жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
8 Наурыз
Музыкалық әуен ойнап тұрады.Ортаға екі жүргізуші шығады.
Жүргізуші:
Армысыңдар ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар,ұлағатты ұстаздар,сымбатты арулар!Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
Армысың ару қыздар,абзал ана
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын
Қуанышпен құшағын гүлге толсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын.Сіздерге зор денсаулық,мол бақыт,отбасыларыңызға амандық,татулық,еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл-Ана.Ендеше,құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!
Залға музыка әуенімен ұл балалар кіреді:
Жүргізуші:
Ау,балалар,бәрін қандай керемет,сұлу жігіт болып кеткенсіңдер.Ал тобымыздың қыздары қайда?
Балалардың жауабы:Апай біз өзіміз де білмейміз.
Жүргізуші:
Балалар,аналардың мерекеге,тойға барар кезде не істейді?(балалардың жауабы )
Олай болса,біз сол жерлерден қыздарымызды іздейік.
Дүкен:Алло,алло,сәлеметсіздер ме?Бұл киім дүкені ме?Біздің «Гүлдер»тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:-Сәлеметсіз бе?Иә,олар бұл жерде болған.Сәнді киім сатып алып,мерекеге кетті.
Сән салоны
Жүргізуші:Алло,алло,сәлеметсіз бе?Бұл сән салоны ма екен?Біздің «Гүлдер»тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:-Сәлеметсіз бе?Иә,олар бұл жерде болған.Шаштарын сәндетіп,қазір ғана таксимен балабақшаға мерекеге кетті.Күтіп алыңыздар.
Музыка ойналып қыздарды Мысық алып келеді.Балалар қыздарды отырғызады.
Мысық:
Сәлеметсіздер ме,аяулы аналар мен әжелер және ұстаздар.Сіздердің қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен.ОЛарды жолдан өткізіп едім,олар мені мерекеге шақырды.Балабақшаларың қандай тамаша!
Жүргізуші:
Ой,мысық саған көп-көп рахмет.Бізқыздарымызды тосып отыр едік.Сен біздің мерекеде қонақ бол.Біздің балалардың өнерін көріп кет.
Тақпақтар:
Саида:
Бала бала бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса жөргеге,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Амирхан:
Еркелеймін, шаттанам,
Жарқын күлкің-бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйгенім,
Келші, келші, ақ мамам.
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, ақ мамам.
Дания:
Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Айналайын,анашым,
Аялайсың бағасын.
Менің үшін не, керек-
Бәрін іздеп табасың.
Темірлан:
Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзді дәл әжем.
Аман болса көреді ,
Қызығымды әлі әжем.
Менің әжем, нар әжем,
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгенді дәрі әжем.
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы молақ әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
Саида:
Ана десем сезім билер тым ыстык,
Жарасымды адамдарға туыстык
Бар адамға берсе ана мейрімін,
Орнар еді бар әлемге тыныштык.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жүлдыз болып жанады.
Ән «Ақ мамам»
Ойын: «Гүл құрастыру»
Мысық:
Балалар біз ойнадық,сендердің тақпақтарыңды тыңдадық.Бірақ мен сендерден бір көңілсіздік байқап тұрмын.
Жүргізуші:Мысық бізге көктем ханшайымы келсе ғой.
Музыка әуенімен залға көктем ханшайымы келеді.
Көктем ханшайымы:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.
Балалар мен сендерді естіп келдім.
Жүргізуші:
Көктем ханшайымы саған рахмет.Балаларымыз қуанып қалды.Көктем ханшайымы балаларымыздың тақпақтарын тамашалаңыз.
Айсара:
Айтсам болды тіл алам,
Әйбат мамам,ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.
Жүре берсем қасыңда,
Әйбат анам қуанам
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Балабақшаға барарда
Мейірлене қарайсың
Тау қопарып,тасты ұғып,
Тұрғыздың сен не қала
Саған қандай жақсылық
Жасай алам мен ана!
Ильяс:
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын,анашым,
Сегізінші наурызбен!
Екатерина:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман-сау бол, ақ мамам.
Күлімдеген көзіңнен,
Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға,
Жақын жан жоқ өзіңнен.
Санджар:
Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам, кешірген
Шөлдедің бе ай, дана әжем
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті жан әжем.
Мадина:
Өмірге ана-бұлақ ана-пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай шешен, талай көсем,
Талай ер,талай ақын,талай дана.
Ана!Ол біздің елде ардақты адам.
Би :«Ана биі»
Жүргізуші:
Ал,балалар енді ақ жаулықты аналарымызды құттықтайық.
Тақпақтар:
Аделина:
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді,
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені ,өйткені,
Өте жақсы көреді
Өскенде мен ал енді,
Аралаймын әлемді,
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Өте жақсы көремін
Өйткені мен әжемді.
Айбек:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам!
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Сенсің, ана, жан күші,
Сендей болсын бар кісі.
Сендей болса бар кісі.
Шексіз перзент алғысы.
Адия:
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған,
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар, қасиетті аналар!
Әліби:
Маған өмір сыйлаған,
Кім бар артық бір сізден.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызбен
Еркелеймін, асылам,
Мойныңызға қуанып.
Құтты болсын мереке,
Келдім міне, гүл алып
Назерке:
Мамам менің, ақ мамам,
Балын маған сақтаған,
Әнін маған сақтаған,
Бәрін маған сақтаған.
Мамам менің, ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған
Менсіз күні батпаған,
Мен ұйықтамай жатпаған.
Мамам менің, ақ мамам,
Гүлді маған баптаған
Жырды маған жаттаған
Жұрттың бәрі мақтаған.
Ән: «Әже»
Музыка әуенімен ит келеді.
Ит:
Мен ұйықтап жатыр едім,шудан оянып кеттім.Мұнда не болып жатыр.Мысық сен не істеп жүрсің?
Жүргізуші:
Бүгін аналардың мерекесі ғой.Біздің қонағымыз бол.
Би: «Әжелер биі»
Тақпақтар:
Разия:
Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа анам ертең ақ
Отын болып жанам ғой.
Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
Асанәлі:
Келбетінде ұлылық,
Даладан кең пейілі
Ана деген-жылылық,
Ана деген-мейірім,
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық,расында.
Күн алыста,ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Нейла:
Ана деген асыл ұғым құдіретті жаратқан
Айналаға мейіріммен нұрлы шуақ таратқан.
Жүрегімде сақталады, анашымның сөздері
Жылағанда көңілімді баурап мені жұбатқан.
О, анашым неткен жансың мейірімнен жаралған,
Мәңгілікке арамызда шалқып-тасып жүр анам,
Егер де сен еш ауырмай, күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа, еш тілек сұраман.
Мен өзіңсіз бұл дүниеден,еш қызық көре алман,
Жан болса егер ең жақының кім болкды деп сұраған,
Айтар едім бір минут та ойланбастан сол мезет
Ана деген асыл сөздің үш әріптен құралған,
Диас:
Аналарды сүйеміз.
Сөзін ойғатүйеміз.
Әрқашан біз ардақтап
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар,
Бақыттылар, даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті әже, аналар!
Ақмарал:
Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан ана
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа
Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтайын
Аман болшы,анашым
Хусейн:
Қуанышы ананың-
Қуанышы баланың.
Қуанышы баланың-
Қуанышы ананың.
Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең,
Дымбілмес келеді.
Көрініс ағылшын тілінен.
Оркестр: «Саржайлау»
Ойын «Гүл сыйлау»
Би: «Самбо»
Көктем ханшайымы,мысық,ит қоштасып кетеді.
Тақпақтар:
Анель:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргенім,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай-жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
А.Асанәлі:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап.
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген -бәйтерегі өмірдің
Ана деген -алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болатттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Алишер:
Мерекелі Күнің
Қандай тамаша!
Кеудедегі гүлің
Қалды жараса.
Күлімдеген көзің
Күннің нұрындай.
Күнім деген сөзің
Ақын жырындай.
Мансур:
Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар.
Ана-біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Хасан:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
Ән «Көктем»
Жүргізуші:
Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Құрметті аналар,бүгінгі мерекелеріңізге арнап балалар сіздерге сыйлықтар дайындады.Қабыл алыңыздар.
Балалар барлығы:
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз!
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген