
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
8- сынып оқу сауаттылығы мен қазақ тілінен тест 3- тоқсан
8– сынып оқу сауаттылығы мен қазақ тілінен тест
1-нұсқа
1- мәтін
Баяғыда қонақжай бір кісі болған екен. Әйелі болса жолдасының
күнде бір кісілерді ертіп келетініне жыны келетін. Бірнеше рет
жолдасына:
— Күніге бір қонақты ертіп келесің, қонақтарың болса балаларымыздың
несібесін жеп кетеді. – десе де, жолдасы сонда да үйге қонақ
шақырмай тұрмайтын.
Бір күні әйелінің шыдамы таусып, ғұламаның қасына ақыл сұрап
барады.
— Жолдасым қонақ шақырмаған күн жоқ. Балаларымыз өсіп келе жатыр,
олардың сабағына біріктірген ешқандай ақшамыз жоқ. Тапқан
ақшамыздың бәрі сол қонақтарды күтіп, оларды тойдыруға жаратылып
жатыр.
Ғұлама әйелдің күйеуін де қасына шақырып, неге олай істейтінің
сұрайды
— Қонақ шақырмай тұра алмаймын! Асымызды қонақпен бөліссек,
үйге береке кіреді- дейді.
Ғұлама екі жақты да тыңдап, әйелден күнде үш-төрт емес бір ғана
қонақ келсе наразылығы болып болмайтынын сұрайды. Әйел оған да риза
емес:
— Мен балаларымның несібесін басқасына жегізе алмаймын,- деп
тұрып алады.
Күйеуі ең болмаса күнде бір қонақ келсінші деп сұрайды. Ақыры әйел
көнеді. Алайда ертеңіне жолдасы қайта екі қонақ ертіп келгенін
көреді. Әйел ашуланса да, ашуын сыртқа көрсетпей ас үйге кіріп үш
кісілік ас дайындайды. Қонақтар кетіп қараса жасалынған тамақ бір
кісілік артылып қалады.
Әйел жолдасына:
— Қонақтың біреуі неге тамақ ішпей кетті? деп сұрайды. Жолдасы
аң-таң:
— Қай қонақты айтасың? Мен бір-ақ қонақпен келдім ғой.
Бірақ әйел бір емес екі қонақтың келгенін нақты көргенің айтады.
Анығын білу үшін олар қайта ғұламаның алдына барады. Ғұлама болған
жағдайды тыңдап:
— Жұбайыңыз рас айтады! Үйге екі қонақ кірген. Бірақ екінші
қонақ адам емес, адам кепіліндегі несібе болатын. Қарсы болсаңыз да
дастархан жайып қонақты жылы қарсы алғаныңыз үшін несібе азаймады.
Өйткені әр қонақ өз несібесімен келеді, тіптен несібесі өзінен 40
күн бұрын келеді. Яғни, ешкім ешкімнің несібесін жей алмайды,
несібе де азаймайды… керісінше, қонақ шақырған үйдің несібесі
артады.
1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Ақылды қария
B) Қонақжай жігіт
C) Құтты қонақ
D) Шайпау келіншек
E) Қонақ несібесі
2.
Мәтіндегі жігітке тән ерекше
қасиет
A) Көріпкел
B) Жомарт
C) Көңілшек
D) Қонақжай
E) Ақжүрек
3.Мәтіндегі: « Мен балаларымның несібесін басқасына жегізе алмаймын» деген келіншектің сөзінің мәнісі
A) Балаларына тиесі асты меңзеп тұр
B) Балаларына тиесілі қаражатты айтып тұр
C) Балаларының еңбегін айтып тұр
D) Балаларының тамағын қызғанып тұр
E) Балаларының қарны тоймай жүргенін меңзеп тұр
4. Мәтіндегі әр қонақ өз несібесімен келеді деген ойдың мәнісі
A) Қонақ үйге құт, береке әкеледі.
B) Қонақ келсе, қой егіз табады дейді.
C) Қонақ өзінің азығын ала келеді дейді.
D) Қонақ өз орнын біледі деп тұр.
E) Қонақ өзінің батасын береді дейді.
5. Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсілдер
A) Әңгімелеу, суреттеу
B) Сипаттау, пайымдау
C) Болжау, хабарлау
D) Зерттеу, суреттеу
E) Хабарлау, ақпарат
6.
Мәтін мазмұнын қорытындылайтын
мақал
A) Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың.
B) Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.
C) Құтты қонақ несібесімен бір келер.
D) Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
E) Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал
2 - мәтін
1. Бөгелек — жарғаққанаттылар отрядына жататын жәндіктер. Олар — соналар тобының бір түрі. Еуропалық бөгелектер Американың шығыс жағына алғаш рет 1800 жылдары келген.
2.Аналық бөгелектің ұзындығы — 5,5 см. Аталықтары жұмысшы қызметін
атқарады және дене тұрқы кішірек болады.
Бөгелектердің көздері тереңдей шұңқырлана
орналасқан. Қанаттары сарғыш бурыл түсті, құрсағы қызғылт сары
түсті. Денесінің үсті қоңыр жолақтармен көмкерілген. Бөгелектің
шаққаны адамдарда ауырсыну сезімін тудырғанымен, оның уының әсері
бөгелектердің түріне байланысты әртүрлі болады. Сондай-ақ шаққан
жерінің қаншалықты терең болуына байланысты уының мөлшері де
әртүрлі таралады. Соның әсерінен туындаған аллергиялық реакциялар
медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда өлімге әкелуі
мүмкін.
3.Бөгелек түнде белсенділік танытып, түнде
ұшатын жәндіктерді аулап, дернәсілдерін қоректендіру үшін ұяларына
тасиды.
Бөгелек уын жәндіктерді өлтіру үшін қолданады. Қауіп төнген
жағдайда ұяластарына белгі беріп, көмекке шақыра алады.
Оның ұясы жақын жерде болса, жануарлар үшін де, адамдар үшін де
үлкен қатер туғызады.
Ұяларын қағаз және ағаш қойыртпақтан ағаш
қуыстарына, шатырларға салады. Шіріген ағаш діңгектері мен
бұталарын пайдаланатындықтан, қоңыр түсті болады.
Ересек аталықтары ұя салуға қатыспайды, олар дернәсілдерді бағумен
айналысады. (165 сөз)
7.Бөгелектің ұясының адамдарға жақын орналасуы неге зиян саналады?
A) улы болғандықтан
B) бірден аллергия тудыратындықтан
C) түнде ұшатындықтан
D) ағаштарды шірітетіндіктен
E) зияны көп болғандықтан
8. Бөгелектер неге түнде ұшатын жәндіктерді аулайды?
A) түнде жәндіктер көп ұшатындықтан
B) өзі де түнде ұшатындықтан
C) қорегі түнде ғана ұшатындықтан
D) тұрқы кішірек болғандықтан
E) аталықтар күндіз жұмыс істегендіктен
9. Мәтін мазмұнына лайықтысын белгілеңіз
1.Ұясын қағаздан салады .
2.Ересек аталықтар ұя салуға қатыспайды.
3.Дернәсілдерін қоректендіреді
A) 1,2
B) 1
C) 1,3
D) 2
E) 2,3
10. Дернәсілдерді бағумен айналысады…
A) аналықтар
B) дернәсілдер
C) ұяластары
D) аталықтар
E) соналар
Қазақ тілі
11. Әдеби тілдің грамматикалық нормасы деп
-...
А)
Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы .
В) Тіліміздегі грамматикалық
тұлғалардың бір ізге, бір қалыпқа түсіп,
дағдыға айналуы.
С) Тіліміздегі грамматикалық
тұлғалардың бірінің орнына бірінің жұмсалуы.
Д) сөйлемнің құрамында тұрса да,
басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше
12. Сөйлем дегеніміз не?
А) Біршама тиянақты ойды
білдіретін сөздер тобы.
В) кемінде екі сөздің мағыналық
әрі тұлғалық жақтан байланысуы.
С) Тіліміздегі грамматикалық
тұлғалардың бірінің орнына бірінің жұмсалуы.
Д) сөйлемнің құрамында тұрса да,
басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін
мүше.
13. Сөйлемді табыңыз.
А) Ұлттық мәдениет
В) Айтуға бола ма?
С) Досыммен бірге
Д) Әттеген – ай
Е)
Қап
14. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қанша
түрі бар?
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4
15. Сөйлемнің белгілерінің бірін
табыңыз.
А) Өзара грамматикалық тәсілдер
арқылы сабақтаса байланысуы
В) Зат, құбылыс жайында нақты
түсінік
С) Интонция
Д) Бағыныңқы, басыңқы сыңарлардан
тұрады
Е)
Қосымшалы
16. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A) Ал сосын
В) Қайдағы жау
С) Ойсыздарға қосылма
Д) Жел де жоқ
Е) Неге бұғасың
17. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы
сөйлемді табыңыз.
A) Қар жауса ше?
В) Жағдай қалай?
С) Балам, аманбысың?
Д) Мынау сен шығарсың?
Е) Бұл сен бе?
18. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
A) Егіс көлемін ұлғайт
В) Ал Жамал ше
С) Тіл қандай
Д) Бұл - тарихи жер
Е) Сен енді бала емессің
19. Адамның түрлі көңіл - күйін білдіретін
сөйлем қалай аталады?
A) лепті B) сұраулы C) хабарлы D) бұйрықты E) атаулы
20. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.
Таңертең сағат жетіде тұрамын.
А)ілік септік
В)барыс септік
С)көмектес септік
Д)жатыс септік
Е)атау септік
Жауабы:
1.E) Қонақ несібесі
2. D) Қонақжай
3. A) Балаларына тиесі асты меңзеп тұр
4. A) Қонақ үйге құт, береке әкеледі
5. A) Әңгімелеу, суреттеу
6. C) Құтты қонақ несібесімен бір келер.
7. A) улы болғандықтан
8. B) өзі де түнде ұшатындықтан
9. A) 1,2
10. D) аталықтар
11. В) Тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге, бір қалыпқа түсіп, дағдыға айналуы.
12. А) Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы.
13. В) Айтуға бола ма?
14. Д) 4
15. С) Интонция
16. Д) Жел де жоқ
17. Д) Мынау сен шығарсың?
18. A) Егіс көлемін ұлғайт
19. A) лепті
20. Д)жатыс септік
8– сынып оқу сауаттылығы мен қазақ тілінен тест
2-нұсқа
1- мәтін
Ерте ерте ертеде перідей сұлу бір қыз болған екен… Қыздың әдемілігіне қызығып небір бай, атақты, сынды кісілер алыс-жақын демей тек оны көру үшін келетін. Бірақ бойжеткен құда түскендердің ешбірін ұнатпай, барлық сый-сыяпатты кері қайтаратын. Сол қызға көрші тұратын бір бозбала да қызды ұнатқан екен. Әке-шешесіне жолығып, әйел етіп алмақшы болғанда, қыз оны да жақтырмай кері қайтарады.
Бірнеше жыл бір күндей зуылдап өтіп шығады. Көрші бала ол жерден көшіп үйленеді, бала шағалы болады. Бір күні ескі үйінің қасынан өтіп бара жатып, сол кездегі сұлу қыз есіне түседі. Қыздың жағдайын далада отырған бір қариядан сұрайды. Қария гүл бақшасы бар үйге сілтеп, ол қыздың үйленгенін айтады. Жаңағы жігіт бір кездері ешкімді ұнатпай, ешкімге келісімін бермей жүрген қыздың жолдасы қандай екен деп тағы ойлайды. Қыздың үйіне жақындай бергенде, үйден шығып келе жатқан біреуді көреді; сондағы қыздың жолдасы – кішкентай, семіз, басы таз шал екен. Оның үстіне бай да емес. Қыздың таңдап жүріп қалайша мынандайға тап болып тұрмысқа шыға салған екен деп үйдің есігін қағады. Есікті ашқан қызға өзін танытып, мазалап тұрған сұрағын сұрайды. Қыз бақшадағы гүлдер арасынан ең әдемісін таңдап әкелсе ғана жауап беретінін айтады. Бірақ оның да бір шарты бар – бірден артық гүл жұлуға болмайды және таңдап жүріп артқа қайтуға болмайтынын ескертеді.
Жігіт гүл бақшасына үңілген сайын бір-бірінен әдемі, көздің жауын алатын гүлдерді көреді. Бірден көзге үлкен сап-сары гүл түседі. Іздегенім осы деп гүлді жұлып алайын десе, көзіне енді қызыл гүл ілінеді. Сарыны тастап, қолын қызыл гүлге соза бергенде, бір-екі қадам алда әдемі көк гүл шанағының өсіп тұрғанын көреді. Осылай жүріп жігіт гүл таңдай алмай бақшаның соныңа қалай жеткенін байқамай да қалады. Қайткен күнде де бір гүлді жұлу керек болғандықтан, амалы қалмай кез келген гүлді жұла салып қызға әкеледі. Бақшаның ең әдемі гүлін алып келуі керек болған жігіттің қолында солуға бет алған әрі жапырағы түскен гүлді көрген қыз былай дейді: “Көрдің бе … бақшадағы гүл сияқты.. алда бұдан да жақсысы кездесер деп тұрғанда өмір өтті де шықты.”
1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Қыздың өкініші
B) Әдемі гүл
C) Өткінші өмір
D) Бақша гүлдері
E) Сұлу қыз
2. Қыздың жігітке ең әдемі гүлді алып келуін өтінуінің мәнісі
A) Айтар ойын дәлелдегісі келеді.
B) Жігітті сынамақ болады.
C) Жігіттің талғамын байқамақ болды.
D) Әдемілікті дәлелдегісі келеді.
E) Өз өмірін айтқысы келеді.
3. Мәтін мазмұнына алшақ ой
A) Қыз таңдап жүріп отырып қалады.
B) Жігіт қызды іздеп келеді.
C) Бақшада әдемі гүлдер көп екен.
D) Уақыт ешқашанда күтпейді екен.
E) Қыздың жұбайы жайсыз адам болады.
4. Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсілдер
A) Әңгімелеу
B) Сипаттау
C) Зерттеу
D) Ақпарат
E) Пайымдау
5. Мәтіннің соңғы бөлімінен қыздың қандай көңіл күйі көрінеді?
A) Күйініші
B) Өкініші
C) Сүйініші
D) Сабырсыздығы
E) Алаңдаушылығы
6.Мәтін мазмұнын қорытындылайтын даналық ой
A) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
B) Суға кеткен тал қармайды.
C) Таңдаған тазға жолығады.
D) Қол сынса, жең ішінде.
E) Бөрі азығы жолда.
2- мәтін
1.Әлемдегі ең үлкен шөл 9 000 000 шаршы. км аумақты қамтитын Сахара шөлі. Бұл құмды шөл Солтүстік Африканың бүкіл жазығын алып жатыр. Туаректік диалектіде «Сахара» сөзі «шөл» деген мағынаны береді.
2.Құмды, шөлейтті аймақтың жаз мезгіліндегі
температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, ал қыста 15-28 градус
аралықты ұстап тұрады.
Шөл даланың кейбір бөліктерінде бірнеше жылдар бойы жаңбыр тамшысы
тимеген жерлерде бар.
Сахарадағы жалғыз су көзі – Ніл өзені. Шығысқа қарай ағатын аталмыш өзен кұмды аймақтың басым бөлігін басып өтеді. Дегенмен Сахараның кей бөлігінде ылғалды алқаппен жер астындағы бұлақтан шығатын құдық бар. Бұл ерекше құмды аймақта джиппен серуендеуге келген туристер үшін арнайы бөлімшелер орналасқан. Сахара шөлінде құрма ағаштарымен дәмі тіл үйірер жүзім өседі екен.
3.Құмды аймақта Тегази деп аталатын қала бой көтерген. Мұндағы үйлер тұзды тастардан салынған. Бұл қала – ғаламшарымыздағы сусыз, құрғақ, шөлейтті орындардың бірі.
4.Орг-эр-равиден келетін керуеншілер ылғалды алқап жақын маңда деп ойлап сағымның құрбанына айналып жатады.
5.Құмды, тасты, сазды, тұзды сынды шөлейтті аймақтың бірнеше түрі бар. Сахара құмды шөл далаға жатады. (167 сөз)
7. Мәтіннің 3- бөліміндегі айтылған ойды белгілеңіз
A) Ніл өзені туралы
B) Құмды аймақтағы құрылыс
C) Сахара шөлі туралы
D) Шөлейтті аймақ туралы
E) Африка жазығы туралы
8. Керуеншілер дегеніміз… сөйлемді жалғастырыңыз
A) сапар жасауға шыққан адамдар
B) саяхат жасаушы адамдар
C) құрылыс тұрғызушы адамдар
D) шөлді зерттеуші адамдар
E) құрма мен жүзім өсіруші адамдар
9. Мәтін мазмұнына сай сөйлемді белгілеңіз
1.Сахарада жаңбыр болмаған жерлер бар.
2.Сахарада құрма, жүзім өспейді.
3.Сахарада үйлер тұзды тастардан салынады.
4. Туристер үшін бөлімшелер бар.
A) 1-2-4 B) 2-3-4 C) Барлығы дұрыс D) 1-3-4 E) Барлығы бұрыс
10. Мәтіннің түрін анықтаңыз
A) суреттеу B) сипаттау C) зерттеу D) әңгімелеу E) ақпарат беру
Қазақ тілі
11.Сөйлемнің түрін анықтаңыз
Күн батты,тауды қара көлеңке басты.
А) Сабақтас құрмалас сөйлем
В) Жай сөйлем
С) толымды сөйлем
Д) Салалас құрмалас сөйлем
Е) Аралас құрмалас сөйлем
12. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Ей.
В)Қызыл
С)Жеті
Д)Сірә
Е)Балам
13. Нақтылық мәндегі шылауды көрсетіңіз.
А)Күйтабақта Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері жазылған.
В)Өмірден өз орнын тапқан-ды.
С)Қолына тек домбыра берсең болды.
Д)Ол бүгін аңшы туралы мәтін оқыды.
Е)Қазақтың ақын қыздарының қатарында Ұлбике ақынның алатын орны ерекше.
14. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.
Таңертең сағат жетіде тұрамын.
А)ілік септік
В)барыс септік
С)көмектес септік
Д)жатыс септік
Е)атау септік
15.Себеп-салдар пысықтауышты табыңыз.
Қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.
А)жұмыс
В)көп
С)игеру үшін
Д)жасалып жатыр
Е)қара алтынды
16.Тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір қалыпқа түсіп дағдыға айналып жұмсалуын не деп айтамыз?
А) Грамматикалық норма
В) тілдік норма
С) Нормадан жөнімен ауытқу
Д) Грамматика
Е) Синтаксис
17. Сұрау
есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді
табыңыз.
A) Қар жауса ше?
В) Жағдай қалай?
С) Балам, аманбысың?
Д) Мынау сен шығарсың?
Е) Бұл сен бе?
18. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
A) Егіс көлемін ұлғайт
В) Ал Жамал ше
С) Тіл қандай
Д) Бұл - тарихи жер
Е) Сен енді бала емессің
19. Адамның түрлі көңіл - күйін білдіретін
сөйлем қалай аталады?
A) лепті B) сұраулы C) хабарлы D) бұйрықты E) атаулы
20. Әртүрлі тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобын не деп атаймыз?
А) Тұрлаулы мүше
В) Сөйлем
С) Сөз тіркесі
Д) Тілдік норма
Е) Нормадан ауытқу
Жауабы:
1. C) Өткінші өмір
2. A) Айтар ойын дәлелдегісі келеді.
3. A) Қыз таңдап жүріп отырып қалады.
4. E) Пайымдау
5. B) Өкініші
6. C) Таңдаған тазға жолығады.
7. D) Шөлейтті аймақ туралы
8. A) сапар жасауға шыққан адамдар
9. D) 1-3-4
10. E) ақпарат беру
11. Д) Салалас құрмалас сөйлем
12. Д)Сірә
13. В)Өмірден өз орнын тапқан-ды.
14. Д)жатыс септік
15. С)игеру үшін
16. А) Грамматикалық норма
17. Д) Мынау сен шығарсың?
18. A) Егіс көлемін ұлғайт
19. A) лепті
20. В) Сөйлем

