400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 клас қмж 1 тоқсан 2023-2024 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қмж 2023-2024 оқу жылы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ.

Бөлім:

1-бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Орфография

Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көне түркі жазба ескерткіштері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, көтерілетін мәселені болжай алады, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут







6 минут














Сабақтың ортасы

10 минут























6 минут























7 минут






6 минут








Сабақтың аяқталуы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ой шақыру

1-тапсырма.

Көне түркі жазба ескерткіштері туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Неліктен көне түркі ескерткіштері деп аталады?

  • Өзің тұратын аймақта қандай ескерткіштер бар?

  • Ол ескерткіштердің құпиясы неде?

«Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер! Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер,
ұғыңдар», -деген Күлтегіннің
сөзінен қандай ой түйер едің?

2-тапсырма.

1. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз.

(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі)

Мәтінде ары қарай не айтылуы мүмкін? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін?

2.Мәтін жалғасын тыңдаңыз.

Өз жауабыңызбен салыстырыңыз.

Шын мәнінде, мәтінде қандай мәселе көтерілді?

3.Мәтін жалғасын тыңдаңыз.

Сіздіңше, мәселенің шешімі қандай болды?

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Көне түркі жазулары қай кезеңде пайда болды?

  • Көне түркі жазуларын басқаша қалай атаған?

  • Көне түркі жазуының ескерткіштері қай жерлерден табылған?

  • «Руна» сөзі қандай мағына береді?

Тілдік бағдар

Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атаулар

Халықаралық ұйымдардың аттары;

жеке мемлекет ретіндегі республика аттары;

мемлекеттік мекемелердің, жоғары ұйымдардың күрделі атаулары;

жоғары дәрежелі қызмет атаулары мен берілген атақтардың әр

сөзі бас әріппен жазылады.

Бас әріппен жазылатын сөздер

Жалқы есімдер: Теміртау, Айболат

Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет

атаулары: Президент Әкімшілігі

Мемлекет, республика, жоғарғы

мекемелер мен ұйымдардың

күрделі атаулары:Қазақстан Республикасы

Қысқарған сөздер: БҰҰ, ТМД

Мекемелер мен білім орындары

күрделі атауларының бірінші сөзі:

Қазақ Ұлттық университеті

Кітап, газет, журнал аттары: «Егемен Қазақстан»,«Абай жолы»

5-тапсырма. (оқулықтан)

Тыңдалған мәтіннен көтерілген мәселе негізінде бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды қатыстыра отырып, өз пікіріңізді жазыңыз.

3-тапсырма.

Көне түркі жазбалары туралы қандай мәлімет қосар едің?
Тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша өз ойыңды дәйектеп айт.
Көне жәдігер деген не? Өз анықтамаңды ұсынып көр.

Ойтаразы

Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкене бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?



Психологиялық ахуал

-Салем достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды!(құшақтайды)




Берілген сұрақтар тапсырмалар бойынша оқушы мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселеге қатысты болжам жасайды.

Тыңдалған мәтін бойынша көтерілген

мәселені болжап, негізгі ойды анықтайды.


Қойылған сұрақтарға жауап береді. Тыңдалған мәтіннен көтерілген мәселе негізінде бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды қатыстыра отырып, өз пікірін жазады.
















Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атаулар

туралы тілдік бағдар алады.














Тыңдалған мәтіннен көтерілген мәселе негізінде бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды қатыстыра отырып, өз пікірлерін жазады.

Бас әріппен жазылатын күрделі атауларды жазыңдар

Тарихи тұлғалар, кісі аттары


Жер-су, мемлекет аттары




Кері байланыс береді. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды.

Оқушылардың психолигиялық ахуалы қалыптасады.



Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!





Дескриптор

Білім алушы

- мазмұны бойынша өз болжамын айтады;

- мәтін тыңдау барысында өз болжамын қатыстырып, пікір жазады;

- өз көзқарасын жеткізеді;

-сұрақтарға жауап береді;

-сыни тұрғыдан өз ойларын тұжырымдап,баға береді.







Дескриптор

Білім алушы

-бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды анықтайды-2 балл

- бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфография

лық нормаға сай жазады-2 балл

-көтерілген мәселені анықтайды-1 балл

- көтерілген мәселе негізінде өз пікірлерін 4-5 сөйлеммен жеткізеді-5 балл


Оқулық

8-сынып

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
14.10.2023
2952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі