8-наурыз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

8-наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
"Анаға сыйлық" ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз ананың гүліміз!»

Мақсаты: Балаларды 8 наурыз Халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарды ренжітпеуге, қол қанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Гүлдер, үстел,самаурын

Қатысушылар: Фрекин Бок- Карлсон-Яудан Аманкүль.


Ертеңгілік барысы

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Ұл балалар залға гүлмен музыка әуенімен кіреді. Қыздар билеп кіреді. Құмыраға гүлдерді салады.

Тақпақтар (ұлдар):

Нұрислам:

Өмірге ана-бұлақ, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Қаршыға:

О, халайық, жараңдар,

Әжемді кім жамандар?

Ақ тістері маржандай,

Сенбесеңдер қараңдар.

Келбетіне көз салсаң,

Көктемнің нұрлы шуағындай.

Оймақ ауыз, күлім көз,

Өзі сұлу, ақылды.

Сүйкімді біздің әжетай

Сәлемді біздің қабыл ал.

Медет:

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған.

Алтыным деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Түнде сергіп жатпаған,

Күндіз тыным таппаған.

Бізсіз тамақ татпаған,

Айналайын, ақ мамам.

Әділхан:

Әже дейміз, бәрімізде аңқылдап,

Әже дейді жас сәбиде жарқылдап.

Әже – деген бәйтерегі өмірдің,

Әже – деген алтын қазық, алтын бақ,

Немере үшін ең мейірімді жан әже,

Жалықпай ойнаған ол жасырынбақ.

Нұрасыл:

Мерекесі бүгін,

Алтын анамның,

Сыйлайыншы гүлің,

Жарқын даламның.

Күлімдеген көзі,

Күннің нұрындай,

Ұлым деген сөзі,

Ақын жырындай.

Алихан:

Ананың біз гүліміз,

Ана-біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Рахим:

Ақ жүректі сақтаған,

Жарқын жүзің бақ маған.

Ақ бетінен сүйемін,

Келші, келші, ақ мамам.

Ильяс:

Шалқып-тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Ислам:

Қанаттанса балапан

Қалайынша ұшпайды.

Әрбір қыз, әрбір балапан,

Анасына ұқсайды.

Ойлы қызы халқының

Отаным деп тұрады.

Бос жібермей әр күнін,

Ана жолын қуады.

Асанали:

Ин ейтс оф Мач

Айгив ю мач

Ол юуилдрим

Ю жест бегин

Жүргізуші:

Бір ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан не бір туған даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армызыздар, құрметті аналар!

Құрметті қонақтар, аяулы аналар, асыл әжелер, ару қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ән: «Жан анам»

Музыка әуенімен Фрекин Бок кіреді.

Фрекин Бок: Сәлеметсіңдер ме! Мен ән-күй залды жинап, мерекеге дайындауға келдім.

Шаңда жоқ екен. Ғажап!Қандай тап-таза! Кім жинап қойды екен? Балалар, сендер ме жинап қойған?

Балалар: Жоқ! Карлсон жинаған.

Фрекин Бок: Карлсон! Кім ол? Мен білмейді екенмін!

Уау! Үстелді де мерекеге дайынедап қойыпсыздар. Шайда дайын екен. Демалып шай ішіп алайын (орындыққа отырады).

(Карлсон ызылдайды –ызззззззз! -ыззззззз!)

Фрекин Бок: Маған не болды? Оң құлағым ызылдап. Енді сол құлағым ызылдап. Қой мен тұрайын мерекеге тамақ пісірейін (шығып кетеді)

Карлсон: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен карлсон шатырда өмір сүремін. Терезеден аналардың тамақ пісіріп, үй жинағанын көріп жүремін. Мен аналарға көмектесемін. Бүгін мен Фрекин Бок әжейді қуантып тәтті печенья пісіргім келген. Бірақ мен пісіре алмаймын?

Балалар сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Ойын: «Тәтті печенья»

Ән: «Сағындым әже»

Тақпақтар (қыздар):

Қарашаш:

Қанаттанса балапан

Қалайынша ұшпайды.

Әрбір қыз, әрбір балапан,

Анасына ұқсайды.

Ойлы қызы халқының

Отаным деп тұрады.

Бос жібермей әр күнін,

Ана жолын қуады.

Іңкәр:

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем – жыр әжем,

Шуағы мол – нұр әжем.

Ақ орамалды тағып ап,

Аман-есен жүр әжем.

Алуа:

Жарқын жүзді жан адам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Сенсің ана, жан күші,

Сендей болсын бар кісі

Сендей болса бар кісі

Шексіз перзент алғысы.

Аружан:

Папа вымыл всю посуду,

Вещи разложил – повсюду

Вытер пыль и пол подмел,

Накрыл для банкета стол..

Мы спросили:

  • Что случилось?

Так, красиво, получилось,

Везде: блеск и чистота,

Просто – супер-красота!

Но, нам не ответил, папа,

Мы открытку прочитали:

«С 8 Марта – дорогая!»

Айлин:

Мамочку любимую, крепко обнимая,

Поздравляю с парздником и переживаю.

Потому что мамочка Лучшая моя,

И хочу я сказать ей Лучшие слова!

Будь всегда красивой, вечно молодой,

Ласковой и милой, будь самой собой.

