Материалдар / 8 класс. Сабақтың тақырыбы: "Мейірімділік -асыл қасиет."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 класс. Сабақтың тақырыбы: "Мейірімділік -асыл қасиет."

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг жақсы өтті. Барлық мұғалімдер қатыстты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2019
453
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мейірімділік -асыл қасиет.

Жүргізуші: 
Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ!

Республикалық «Мектепке жол» акция аясында өтетін «Шексіз мейірім» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!




Жүргізуші:

Ханымдар мен мырзалар! Қайырымдылық концертіміздің басты мақсаты балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға арналған шағын концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер


1. -сынып оқушыларының орындауында: Ән «Біздер үйдің гүліміз» қошеметтеп қарсы алыңыздар


Жүргізуші: 
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.

2 –сынып оқушыларын « Жүрек биімен » қарсы алыңыздар



Жүргізуші: 
Бар байлығымыз һәм бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек.

3 - сынып оқушыларының орындауынд Ән« Мама» орындайтындар Әскербаева Ажар. Талжанова Асылжан қошеметпен қарсы алыңыздар




Жүргізуші:

«Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. Аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген бүгінгі кешіміздің демеушілеріне алғысымыз шексіз демеушілерімізді атап айтатын болсақ: Тажмағамбетова Лаззат және

Таешов Бауыржан


Олай болса музыкалық ән шашуымызды қарсы алыңыздар: 4-сынып оқушысы Мұқанова Адинаны «Менің қос бәйтерегім » әнімен ортаға шақырамыз (осыдан кейін бірінен кейін бірі)

2. Қазақ биі қошеметтейміз

3 Ақбота мәнерлеп оқу


Жүргізуші

Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен дей
келе 8-сынып оқушыларының

КВНін тамашалаңыздар


Жүргізуші:

Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Өмірдің ащы дәмін ерте татқан

қол ұшын созам деген жаны жайсаң, жомарт жандар 

5-сынып оқушыларын орыс биімен қарсы алыңыздар

___________________________________________________

Жүргізуші: 
Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба - құп емес пе.

Музыкалық ән шашу:

6-сынып оқушысы Серікбаева Назеркенің орындауында « Ақ құсым» әнін қабыл алыңыздар___________________________________________________________



Жүргізуші: 
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.

7-сынып оқушыларын флешмобпен қарсы алыңыздар



.Жүргізуші: 
Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.
Музыкалық ән шашу:

9 сынып оқушысы Жармұханова Әділеті « Мәңгілік ел» әнімен ортаға шақырамыз


Жүргізуші: 
Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.


Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған мұқтаж жандарға қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық! Бір- бірімізге жақсылық жасауға асығайық!


Жүргізуші:
Лүпілдеген жүректерге, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз. Осымен біздің «Шексіз мейірім» атты қайырымдылық концертіміз аяқталды.





























6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебі











«Шексіз мейірім»

қайырымдылық концерті



Ұйымдастырушы: А.Мынбаева




2018-2019 оқу жылы









Х а б а р л а н д ы р у !



Қыркүйектің 21 күні сағат 16.00 де «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Шексіз мейірім» атты қайырымдылық концерті өтеді.




Мектеп әкімшілігі


































«Шексіз мейірім»


Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Шексіз мейірім» атты ұранмен 2019-2020 оқу жылының 3 шілде – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» респубясында акциясы өтті. Акция аясында мектеп бойынша «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы жоспар жасалынды. Осы уақыт аралығында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектеп мұғалімдері мен мектеп оқушылары және жеке кәсіпкер тарапынан демеушілер іздестіріліп, материалдық көмек көрсету жағы қолға алынды. Демеуші : Таешов Бауыржанның тарапынан 20000 теңге көлемінде мектебіміздің үш оқушысын киім-кешекпен қамттамасыз етті.

Аталмыш акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. 

Сонымен қатар 15 қыркүйек күні мектебімізде «Ең қайырымды сынып» атты жәрменке өтті. Жәрменкенің басты мақсаты: балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Жармеңкеге 1-9 сынып оқушылар белсене қатысып, 1-сынып оқушылары сыныптар арасынан оза шығып «Ең қайырымды сынып» номинациясын ие болды. 23 қыркүйек күні «Шексіз мейірім» қайырымдылық концерті 1-9 сынып оқушылары арасында өткізілді.

Мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен демеушілерімізге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз...


6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебі

Әлеуметтік педагог И.Жұманова



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!