400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

8-cынып Сүйек байланысу типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Мөнекей негізгі орта мектебі

Күні


Мұғалімнің аты-жөні:

Сагиева Б.Е.

Сынып 8

Барлығы - 4

Қатысқандар – 4

Қатыспағандар -0

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.3В.Қозғалыс.

Сабақтың тақырыбы:

Сүйектің байланыс түрлері:қозғалмайтын,жартылай қозғалмалы,қозғалмалы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Адам қаңқасының құрылысын, қызметін және маңыздылығын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Тірек-қимыл жүйесінің ерекшеліктерін талдай алады.

Кейбір оқушылар: Қаңқаның маңыздылығы және сүйектердің байланысу түрлері туралы қорытынды жасай біледі.

Бағалау критерийі

Сүйектердің байланыс түрлерін салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

Сүйектің байланысу туралы берілген ресурстарды оқып, талдай алады. (оқылым)

Сүйектің байланысуы үш бөлімнен тұратынын, қызметтерінің айта алады (айтылым)

Топтық жұмыс барысында ой бөлісіп,бір бірін тыңдайды (тыңдалым)

Сүйектердің байланысын, қызметін жазып көрсетеді.(жазылым)

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері:

қозғалмайтын,жартылай қозғалатын,қозғалмалы,сүйек жігі,еңбек,үлкен еңбек,қозғалмалы байланысу,буын,буын беті,ойпаң,сүйектің басы,буын қабы,буынішілік байлам,буын сұйықтығы,гиалинді,буын саңылауы,буынның шығуы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Сүйектердің байланысу типтері …

Буын мынадай элементтерден тұрады ...

Талқылауға арналған тармақтар:

Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің үш типі бар.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Адам ағзасында сүйектердің байланысуы болмаса не болар еді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Берілген тапсырмаларды орындай отырып, қажетті мәліметтерді дәптерге түртіп алады.

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият:

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің ең үлгі ретінде қабылданды.Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің,білім беру,денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты.

Пәнаралық байланыс

Адам қаңқасындағы сүйектердің орналасу бұрыштары, қозғалу бағыттары туралы қарастырылғанда физика пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

7-сынып. Ағзаның қозғалыс мүшесі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



























Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

«Сені көргеніме қуаныштымын...»

Әрбір оқушы өз көршісіне ағылшынша тілек айтады.

«Біліп қана қою аз, сол біліміңді істе қолдана білуің керек, ниеттенуің ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек»   Мұғалім  оқушыларды сабаққа  белсенді қатысуға шақырыды. Ынталандырады.

Оқушыларды жұптастыру:

Үй тапсырмасын пысықтау.

Тапсырма 1.

Сүйектің құрылысы мен құрамына қатысты терминдерді таңдап, қызметін айтыңыз.

Д дәрумені Сүйек ұлпасы Меланин Дерма

Аңқа Урохром Кемікті зат Вазопрессин

Сүйекқап Нейрон Химус Паротит

Нефрон Шеміршек ұлпасы Эпидермис Ренин

Уролог Остебластар Паротит Фермент

Май жасұнығы Рецептор Остеон Теміреткі

Безеу Дерматолог Оссеин Капиляр

Жұйке ұштары Түк Коллаген Мүйізді қабат

Тер безі Дәнекер Эпителий

Дескриптор:

Сүйектердің құрылысы мен құрамына байланысты терминдерді табады, анықтамасын айтады.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Адасқан терминдер».

Ұйымдастыру формасы: жеке.

ҚБ: Өзін-өзі бағалалау «+,-»

Тапсырма 2.

Адам қаңқасын модельдеп, кім қанша сүйекті атай алады деп сүйектерді ататып, қаңқаның маңызы неде, бұл қандай мүшелер жүйесіне жатады деп талқылау жүргізу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады. Қаңқаның құрылысы туралы бейнефильмі көрсетіледі

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Ой қозғау»

Ұйымдастыру формасы: жұптық, жеке.
















Қиынды қағаздар


















Бейнефильм

Сабақтың ортасы

20 минут








































Тапсырма 3.

Оқулықтағы «Сүйектердің байланысу типтері» тақырыбын оқып шығып, тапсырманы орындаңыз.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Кластер», «Фишбоун», «Құлып пен кілттер»

Ұйымдастыру формасы: жұптық, жеке.

ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы жүзеге асады. Әр оқушы тапсырманы орындап болған сон бір біріне екі жұлдыз,бір тілек айту арқылы қорытындылайды.


1-жұп: «Кластер» стратегиясы буын элементтерін анықтайды.













2-оқушы: «Фишбоун» стратегиясы арқылы сүйек байланысу маңызын талдайды.













3 -оқушы: «Құлып пен кілттер» стратегиясы арқылы сүйектің байланысу түрлерін сәйкестендіреді. Құлып- түрлері, кілттер - сүйектер. Құлыпты ашу үшін сүйек байланысу түрлерін

а нықтайды.









Дискриптор:

1.Буын элементтерін анықтайды.

2.Сүйек байланысу маңызын айтады.

3.Сүйектің байланысу түрлерін анықтайды және сәйкестендіреді.

Сергіту сәті.

Ағылшынша сөздер арқылы сүйектерден қаңқа құрайды.

Тапсырма 5. Шындық/Жалған (True/False) әдісі бойынша оқушылар берілген сөйлемдерден шындық пен жалған ақпаратты анықтайды.

1. Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің байланысуы 3 түрге бөлінеді T

2. Бір сүйектің шеті басқа сүйекке бірігіп кетеді. Бұл - сүйек қабы F

3. Бас сүйектері мен жамбас сүйектері сүйек жігі арқылы байланысқан T

4. Жартылай қозғалатын байланысу – бұл шеміршек арқылы сүйектердің байланысуы T

5. 10 жұп жоғарғы қабырға төспен буын арқылы байланысады F

6. Нәрестенің бас сүйегінде 5еңбегі (родничок) болады. F

7. Маңдай және төбе сүйектері арасында үлкен еңбек орналасады. T

8. Аяқ-қол, бас сүйегі мен омыртқа жотасы, астыңғы жақ сүйек бастың басқа сүйектерімен қозғалмалы байланыс арқылы бірігеді. T

9.Буын қабы эпителий ұлпасынан түзілген. F

10. Буын байламы – сүйектерге бекитін тығыз талшықты ұлпа шоғыры T

Дискриптор:

1.Сүйектердің байланысы мен түрлерін ажыратады.

2.Буын элементтері мен олардың қызметтерін анықтай алады.

Кері байланыс:

«Пирамида» әдісі

1.Есте сақтайтын 1 мәлімет

2.Білгім келетін 2 мәлімет

3. Мен білетін 3 мәлімет

4. Мен білген 4 мәлімет


Қолданылатын әдіс-тәсіл:

Ұйымдастыру формасы: жұптық,жеке.

ҚБ: жұптық, «Түстердің ескертуі» әдісі. Барлығы дұрыс болса жасыл стикер береді. Қателер болса қызыл стикер береді.

















Түрлі- түсті маркерлер, плакат,оқулық.


























Сабақтың соңы

10 минут


Кері байланыс:

Өзін-өзі бағалау «Бағалау парағы»

Үйге тапсырма: Эссе тақырыбы « Адам денесіндегі сүйектердің байланысу түрлері »


Қосымша ақпарат

Сіз білесіз бе?

Буындық байланыстар.

1. Құйымшақ-мықындық буын құйымшақтың құлақ тәрізді бетімен жанасу нәтижесінде түзілген қимылсыз буын. Осы буын арқылы жамбастық белдеу омыртқа бағанасына бекиді.

2. Жамбас- ортан жіліктік буын- қарапайым, көп білікті буын. Ол жамбастың ұршықтық ойыс мен ортан жіліктің ұршық басының қосылуынан пайда болған. Буында буындық қапшық, ұршық ойыстық көлденең байламы болады.

3. Тобықтық буын- күрделі, бір білікті буын. Бұл буын өз кезегінде ортан жілік-сирақтық, ортан жілік- тобықтық және проксимальдік сирақ сүйектері арқылы буындарынан құралады.

4. Ортан жілік- тобықтық буын тобық пен ортан жіліктің дистальдік эпифизі тобық шығыршығының буындық бетінің жанасуынан түзілген. 5. Тілерсектік буын- үш буыннан құралған күрделі, бір білікті буын;

а) тілерсек- сирақтық буын-тілерсек сүйектерінің проксимальдік қатарындағы сүйектер(өкше және асық) мен сирақ сүйектерін біріктіреді

б) тілерсекаралық буын- тілерсек сүйектерін бір-бірімен байланыстыратын буын

в) тілерсек- артқы жіліншікті буын- тілерсек сүйектерінің дистальдік қатарындағы майда сүйектерді артқы жіліншік пен байланыстырады.

Аталған буындар бір білікті болғандықтан, оларды латеральдік, медиальдік ұзын, қысқа, бүйірлік плантарлық, қатар және сүйекаралық байламдар болады.

Саусақ сүйектерінің байланысы кеуделік(алдыңғы) аяқ бақай сүйектерінің байланыстарына ұқсас болып келеді.




Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Саралауды ұйымдастырудың пайдалы тәсілдері негізінде мақсатты түрде аралас құрылымдалған топ құру, себебі қабілетті оқушылар топты жетелеп отырады. Үй тапсырмасын «Адасқан терминдер» стратегиясы арқылы жүргізгенде нәтижеге байланысты саралау жүреді, себебі, барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады, оқушылар өз деңгейлеріне қарай жауап береді, жетпей тұрған білімдерін жетілдіру мақсатында жұмыс жасайды.

Сабақ бойындағы тапсырмалар қиындық деңгейімен ерекшеленеді. Мәтін оқудағы «Фишбоун»,«Құлып пен кілт»,«Адасқан терминдер» стратегиялары қабілеті орта оқушыларға қолдау береді.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін дамытады; Сабақтың бекіту кезеңінде нәтиже бойынша сараланады.

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Адасқан терминдер».

Ұйымдастыру формасы: жұптық, жеке.

ҚБ: Өзін-өзі бағалалау «+,-»

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Сәйкестендіру»,кластер, «Фишбоун»

Ұйымдастыру формасы: жұптық, жеке.

ҚБ: Өзін-өзі бағалалау «+,-»

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Сәйкестіндіру»

Ұйымдастыру формасы: жұптық

ҚБ: жұптық, «Түстердің ескертуі» әдісі Барлығы дұрыс болса жасыл стикер береді. Қателер болса қызыл стикер береді.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Жағдайатты сұрақтар

Ұйымдастыру формасы: жұптық, жеке

ҚБ: бағалау парағы арқылы бағалау критерийіне қорытынды жасайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?










Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
2161
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі