Материалдар / 8-класс оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада тапсырмалары.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

8-класс оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада тапсырмалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
8-класс оқушыларына олимпиада тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2023
1847
25 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8-класс оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада тапсырмалары. 

Оқылым.

1-тапсырма.  Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз

Анар бағы

  Көше шетінде Жомарт атайдың бағы бар. Онда тек анар өседі. Жұмабек екеуіміз екінші класта оқимыз. Үзіліс кезінде ол маған қарап былай деді:

Жомарт атайдың анары пісіпті. Кеше бағына барып, біреуін жұлып алдым.

Неге сұрап алмадың? Атыңа кір келтіріпсің, – деп ұялттым. Жұмабек үндемеді. Мен апайға айтам деген ойға келдім.Сабаққа қоңырау соғылып, партаға жайғасқан соң қолымды көтердім.

Апай, Жұмабек Жомарт атайдың анар бағына сұрамай кіріп, жемісін жұлыпты, – дедім.

Апай:

Жомарт атайды ренжіткенің бекер болыпты. Ол жақсы адам. Бұрын ауылымыздың мақтаулы егіншісі болған. Жомарт атайдан кешірім сұра, – деп Жұмабекке ескерту жасады.

Түстен кейін екеуіміз Жомарт атайдың үйіне бардық. Болған жайды түгел айттым.

Мен сізден кешірім сұраймын, – деді Жұмабек басын төмен иіп.

Ә, жақсы бала екенсің. Кемшілігін түсінген баланы неге кешірмеске. Кешіремін, – деп Жомарт атай Жұмабекті құшағына қысты. Содан соң анар өскен бақты көрсетті.

Баққа үнемі күтім жасау керек. Сонда жемісі балдай тәтті болып, тілді үйіреді, – деді әжімді жүзі жайдарыланып.

Біздер әрдайым көмекке келіп тұрайық, ата. Бақ ішіндегі арамшөптерді жұлуға жәрдем береміз, – дедім мен.

Ә, бәрекелді, келіңдер. Менің сенімді көмекшілерім болатындарыңа сенемін, – деп екеуіміздің қолымызға екі анар ұсынды.

Келіп тұрамыз, – дедім мен. Жұмабек өзінің кешегі теріс ісінен ұялып атайдың жүзіне қарай алмай тұр екен

1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

1. Жұмабектің жасаған қателігі неде?

A) Кешірім сұрамады B) Атайға көмектескісі келмеді.

C)Атайдың рұқсатынсыз анар бағына  кірді. D) Қателігін мойындамады.

E) Досын сатып кетті.

2. Мәтінде жауабы бар сұрақты көрсетіңіз

A) Жұмабек нешінші мектепте оқиды B)Жұмабектің достары көп пе?

C)Жомарт атай ренжіді ме? D)Жұмабек нешінші сыныпта оқиды?

E) Жұмабек мектепте қалай оқиды?

3. Мәтін мазмұнына сәйкес толық ақпаратты табыңыз

A) Балалар атайға көмектескісі келмеді B) Анар тек атайдың бағында өседі.

C)Жомарт атайдың екі немересі бар.

D)Жұмабек атайдың бағына рұқсатсыз кіргені үшін қатты ұялды.

E)  Атай Жұмабекті кешіре алмады.

4.Атайдың мінезіне сай қатарды табыңыз

A)Адал, ұялшақ B)Қатал, сезімтал C) Жұмсақ, сараң

D) Ақкөңіл, сараң E) Мейірімді,кешірімшіл

5. «Неге сұрап алмадың? Атыңа кір келтіріпсің», – деп айтқан кім?

A) Мұғалім B) Жұмабек C) Жомарт атай

D) Жұмабектің сыныптасы E) Жұмабектің ағасы

2-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз

    Ерланның атасы түстен кейін ауырып қалды. Ауа райы күрт өзгерді. Күн суыта бастады. Ерланның әкесі мен шешесі жұмыста. Үй іші суи бастаған соң, пешке от жағатын отын жару керек болды.

Ерлан қалыңдау киініп, сыртқа шықты. Есік алдына шығып, аспанға қарап біраз тұрды. Жапалақтап қар жауа бастады. Ерлан қойма ішінен балта тауып алды. Қысқа кесілген ағаштың біреуін алып, балтаны сілтеп қалды. Ағаш екіге бөлінді. Екіге бөлінген ағашты тағы да жарды. Ол бірте-бірте ағаштарды жаруға әбден машықтанып алды.Оң аяғы қақсап ауырған атасы жаюлы төсекке жата салған еді. Көзі ілініп кетіпті. Бір уақытта көзін ашса, күн кешкіріп қалған екен.  Үйде Ерлан жоқ.

Бір кезде сырттан тарс еткен дыбыс естілді.Атасы аяғын жай басып, терезеден сыртқа көз тастады. Ерлан жарып тұр екен. Ол жан-жағына мүлдем қарар емес. Үстіндегі пальтосын шешкен, қолында балта. Ағашты асықпай қояды. Балтаны төбесінен асыра көтеріп, төмен қарай сілтейді. Кепкен ағаш қақ бөлінеді. Атасы Ерланның қолғанат болғанына өте қуанды

2-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

6. Ерланның   іс-әрекетіне сай қатарды көрсетіңіз.

А)Ұйықтатады, ертек айтады. В) Ересек балалардан қорғаштап жүреді. С) Тамақ береді,киімін кигізеді.

Д) Ақыл айтады, сурет салуды үйретеді. Е) Киінді, отын жарды.

7. Атасы неге қуанды?

A) Немересінің балта алғанын көрді B) Ерлан суықтан қорықпайды C) Немересі үйге отын кіргізді

D) Ерлан қолғанат болды E) Ерлан атасына төсек салып берді

8. «Қолғанат» сөзінің синонимін табыңыз

A) қамқоршы B) жұмысшы C) көмекші D) күтуші E) оқушы

9.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз

A) Баланың пальтосы жылы ма? B)Ерланның әкесі мен анасы қайда? C) Ерланға інісі көмектесті ме?

D) Анасы Ерланның қолғанат болғанына қуанды ма? E) Атасы неден ауырып қалды?

10. Мәтіннен Ерланның атасы туралы айтылған сөздерді табыңыз.

A) Жұмысқа шықты, ренжіді B) Балтаны алды, алғыс айтты C)Киінді, отын жарды  

D) Ауырып қалды, қуанды E) Демалды, көмектесті

Лексика-грамматикалық тест

11. Ұлы адамдардың есімдерін   еңбек еткен саласына байланысты сәйкестендір.

1 ) Кемел Ақышев                          а) ғарыш

2) Абай Құнанбайұлы                      В) қазақ әдебиеті

3) Т.Әубәкіров                                  С) музыка

4)   Құрманғазы Сағырбайұлы         D) педагогика

5) Ы.Алтынсарин                               Е) археология

12. Қазақтың  ұлттық саз өнері аспабын белгілеңіз.

А) баян      B) мандолина С) домбыра D) скрипка Е) қобыз

13.Тәуелденген сілтеу есімдігін көрсетіңіз?

А)Мынауың В) Ешкімнен. С) Бізбен. D)оны . Е) Саған

14. Берілген мақал- мәтелдерді  сәйкестендіріңіз.

1) Әкеге қарап ұл өсер                          А) мақтанба

2) Енбексіз өмір                                      В) жоқ

3) Татулық -                                            С) табылмас бақыт.

4) Еңбек түбі –береке,.                           D) көптің түбі – мереке

Е) Ғылым таппай                                    Е)  шешеге қарап қыз өсер

15. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жанды, сөнді.  В) Қасиетті, құрметті. С) Үлкен, ұзақ. D) Әдемі, сұлу. Е) Жаны, қасы.

16.  Сын есімді табыңыз.

А) Бөлме. В) Төсек. С) Кілем. D) Жайлы. Е) Тағам

17. Барыс септік жалғауын көрсетіңіз.

A) -ды, -ді. B) -нан, -нен. C) -мен, -бен. D) -ның, -нің. E) -ға, -ге.

18. Қазақстан Республикасы қай жылы  тәуелсіздік алды?

А) 1990 ж      В) 1989 ж    С) 1991 ж     D) 1993 ж     Е) 1997 ж.

19. Реттік сан есімі бар сөйлемді анықта:

А) Менің әпкем  25 жаста.  В) Ел құлағы – елу.    С) Төрт жерде төрт – он алты.

D) Екі парақ қағаз берші.  Е) Ол тоғызыншы қабаттан түсіп келе жатыр.

20. Көп нүктенің орнына керекті көмекші есімді қой:   Үстел    ....    кітаптар жатыр.

А) сыртында       В)  қасында   С) үстінде  D) маңында   Е) ішінде

21. Ақан серінің әкесі кім?

A) Баймағамбет B) Нұрмағамбет C) Қорамса D) Құнанбай E) Құдайберді

22. Грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы болған спортшы

A) Бекзат Саттарханов B) Илья Ильин C) Жақсылық Үшкемпіров D) Иван Дычко E)  Серік Сәпиев

23. Мағжан Жұмабаев кім?

A) Күйші B) Мерген C) Ақын D) Әнші E) Сәулетші

24. Абай қай қалада оқыған?

A) Түркістанда B) Қостанайда C) Өскеменде D) Семейде E) Павлодарда

25. Көне қалаларды көрсетіңіз

A) Түркістан, Отырар B)Қостанай, Петропавл C) Өскемен, Қарағанды D) Семей, Алматы

E) Павлодар, Астана

26. Өнер туралы мақалды анықта.

А) Ел іші – алтын бесік  В) Ер – елінде, гүл – жерінде   С) Өрт – тілсіз жау.

D)  Өнерлі жігіт өрде озар      Е) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін

27. «Астана – Опера» театры  қайда орналасқан?

А) Алматыда   В) Көкшетауда  С) Жамбылда   D) Петропавлда  Е) Астанада

28. Өткен шақтың жұрнағын  тап:

А) – ды, -ді    В) – пын, -пін  С) –ау, -еу    D) –ың, -ің      Е) –ыншы, -інші

29. Төрт түлікті анықтаңыз

1)Жылқы атасы         А) Сексек ата 2)Сиыр атасы            В) Ойсыл қара
3)Түйе атасы             С) Зеңгі баба 4)Қой атасы               D)Шопан ата,
5) Ешкінің иесі           Е) Қамбар ата

 30. Зат есімді табыңыз

A) тар B) кең C) қорық D) жайлы E) пайдалы





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!