Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 кл қазақ тілі ҚМЖ толық 3-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
8 кл қазақ тілі ҚМЖ толық 3-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ тілі 1-сабақ


Бөлім:

5-бөлім: Биоалуантүрлілік.

Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 8 -сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;

8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаты

Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба алады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдана алады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету. Ұлттық мәдениетті дәріптеу. Ұлттық мұраға ұқыпты қарау.

Ар-ұят құндылығы: Адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: Білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу. Физикалық белсенді болу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті



Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

7 минут














Сабақтың ортасы

8 минут




















5 минут
































5 минут
















8 минут
















7 минут







Сабақтың соңы

5 минут









1. Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал

«Жүректі тазарту»

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен таныстыру


Ойтүрткі

1-тапсырма

1.Биоалуантүрлілік дегенді қалай түсінесің?

2.Қоршаған орта туралы не айтар едің?

3.Осы мәселе қай пәнде айтылады?

2-тапсырма.

1)Мәтінді мұқият тыңда. Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымда.


1. Саналы жан иелерін түрлі ресурстармен қамтамасыз ететін негізгі көзі қалай аталады?

2. Биологиялық әралуандылық түрлердің негізгі бөлігін микроорганизмдердің қайсысы құрайды?

3. Фауналардың ішіндегі қандай тіршілік иелері көп кездеседі?

4. Экожүйенің қалыптасуы қандай жағдайларға байланысты?

5. Биоалуантүрліліктің ең басты белгілерін ата.

2) Мәтінде қандай мәселелер көрініс табуда? Ол туралы сенің пікірің қандай? Жұбымен талқыла.


Тілдік бағдар

Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер.

Сөйлем мүшелері– сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшегі

Тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш)

Тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)

Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз

топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады. М ы с а л ы: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз(Ғ.Мұст.). Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз таптары да (сын есім, зат есім, етістік, есімше, тұйық етістік т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

Баяндауыш – сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2-жақтарда) түрде қиыса байланысып қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш жасырын тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

6-тапсырма.

«Тілдік бағдар» айдарындағы ережелердің өзіне тән ерекшелігін, қасиетін, қызметін, маңызын талда.

Семантикалық карта

Тілдік бағдар

Сұрақтар

Жауаптар, мысалдар

Тұрлаулы мүшелер

Неше түрге бөлінеді?


Бастауыш

Басты ерекшелігі неде?


Баяндауыш

Қандай сұрақтарға жауап береді?



Жеке жұмыс

Мәтінге сөйлем мүшелеріне қарай синтаксистік талдау жаса.

Ғаламшарымызда белгіленген аймақ пен табиғи зоналарда флора мен фаунаның бірнеше түрі тіршілік етеді. Олардың өздеріне ғана тән өмір сүру қағидалары бар: бірі құрғақ климатқа бейімделсе, енді бірі суық аймақтарда ғана тіршілігін жалғастыра алады. Жер ғаламшарындағы барлық тіршілік иесінің өмір сүруге бейімділігі 4 миллиард жыл бойына қалыптасқан. Дегенмен, соңғы уақытта жиі сөз етілетін жаһандық экологиялық мәселелер биоалуантүрліліктің қысқаруына әкелді. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді "Қызыл кітапқа" енгізіп, оларды қорғау шаралары белсенді түрді іске кірісе бастады. 

8-тапсырма.

«Биоалуантүрлілік» ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген түсініктемелерден сөздік (глоссарий) құрастырып жаз.

Үлгі:

Биоалуантүрлілік - түрлердің белгілі бір аумақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әралуандылығы 

Генетикалық - организмдердің тұқым қууы және өзгергіштігіне қатысты белгілері

Үйге тапсырм: 7-тапсырма

Рефлексия

  «Сөйлемді аяқта»

Мен мынаны білдім


Маған қызық болғаны


Маған қиын болғаны


Мен мынаны жасай алдым


Мен мынаған таңғалдым



Психологиялық ахуал

«Жүректі тазарту» тренингі арқылы жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен,көтеріңкі көңіл күймен сабақ бастайды.


Сабақ тақырыбына қатысты ойтүрткі

сұрақтарына жауап береді. Сабақ тақырыбына болжам жасайды.


Мәтінді мұқият тыңдайды. Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды.

































«Тілдік бағдар» айдарындағы ережелердің өзіне тән ерекшелігін, қасиетін, қызметін, маңызын талдайды.










Мәтінге тақырып қояды. Сөйлем мүшелеріне талдау жасайды.















«Биоалуантүрлілік» ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген түсініктемелерден сөздік (глоссарий) құрастырып жазады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2024
649
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12