елестейді, ал қыздар десе, көктем елестейді, соның себетін түсінбей қойдым.

Айнұр: Иә, әрине көктемде гүлдермен бірге қыздар да құлпыра бастайды ғой. Бәлкім осында шығар мұның сыры.

Хамит аға: Құрметті ханымдар, олай болса бүгінгі кеште барша ерлер қауымы сіздерге деген ыстық лебіздерін білдіреді.

Айнұр: Тек қана бүгінгі кеште ғана ма?

Хамит аға: Жоқ, жоқ, Айнұр, сен олай ойлап қалма, 1 жылда 365 күн болса, тіпті сіздерді 366 күн бойы жақсы көретін боламыз, бірақ соны біз өз сөзімізбен бірақ күнде жеткізе аламыз.

Айнұр: ал, сіз 1 күнде 365 күн бар дейсіз, 366 шы қай күн сонда?

Хамит аға: Ол 8 Наурыз күні.

Айнұр: Хамит аға, сіз жан-жағыңызда небір сұлу қыз-келіншектерді байқадыңыз ба? Олардың ішкі сырына үңілсек небір өнерлері бар, бәлкім соны тамашалармыз.

Ән: «Көктем вальсі»

Айнұр: Хамит аға, білесіз бе осы жерде отырған бір кісі көзіме оттай басылып отыр. А-а-а таптым, ол кісі барлық әйел халқына өз жылы лебізін білдіргісі келетін секілді.

  • Мадақтамаларын беріп, магнитафон әрбір топқа ұсыну.

  • Немерелі болған әжелерге қамзол кигізу.





Хамит аға: Ендеше, мен қалай ғана тыныш отыра аламын, менің де өзімнің ән шашуым бар.

Ән:

Айнұр: Хамит аға, білесіз бе 8 наурыз күні Зада апаның қызын ұзатқалы отыр, ол да келін атанбақ.

Хамит аға: Бақытты келін болсын, барған жеріне тастай батвп, судай сіңсін. Бала келін, ана келін, дана келін атансын.

Ән: «Қазақтың келіндері»

Айнұр: Хамит аға, сіздің ойыңызша келіндер қандай болу керек?

Хамит аға: Сыпайы, инабатты, ибалы.....

Айнұр: Ендеше, біздің балабақшада ондай келіндер өте көп, мүмкін байқап көреміз. Қазіргі келіндер жай ғана емес, олар «Супер келіндер» болуы керек. Оларды ендеше қалай анықтаймыз?

Хамит аға: Ол кім? Өзін таныстыра білу керек. Екіншіден, 5 саусақ болған соң сол саусақтан тамшылап өнер таму керек.

  • Ақылгөй болу керек, бірақ сіздер ойлап қалмаңыздар ол данышпан емес, болады ,ой адамдар, жұртқа ақыл айтқанды біледі, бірақ сол кеңестерін өздері іске асырмайды.

  • Қазақ болған оң, қазақтың салт-дәстүрлерін білуі керек.

  • Келін тағамды дәмді дайындауы керек.

  • Заман талабына сай киіне білетін болуы керек.

Міне, осы талаптарға сай келіндерді мен «Супер келін» деп атар едім.

Айнұр: Біздің балабақшада жас келіндер өте көп қой. Бірақ олардың қайсысы «Супер келін» екен?

Хамит аға: О о о, жас келіндер көп екен ғой. Бізге супер келінді анықтау үшін әділ баға беретін әділ қазылар мүшесі керек қой.

Айнұр: Әлі келін алмаған, келін жұмсамаған кісілерді таңдап алып, қиялындағы келін бола алады ма? Бәлкім соны көрелік. Олай болса, барлық келіндерді ортаға шақырайық.

  • (келіндер ортаға келеді)

  • (әділ қазыларды жариялау)

  • (жеребе бойынша сайыскерлердің реттілігін анықтау)

  • «Аналарға арнау»

I Таныстыру.

Ән:

Айнұр: Хамит аға, сіз жаңа 5 саусағынан өнер тамған болу керек деген едіңіз, мүмкін оны да байқап көрейік.

II Өз өнерін көрсету.

Айнұр: Хамит аға, сіз білесіз бе, біздің ағайларға келіндердің өнерлері қызық емс ау деймін. Қызықтыратын тапсырмалар берсек қайтеді? Біздің салауатты өмір салтын сақтайтын, денсаулығымыздың нығаюына көмектесетін Эльвира деген аруымыз бар, ол а,айлармен ойын ойнағысы келеді.

Ойын: «Эстафеталық ойындар» (ер кісілермен)

(скакалкамен секіру, резинкада секіру, обручпен айналу, сиыр сауу)

Айнұр: Хамит аға, келіндер кішкентай кездерінде скакалкамен секірді, резинкамен секірді, олардың да бір құпиясы болар, бәлкім келіндерімізден ақыл сқрап көрелік.

III Супер келіннен ақыл-кеңес.

Ән: Айгерімнің орындауында керемет ін жолданады.

«Келіндер көтерілісі» сахналық көрініс

Ғажайып сәт: Современная әже, көрші әженің келуі.

(сыйлықты әже каробкамен алып келеді)

Құттықтау қағаздарын тарату.

Әже: Біздің кезіміздегі билер мынадай болатын еді.

Айнұр: Хамит аға, алғаш келіншегіңіздің үйіне барғанда жасаған салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойғысы келеді.

IV Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қою.

  1. «Атқа мінгізу» тойы.

  2. Балаға ат қою.

  3. Бастаңғы.

  4. Жаушы жіберу.

  5. Құда түсу.

  6. Төркіндеу.

  7. Ақсүйек ойыны.

  8. Сыңсу.

Әжелер бата беріп қайтады.

Айнұр: Хамит аға, сіз қандай тағамдар әзірлей аласыз? Сіздің ең тез әрі дәмді тағам әзірлеген сәтіңіз болды ма? Мен мына келіндердің дәмді және тез тағам дайындайтынын байқағым келеді.





V Дәмді және тез.

Ойын: «Тапқыр достар»

Шарты: Бес кісіге әріптер беріледі. Қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөздер айтулары тиіс.

  1. Мерекедегі көңіл күйіңіз қалай?

  2. Мереке алдында «Смолдан» не сатып алдыңыз?

  3. Сіз қандай сыйлықты ұнатасыз?

  4. Бүгінгі мерекені пайдаланып кімге көңіл білдіргіңіз келеді?

  5. Бүгінгі отырыстан алған әсеріңіз?

Хамит аға: Айнұр, естуімше сендер әрбір мерекелік кешке бір көйлек алып киеді екенсіңдер, сол рас па?

Айнұр: Әрине рас, әрбір мереке біз үшін бір жаңа үлгідегі көйлекпен тең. Мен бірақ биылғы жылдың модасын көруді мүлдем есімнен шығып кетіпті, мүмкін менде болашақ келінмін, жаңағы келіндерден байқап көрерміз.

Мода: жаңа үлгідегі.

Айнұр: О, Хамит аға, сізге не болды, аузыңыз ашылып қарап қалыпсыз.

Хамит аға: Айнұр, мынау не деген керемет десеңші, бірақ біздің кезіміздегі келіндерге жетпейді ғой шіркін.

Айнұр: Сонда сіздің заманыңыздағы келіндер қандай болып еді?

Хамит аға: Оны қазір көресіңү

Ән: «Виновата ли я»

Мода: ертеректегі келіндердің киім үлгісі.

Хамит аға: Айнұр, менің супер келіндерге қойған талаптарымды орындап болған секілді, сен қалай ойлайсың?

Айнұр: Хамит аға, біз оның әдел бағалаушысын тағайындап едік қой, мүмкін сол кісілер анықтар.

Жеңімпаздарды жариялау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!