400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"8 наурыз - аналар мерекесі" ортаңғы топ ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықаралақ мереке 8 - наурыз мерекесімен таныстыру. 2. Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру. 3.Әдепті болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы «Бәйтерек» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: 8 Наурыз-аналар мерекесі.

Мақсаты:1. Халықаралақ мереке 8 - наурыз мерекесімен таныстыру.

2. Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру.

3.Әдепті болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: 8-наурызға арналған тақырыптық суреттер, мамандықтар бейнеленген суреттер, мамандықтар бейнеленген суреттер, торғайдың суреті.

Сөздік жұмыс: қолы шебер

Билингвальды компонент: мереке-праздник, ана-мама, сыйлық- подарок.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері.

Тәрбиешінің іс- әрекеті.

Балалардың іс- әрекеті.


Мотивациялық -қозғаушылық.

1.Көңіл күй әліппесі .

-Қайырлы таң, балалар! Кәне, бәріміз бір-бірімізге жылы сөздер айтып, көңілімізді көтеріп сабағымызды бастайық.

2. Біздің топқа торғай ұшып кірді, тұмсығында хат бар сияқты. Бұл хатта не жазылғаны туралы торғай білмейді, торғайға көмектесеміз бе?

Сеннен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен,құрметті аналар!

Балалар сабаққа жақсы көңіл күймен назар аударады.


Қызығушылығын көрсетеді.




Тақпақты тыңдайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік.

1.Білімді өзектендіру.

-Қандай мереке жақындап келе жатыр?

-Торғайға осы мереке жайлы толығырақ айтып берейік.

2. Әңгіме: «8 Наурыз»

Көктем- жыл мезгілі.

-Көктем түсе күн жылы шуағын шашады. Қар астынан қылтиып, жасыл шөп шыға бастайды. Жылы жаққа ұшып кеткен ұзақ, қараторғай сияқты құстар ұшып келе бастайды.

Міне, осы кезде алғашқы көктем мерекесі-8 Наурыз халықаралық әйелдер күні аталып өтіледі. Бұл мереке мемлекеттік болып саналады, яғни бұл күні барлық адамдар демалады. Бұл мерекеде қыздаржы, аналарды, әжелерді, апаларды өлең, тақпақ айтып, гүл сыйлап құттықтау дәстүрге айналған.

3. «Мерекедегі фотосуреттер» ойыны.

Шарты: әртүрлі мерекелік фотосуреттер көрсетіледі солардың ішінен 8 Наурызға байланысты суреттерді тыңдайды.

4. Билингвальды компонент: мереке-праздник, ана-мама, сыйлық- подарок.

5.Сергіту сәтін өткізу.

-Барлықтарыңның аналарың өте жақсы адамдар, барлығы өз мамандықтары бойынша еңбектеніп,айналасындағыларға көмек береді.

6. «Анамның мамандығы» дидактикалық ойыны.

-Әйел адамның мамандықтары бейнеленген суреттерді таңдап, себетке салайық.

-Иә, балалар, кез келген ананың қолы шебер.Өйткені олар дәмді етіп ас та әзірлейді. Киім де тігеді, яғни қолдарынан бәрі келеді. Сондақтан «қолы алтын» дейді. «Шебердің қолы алтын» деген сөз бар. Ол біздің аналарға арналады.

Педагогтің сұрақтарына жауап береді.




Педагогті мұқият тыңдап, әңгімеге қатысады.










«8 Наурыз» тақырыбында суреттерді таңдап, өз таңдауын түсіндіреді.

Қайталайды.



Сергіту сәтін орындайды.





Аналар мен әжелердің мамандықтары жайлы айтып береді.

Әйел адамның мамандықтары бейнеленген суреттерді таңдап алады.

Рефлексиялық -түзетушілік.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс –әрекітінде алған білімдерін бекітеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әйел адамдардың мамандықтары қандай болатынын және олардың ер адамдардың мамандықтарынан ажырата алуға берілген тапсырманы Түсінеді: 8Наурыз- халықаралық әйелдер мерекесі екенін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
25 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
12820
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі