400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепалды даярлық тобына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана – өмір шуағы

Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз - Халықаралық аналар мерекесі.Табиғаттың жаңаруы мен 8 наурыз мерекесінің қатар келуінде бір заңдылық бар сияқты. Әжелер мен аналар жарқыраған жайма шуақ көктемдей, күннің жер бетіне нұрын шашқанындай өз мейірімімен жанды жылытады, ал арулар нәзік гүлдей әсемдіктерімен жанды жадыратады. Ана дегеніміз өмірдің гүлі, күннің нұры деп айтсақ болады. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - деп бекер айтылмаған. Расында да, анамыз барда жасымыз жүздің асуынан асса да, өзімізді әрқашан бейкүнә сәбидей сезінеміз. Небәрі үш – ақ әріптен құралған сөзде қаншама мән – мағына жатыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, әрдайым баласы үшін шыр – пыр болып жүретін анамыздың жұмақ иісі аңқыған, балдай тәтті ақ сүтінің алдында мәңгілік қарыздармыз. «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда, ақ сүтін ақтай алмайсың»- деген халық даналығы осы айтылғандардың айғағы болмақ. Ана жайлы ойды айтып тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген құрметі, махаббаты шексіз. «Анаңның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық тәрбие» - деген сөз бекерден бекер айтылмаса керекті. Ана – өмір шуағы атты тақырыпта «Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепалды даярлық тобының оқушылары 8 наурыз мерекесіне арналған мектепішілік іс-шара қатысты. Ол жерде оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарға әдемі көңіл-күй сыйлады.



«Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Э.К.Барлыбаева





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.03.2019
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі