Сынып сағатының
тақырыбы: 8
наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Мақсаты:
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға
сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын
түсіну. Ана еңбегін қадірлеу білу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер ана туралы, шарлар,гүлдер, үнтаспа
Мақал-мәтелдер
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.
1-жүргізуші:
Армысыздар, аналар, ұстаздар! Міне, жыл аралатып
көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер
күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке
жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен
аналар мерекесі бұл.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым
2-жүргізуші: Қош
келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары!
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге
әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым
мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
1-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Айналайын» орындайтын Сейтқызы
Айым
2-жүргізуші: Халықаралық
әйелдер мерекесі қашаннан тойлана бастады? Оны шығарған кім деген
сұраққа жауап беру үшін, біршама тарихқа үңілейік. 8 наурыз –
әйелдердің экономика, әлеуметтік және саяси теңдік үшін күресін,
халықтар, ынтымақтастығын білдіретін күн.
1-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп аяулы аналарымыздың құрметіне
Аманжолова
Мадинаның орындауында «Достарым» әні.
2-жүргізуші: Келесі ойынымыз «Тығырықтан шығу» деп аталады.
Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді
білдіресіздер.
Ата-анаға:
Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен
айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру
үшін не істейсіз?
Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның
орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет
қолданасыз?
Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді.
Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі
қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?
«Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса
болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға
деген көз қарасыңыз қандай?
1-жүргізуші: Оқушыға:
Кезекті оқушыларымызға берсек, оқушылар Аналарына
деген ыстық ықыластарын, жылы сөздерін, алғыстарын жеткізсе
дейміз.
2-жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
1 -жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса әншілерімізді қарсы алайық
Дауыстарына сүйсініп тамсанайық
Өнерпаздарымыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
1-жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар
ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды,
ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар.
Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Сонда біз кісілікке
теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді
құрметті аналарымызға береміз!
2-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды!
Тексерілді