На душе цветут пускай яркие цветы,

А в глазах горят счастливые огни!

Малика:

Маму, я свою люблю,

Ей стишок сейчас прочту!

Поздравляю с 8 Марта

И скажу начистоту:

Я желаю не болеть

Быть красивой самой.

Знай, что нет ни у кого

Такой доброй мамы!

Айым:

Лав ю Маммиверимач

Соу зет и гритбиг кис

Фозенайсестпёсн ин зеворлд

Ху ислиснинг ту зис

Айлин:

Айлайкзеуэй ю лук

Айлайкзеуей ю кук

Нау уот Ай рилли ту сэй

Ис Хэппи Мазес дэй.

(Карлсон полотномен билеп жүреді)

Жүргізуші: Карлсон сен не істеп жүрсің?

Карлсон: Мен билегім келіп жүр әдемі полотнолармен.

Би: «Полотномен»

Көрініс: «Назардан тыс қалмаңыз...»

(Анасы ұялы телефонмен сөйлесіп жүреді)

Анасы: Сәлем менің жан құрбым!

Қалын қалай?

Ватсапта көріңбейсінғой

Не жаналық?

Мүмкін сен бізге

Келіп кетерсің пәтерге?

Баласы: Анашым, анашым ішім пысты, маған ертегі оқып берші?!

Анасы: Сен маған келгенше

Барсаңшы әне, әкеңе

(телефонмен әрі қарай сөйлеседі)

Не ? Кофта сатып алдың ба?

Долчегабана ма?

Тіпті сөзім жетпей тұр!

Сондай киім менің де

Сатып алғым келіп тұр

Баласы: Анашым анашым ішім пысты тұрмайық

Машинамен ойнайықшы

Анасы: Менің қолым тимейді

Мен құрбыммен шоппинг жасаймын

Баласы. Әке, әке отырмашы, менімен ойнашы, әлде мені киноға апаршы?!

Әке: Балам менің сен тоқта!

Ойнасаңшы ана жақта

Қазір мында Реал Мадрид

Ойнап жатыр футболды

-Гол , Ура!!

Сен оданда әпкеңді

Сұрасаңшы жақсылап

Мүмкін ойнар ол сенімен

-(Әпкесі телефон фотоға түсіп жүреді)

Бала: Әпке, әпке сен маған

Салып берші суретті

Әпке: Сенде айтады екенсің

Мен ең әдемі сэлфи жасауым керек

Инстаграмга фото салып

Көп лайк жинауым керек

Және мені таныс бір бала

Шақырды ғой киноға

Менде мүлдем уақыт жоқ

Есептеуші минут жоқ

Ағаңа бар оданда!

Бала: Аға, аға ішім пысты

Киноға апаршы сен мені

Ағасы:Спорт, спорт тек қана спорт

Мен Генадий Головкин сияқты

Тек қана чемпион болу керекпін

Ол үшін күнде, күнде дайындық керек.

Сосын сені апарамын!

Баласы: Жалғыз өзім не істеймін?!

Жүргізуші:

Не отыра алмай, не жата алмай

Бала жүр ғой қиналып

Әкесі мен анасы

Көрсетіңдер оған көмек

Салыңыздар суреттер

Оқыңыздар кітаптар

Балаңыз ертең өседі

Сіздерге көмек береді.

(бала орындықта отырып жылай бастайды)

Анасы, әкесі,әпкесі, ағасы жүгіріп келіп:

Саған не болды?

Кім тиісті?

Кім ренжітті?

Бала: Мені ешкім ренжіткен жоқ, тиіскен жоқ. Менің ойнағым келеді. Сурет салғым келеді. Кинога барғым келеді. Менімен ешкім барғысы келмейді. Қолдары тимейді. Маған мүлдем уақыттары жоқ.

Анасы, әкесі,әпкесі, ағасы хормен:

Бізді кешірші. Саған уақытт табамыз. Қазір біз сенімен ойнаймыз. Сурет саламыз. Киноға да барамыз. Уайымдама. Келе ғой (баланы құшақтайды).

Ата-аналармен ойын: «Аялы алақан»

(Фрекин Бок залға кіреді)

Фрекин Бок: Үстелдің үстінде тәтті печеньяны кім пісірді екен?

Карлсон: Карлсон мен балалар. Фрекин Бок әже мерекеңізбен!

Мен Карлсон шатырда өмір сүремін. Терезеден аналардың тамақ пісіріп, үй жинағанын көріп жүремін. Мен аналарға көмектесемін.

Би: «Ковбой»

Ән: «Анашым» (Медет, Нұрислам, Ислам, Қаршыға)

Фрекин Бок:

Гүлдер, гүлдер

Әдемі гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер!

Би: «Гүлдермен»

Жүргізуші:

Аналарымызға, әжелерімізге арналған әкелеріміздің ару қыздарымыздың бір сыйы бар екен. Қабыл алыңыздар!

Би: «Әке мен қыздар биі»

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Дендеріңіз сау болсың!

Отбасы аман болсын!

Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Хормен: Құттықтаймыз!

Сыйлықтар береді.

Слайд: «Біз ананың гүліміз!»

Жүргізуші:

Бүгінгі біздің ертеңгілік соңына жетті. Мереке құтты болсын! Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі