Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті
қонақтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8 –
наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіде келіп жетті. Осындай көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық
сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі,
көңілдің жыры, әр отбасының алтын. Бүгінгі «Көгершін» ересек
тобының «Ана біздің күніміз, Біз ананың – гүліміз» атты
ертеңгілілімізге сіздерге арналады.
Музыкамен балалар
кіреді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар өздеріңізге
арналған балалардың әндерімен тақпақтарын қабыл
алыңыздар.
Ән: «Мамамның
мерекесі»
Тақпақтар:
Еркебұлан:Ақ сүтін берген
анашым,
Ақылды
менің данашым.
Өзіңдей
жанды әлемнен,
Қайдан
табамын анашым.
Фатима: Менің анам
ардақты,
Алтыннан
да салмақты.
Жақсы көріп
баласын,
Мәпелейді
анашым.
Бекарыс:Жарқын жүзді жан
анам,
Сендей
болсын бар адам.
Сендей
болса бар адам,
Шаттық
кетпес баладан.
Әділет: Әр сөзімді
жаттаған
Жүрегімде
сақтаған.
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын
ақ анам.
Бекназар: Біз доспыз
гүлдермен,
Текке оны
жұлмаймыз.
Той күні
бір-бірден,
Аналарға
сыйлаймыз.
Жүргізуші:-Балалар,
Көктем-ханшайымынсыз,меркеміздің сәні келмейтін сияқты? Байқаймын
кешігіп жатыр ғой.
Әуен қосылып, Көктем
кіреді:-Сәлеметсіңдерме балалар. Мен –
сиқыршы Көктеммін. Таулар мен ормандарды, өзен мен көлдерді ұзақ
ұйқыдан оятып келдім. Сіздердің де бақшаларыңызды гүлдендіруге
келдім.
Жүргізуші:-Қощ келдің Ару Көктем. Бүгінгі
мерекені барлығытойлатып жатыр ғой. Бізде аналарымызға тосынсый
көрсетейік деп едік. Келесі балалардың әні мен тақпағы өзіңе
арналады.
Жомарт:Ақ анашым
аппағым,
Өзің жайлы
тақпағым.
Өзің жайлы
әнім де,
Арнадым
саған бәрін де.
Қоштан: Келді көктем
күннің,
Күлімдейді
гүлің.
Алтын ойлы
анам,
Мерекеңіз
бүгін.
Санжар: Сенен өскен
балалар,
Батырлар
мен даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті
біздің аналар.
Нұрасыл: Теңдесі жоқ
данасын,
Арқа сүйер
панасың.
Еңбегіңді
ақтаймын,
Аман болшы
анашым.
Ән:
«Көктемде»
Көктем (сандығын
көрсетеді):- Ондай тосынсыйларға арналған
менде әдемі сандықша бар.
Ол сендердің барлық
арман-тілектеріңді орындайды. Ол үшін әдемі сөздерді айту
керек.
Сырлы сандық,сыр
сандық.
Сырыңды ашшы, кел
сандық.
Сандықты Көктем айналып
сиқырлайды да ішінен сібірткі алып шығады. (сібірткінің
суреті)
Көктем:-Сандық бізге –ең керемет
сыйлық ол анамызға көмектесу екенін көрсетіп тұр. Олай болса
қызықты ойын ойнап, біз жалқау емес екенімізді
көрсетейік.
Ойын: «Кім
жылдам»
Шарты: Екы командадаға балалар
бөлінеді. Топқа бөлінген балалар екі жақта тұрып бір – біріне
сібірткінің көмегімен допты беріп отырады, допты алған бала ары
қарай сібірткімен домалатып қақапаға кіргізеді қай топ көп до
жинайды сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Керемет,
жарайсыңдар
Көктем:-Жарайсыңдар балалар. әндерің
керемет екен. Сандығымыздың тағы қандай сиқыры бар екен байқап
көрейік.
Сырлы сандық,сыр
сандық.
Сырыңды ашшы, кел
сандық.
Жүргізуші:Көктем-Ханшайымы, ал біздің
балаларымыздың әдемі биін тамашала.
Би: «Ана
жаным»
Жүргізуші:-Байқаймын,сандықтың
тосынсыйлары өте көп екен.
Көктем:-Сандықтың сиқырын тағы бір
байқап көрейік.
Сырлы сандық,сыр
сандық.
Сырыңды ашшы, кел
сандық.
Сандықты Көктем айналып
сиқырлайды да ішінен әжелердің ормалын алып
шығады.
Жүргізуші:-Ой, балалар, қандай әдемі
орамалдар. Мынандай орамалдарды кім
тағады.
Балалар:-Әжелеріміз
тағады.
Жүргізуші:-Дұрыс айтасыңдар. Ендеше
аналарымызға арналған тақпақтарымызды
айтайық.
Бейбіт: Өзің мені
өсірген,
Айналайын
ақ әжем.
Тентек
болсам кешірген,
Ауырмашы
жан әжем.
Айсезім: Мәпелеп мені
өсірген,
Ризамын
мен өзіңе.
Ана деген
керемет,
Сыйлап
өтем өмірде.
Жаңылсын: Аялаған
анашым,
Мәпелеген
анашым.
Менің
саған тілегім,
Қартаймашы
анашым.
Айзере: Теңдесі жоқ
данасын,
Арқа сүйер
панасың.
Еңбегіңді
ақтаймын,
Аман болшы
анашым.
Алифа: Аспандағы
айымсың,
Бақытыма
балаған.
Құтты
болсын мерекең,
Айналайын
жан анам.
Ән: «Әжемнің
шәйі»
Жүргізуші:-Енді ұлдарымыздың әжелерге
арналған биін тамашалайық.
Би: «Жігіттер
биі»
Көктем: Жарайсыңдар
балалар.
Жүргізуші: Рахмет саған Көктем –
Ханшайымы бүгінгі кешті бізбен бірге өткізеніңе мерекелік кеш
керемет өтті балаладыңда қонақтардыңда көңілінен шықты. Құрметті
қонақтар осымен бүгінгі «Көгершін» ересек тобының ертеңгілігін
«Анашым» әнімен аяқтаймыз. Сау болыңыздар!