Материалдар / 8 наурыз

8 наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН:

Мектеп директоры: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

______________ Г.Кембебаева ______________ А.Сейсеке









Shape1

Үлгілі тәрбие сағаты









Тақырыбы:

«Ардақтайық, ананы!»









1Ә сынып жетекшісі: М.Шілдебай







Тақырыбы: Ардақтайық ананы!

Сынып сағатының мақсаты: Көктемнің алғышқы мейрамы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін айта отырып, оқушылардың бойына анаға, қыз балалаларға силасымдық, ілтипаттылық, мейірімділік, ата-анаға деген жылулық ұялата отырып, аналарына өздерінің жылы лебіздерін білдіруге атсалысу.

Көрнекілігі: Анананың бейнесі бар сурет, ана туралы қанатты сөздер, шарлар және жүрекшелер.

Мұғалім сөзі: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтеп жүрейікші, балалар!! 

Би: Балалар қолдарына жүрекше ұстап үш қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң жүрекшелерді келесі бетін аударып, «Жүрегім сізбен бірге!» сөзі жазылады. Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.

Оқушылар өз аналарына арнап тақпақтарын айтады.

Ана –деген өмірімнің шырағы
Өмір көзі алтын күннің шуағы
Дем беретін сүйетұғын жаныммен
Шөл далада сусындайтын бұлағың.
2-бала: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
8-ші наурызбен.
3-бала:В добрый день Восьмое марта
Мамам нашим шлем привет!
«Мама» — слово дорогое,
В слове этом жизнь и свет.
4-бала: Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Аналардың мейрамын
Бірге қарсы аламыз.
5-бала:I love mother, she loves us
We love daddy, he loves us
He loves us and so you see
We are a happy family
:
Арнур Аялаймыз ананымызды
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.

Хор: «Айналайын, ана!» әні

Ой қозғау:Ананың қызметі қандай?

Мақсаты: Оқушыларға «ана» деген ғұламалар бас иген тұлғаның олар үшін күнделікті өмірде қаншама қызмет атқаратынын ұғындыра отырып, өз аналарының қадірін ұғындыру.

Ойынның шарты бойынша оқушылар жасырын сөз жазылған сөзді ұжымға жасыра отырып, дұрыс тапқан соң оны ананың суреті бейнеленген суреттін айналасына іледі.



СShape2 абағымды оқытады құрал-жабдықтарымды түгендейді

Shape4 Shape3

Ана



ТShape7 Shape6 Shape5 амақ дайындайды Әкемді жұмысқа шығарып салады

Shape8 Shape10 Shape12 Shape9 Shape11

Киімдерді жуып, тазалайды. Тамақ беріп, ыдыстарды жуады.

Киімдерімді үтіктеп, реттейді Жұмысқа барады



Үй жинайды Қонақ күтеді.

(тақтаға ананың қызметін анықтайтын сөздерді оқушыларға ілгізу.)

Эссе оқу: «Менің анам» тақырыбында оқушылар 4-5 жолдан тұратын шығармаларын оқиды.

Ата-аналармен ойын:

Ситуациялық сұрақ!

  1. Сіз дүкеннен келе жатырсыз, қолыңызда жүктеріңіз бар! Алыстан балаңыз қуанып, шаттанып қасыңызға жүгіріп келді. Бірақ қолыңыздағы заттарды мен алайын демей тек қасыңызда ананы бір сұрап, мынаны бір сұрап миыңызды ашытып үйге келді. Сіздің іс-әрекетіңіз?

  2. Сіз жұмыстан қайтып келе жатсаңыз, сабақтан қайтып келе жатқан балаңызға өзге баланың ата-анасы қатты ұрсып жатыр!Сөйтсе екеуі төбелесіп қалған екен. Сіз не істейсіз?

  3. Сіз балаңызбен бірге кешке үй жұмысын жасап отырсыз! Балаңыз қайта-қайта қателесіп кете береді. Ал сіздің шыдамыңызы болса таусылудың аз-ақ алдында тұр.Сіз ата-ана ретінде балаңызға ұрсып оны бір ретке келтіресіз бе жоқ қателескен күйінде өзіңізді сабырға шақырып отыра бересіз бе?

  4. Сізге мұғалім балаңыздың мүлдем сабақ оқымайтынын, сабақта тыныш отыра алмайтынын, өзгелердің мазасын көп алатынын және оқу-құралдарын күнделікті ұмытып кететінін айтты. Сіз не істейсіз?

  5. Сіз кешкісін қонаққа кетіп қалдыңыз, түннің бір уақытында келдіңіз. Балаңыздың сабағын қадағалап оқытуды күйеуіңізге тастап кеткен едіңіз, бірақ әкесі баласын шала-шарпы оқытып, ұйықтап қалған. Ертең сабақ, ал балаңыз сабақты дұрыс оқымады. Сіз не істейсіз?

Ана –деген өмірімнің шырағы
Өмір көзі алтын күннің шуағы
Дем беретін сүйетұғын жаныммен
Шөл далада сусындайтын бұлағың.- дей отырып, осымен бүгінгі ашық сынып сағатымыды жабық деп жариялаймыз!











Сабағымды оқытады



құрал-жабдықтарымды түгендейді

Тамақ дайындайды Әкемді жұмысқа шығарып салады



Киімдерді жуып, тазалайды. Тамақ беріп, ыдыстарды жуады.

Киімдерімді үтіктеп, реттейді Жұмысқа барады



Үй жинайды Қонақ күтеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