8 наурыз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз мерекесіне арналған іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Залға ұлдар кіреді

Омар: Қадірлі,мейірімді аналар,сүйікті әжелер,біз бүгін осы залда сіздермен кездескенімізге қуаныштымыз!

Алинұр: Сіздерді көктемнің алғашқы да қымбатты мерекесімен құттықтаймыз!

Абылай:Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!

Назар: Ал,енді құрметті қонақтар, тобымыздың асыл гүлдерін қошеметпен ортаға шақырайық.

Әуенмен қыздардың кіруі.

Хормен:

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

Тәрбиеші: Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Аналар, Сіздерді 8 наурыз мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес едік.
Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымыздың мерекелері құтты болсын!

Би: «Періштелер» (Данеля,Медина 2,Каусар2,Махдия,Наира,Аруназ)

(Билеп болғансоң Данеля,Медина К,Махдия киім аыстырып келу Гүлдер киіну)

С.Медина: Наира сен білесіңбе менің анам не айтсам соның бәрін алып береді.Түн ортасында шөлдесем шырын әкеп береді.

Наира: Ал менің анам ұйықтар алдында маған ән,ертегі айтып береді.Ал ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

С.Медина: Ән демекші аналарымыздың мейрамына арнап,ән шырқап берсек қайтеді?

Наира: Жарайды.Шырқасақ шырқайық.

Хор: «Анашым қартаймашы»

1.Өлең шумақтары: Айлин,Аңсар ,Бекарыс,МединаК,Данеля,Абылай.

Бәріңізде анасыз

Біз үшін күн боп жанасыз

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым Айлин


Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым Аңсар

Ең аяулы есім ғой Ана деген,

Бар тіршілік бақытым анаменен.

Анамды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жана берем Бекарыс


Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті – ананы! Медина К


Әжемді мейрамымен құттықтаймын

Айтатын ән,беретін гүлім дайын

Әжетай сені жақсы көремін деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын. Данеля


Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам Абылай



Жүргізуші:

Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып,

Жайнай берші жарқырап

Жаны жайсаң аналар!


Би: «Ана жүрегі»

Орындайтын тобымыздың сері жігіттері.


Хор: «Ана деп ән салам»

(Гүлдер киімін киінуге С.Медина,Ө.Каусар)

Омар: Алинұр ,әне-міне дегенше қыс бітіп,бәріміздің тағатсыздана күткен ,сағына жеткен көктем де келді.

Алинұр: Көктемде табиғат ана оянады,қыстың қары еріп,құстар ұшып келеді.Ағаштар бүршік жарып,гүлдейді.Көктемнің алғашқы гүлдері шыға бастайды.

Омар: Олай болса ,мерекемізге көктем ханшайымын шақырайық.

Әуенмен көктем ханшайымының келуі

Көктем

Сәлем сәлем балақайлар!

Әзиз әже ,аналар

Мол шуақты ала келдім

Қуаныңдар балалар!

Жерге кілем жаба келдім,

Құстар әнін сала келдім,

Жан бітіріп табиғатқа

Гүлдерімді ала келдім!


Хор: «Көктем келді»

(Гүлдер киінуге Аруназ,Наира)


Көктем: Ал балалар бүгінгі мерекеге аналарыңда келіп қалыпты.Аналардың ептілігін ,мықтылығын байқайық.Бір көңілді ойын ойнайық.

Ойын : «Кім жылдам»


Каусар: Медина білесің бе,ананың тілегі,ананың жүрегі,ананың ыстық алақанынан қасиетті ештеңе жоқ.Ең ыстық күннің нұры да ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

Медина: Әрине Каусар,анаңда Меккеге үш рет арқалап апарсаңда ,қарызын өтей алмайсың.

Каусар: Иә дұрыс айтасың,ендеше аналарымызды өлең шумақтары арқылы мерекесімен құттықтамаймыз ба?

2.Өлең шумақтары: (Махдия,Бауыржан,Аяла,Назар,Медина С,Димаш)

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың -аясындай гүл бақтың. Махдия


Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым Бауыржан


Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.

 Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Армызда жүр әжем. Аяла


Ақ сүт берген балаңа
Күш — жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған

Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым Назар


Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен.

Түн ұйқының төрт бөліп тәрбиелеген,

Ананың орыны бөлек дара екен. Медина С


Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ татпаған,
Айналайын ақ мамам.
Димаш


Медина: Омар келші бері.Омар бүгін аналарымызбен қатар әжелеріміздіңде мерекесі емеспе.Әсем ән шырқап берсек қайтеді?

Омар: Дұрыс айтасың Медина.Меркеде ән шырқайық.


Жеке ән: «Әжем қайда» Омар Медина

Омар: Әжелерімізге арнап ән шырқадық.Енді тамаша би билеп берейік.Келіңдер балалар.

Би : «Ретро» (Омар,Аңсар,Абылай,Назар,Ақсамал,Айжұлдыз,Аилин,Көзайым)


(Гүл киімдерін киінуге шығып кету би біткенсоң бірден ,Айжұлдыз,Көзайым )


Каусар Ө: Медина саған бір жұмбақ жасырсам,шешуін таба аласың ба?

Ақсамал: Қане байқап көрейік.

Каусар Ө : Еркелетіп құшақтайтын

Тентек болсам ұрыспайтын

Бала біткен жақсы көрген

Кім екенін тапсаң екен

Ақсамал:Әрине бұл жұмбақтың жауабы әже ғой.

Каусар Ө:Ақ жаулықты әжелеріміз болмаса,біз бұл дүние есігін ашпаста едік.

Ақсамал: Олай болса әжелерімізді,аналарымызды мерекесімен құттықтайық.


3.Өлең шумақтары: Каусар,Омар,Айжұлдыз,Батыржан,Наира,Мирас

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын .

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған немір данала Б.Каусар


Ақ сүт берген балаңа
Күш — жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған

Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын. Омар


Мен анамдысүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін Айжұлдыз


Ананың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың сан алғыс,

Өйткені ол анасының балапаны Батыржан


Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен, кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам. Наира


Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де. Мирас


Жеке ән: «Әжетайым» (Махдия,Ө.Каусар,Ақсамал,Медина.К)

(Гүдер киінуге Ақсамал мен Бауыржан Каусар шығу)


Ойын : «Баламызға бір қадам»

Шарты: Ойынға шыққан ана өз баласына қарай бір қадам аттап , жылы сөздер айту.


Бекарыс: «Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі» демекші,8-наурыз қыздарымыздың мерекесі.

Аңсар:Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын дегендей ,сүйікті ару қыздарымызды да құттықтап ән айтып, би билеп берсек қайтеді.

Бекарыс: Қанекей келіңдер жігіттер ,мерекеге арнап ән шырқайық.

Хор жігіттер: « Қыздар ай »

Тәрбиеші:

Қымбатты аналарымызға арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Өлең шумақтары: Алинұр,Ақсамал,Аруназ,Каусар Ө,Көзайым.


Бесіктерін сәнімен

Тербетуде аналар

Жасай берсін әнімен

Жер бетінде аналар

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп демалам

Құшағыңда қысылмай. Алинұр


Өзің мені өсірген

Айналайын ақ «жем

Тентек болсам кешірген

Ауырмашы ай әжем

Әже деген көп шығар

Әжемдей жан жоқ шығар

Мейірімді ол кісі

Қандай ғажап күлкісі Ақсамал


Жүре берсең қасымда

Әйбат әжем әй анам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан сыйпап мені

Құлыншағым күнім дейтін Аруназ


Жердеге бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Асқан сұлу бар мекен. Ө.Каусар


Құтты болсын ақ анам

Сегізінші наурызың

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл қызың. Көзайым


Көктем: Менде меркеге құр қол келмедім.Алдымен сендердің өнерлеріңді көрейін дедім.Ал енді меніңде кішкентай гүлдерімнің биін тамашалаңыздар.


БИ: Аналарына арналған гүл шоқтарын тапсыру.


Тәрбиеші:

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған

Осынау дөңгеленген дүниеде

Жан ана кім бар сендей қымбат маған.Аналарымыз аман болсын.Көктемнің шуағындай шуақтарыңызды шашып,құлпырып жүре беріңіздер.

Хор: «Ана жаным» Аналарына арналған гүл шоқтарын тапсыру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2025
53
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі