400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 Наурыз Аналар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана – гүл, ана - жыр, ана – өмір шуағы» атты ертеңгілігі.

Балалар « Мама» музыка әунімен сыныпқа кіреді, қолдарында жүрек шарлары бар. Би аяқталғанда аналарына сыйлайды.

1 – ж:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық

2-ж:

Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың егізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Құттықтау сөз сынып жетекшімізге беріледі.


Құрметті әжелер, аналар,қыздар!

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз! Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1ж: Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар

2ж: Бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

«Құттықтаймын ана» өлеңі орындалады.



1 ж: Балалар, қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық

Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.

Көктем:

Дала гүлге бөленеді.

Қуанышқа кенеледі.

Орман, торғай, бақтарда

Өйткені мен көктеммін

Құстар сайрай жөнеледі.

Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін

2ж: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.

Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.

Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді


1 -Ж: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)

2-Ж: Ойын « Ананның есімін ата» ананның есімі қай әріпке басталады сол әріппен ананды таныстырасын.


Музыка Бейбит Сейдуалиева-Сериков – «Анашым» ( букет цветов)

Балалар орындарынан тұрып өз аналарымен таныстырады.


Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.

Осы кезде көктемнің телефоны шақырады.


Көктем: Ия, не жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар, менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы ағашты тарту етемін. Бұл ағаштың бұтақтарында кәмпиттер ілулі тұр.Сол кәмпиттерді аша отырып өздерінің өнерлерін көрсетесіңдер.Әр кәмпиттің тапсырмасын орындап болғаннан кейін мына әдемі гүлдермен безендіресіңдер.Балалар,мына ағаштың гүлденуіне сендер көмектесесіңдер ме? Сау болыңдар. Сендерге көп рахмет!


1-Ж: Қандай қызық,әдемі ағаш! Ағаштың бұтақтарында тәтті кәмпиттер бар екен.

Бұзақы:Ой мына жерде не болып жатыр? Мына ағашты қара!Кәмпиті бар ағашты бірінші рет көріп тұрмын.Мен кәмпитті жақсы көремін.Қане,біреуін алып көрейін.

2-Ж: Сен кімсің?Сен неге рұқсатсыз біреудің затын аласың?

Бұзақы бала: Ол мен бұзақы бала. Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.


1-Ж: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта.

2-Ж: Олай болса бізбен бірге «Анамызды қаншалықты танимыз» сұрақ жауап ойының ойнайсың ба?

- Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолда талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына тас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім, балалар?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

1ж:- Иә, бұл әрине ана!
2ж: Болар күнде алаң, жанашыр кім саған?
Бәрі: – Анам.
1ж: Болсаң егер жаман,кейитін кім саған?
Бәрі: Анам.
2ж: Таң қалғандай ғалам,кім ең сұлу адам?
Бәрі: Анам.
1ж: «Боташым» дер саған,кім сүйікті адам?
Бәрі: Анам.

2ж: Әрине бала үшін ең маңызды ол АНА.


Бұзақы: Ой!қандай жақсы балаларсыңдар!Мен де сендер сияқты болғым келеді.

1ж: Ол үшін сен біздің балалар сияқты ақылды, ананның тілін алатын бала болу керексін.

Бұзақы бала: Жақсы онда. Мен енді ақылды боламын Уәде беремін.Әзірше сау болыңдар! Анама барып көмектесейін!


1Ж: Бірінші кәмитті ашып тапсырмасын орындап көрейік.

2: Жарайды .Бізге достарымыз көмектеседі ғой.

1-Ж: «Өлең сөздің патшасы-сөз сарасы» делінген екен.

2-Ж: Олай болса ортаға біздің тақпақшыларымызды шақырайық

Гүлраушан:

Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Оқып білім аламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

Жарас:

Сыйлайыншы гүлімді,

Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан!

Диляра:

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Темірлан:

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың

Аман сау бол ақ мамам

Еркелеймін, шаттанам,

Жарқын күлкің - бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, келші ақ мамам!

Ғазиза:

Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!

1-Ж: Қане екінші кәмпитті ашып көрелік. Бүгінгі күн аяулы аналар, сіздер үшін. Екінші кәмпитте «Ақ мамам» әнің орындау делінген екен.

2-Ж: Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейірімділікпен, ақылмен, ыстық құшағын да аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз,барлығы сіздерге арналады, - дейді бүлдіршіндеріңіз. Қабыл алыңыздар.

« Ақ мамам» әні


1-Ж: - Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген балапандарымызға қошемет көрсетейік.
2-Ж: Үшінші кәмпитті ашып көрелік.

1-Ж:

Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы- деп тақпақшыларымызды ортаға шақырамыз.

Арыстан:

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Медина:

Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

Елмаз:

Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиған,
Дүниенің ардақтысы анам екен.
Арайлым.С.:

Сенен өскен балалар,
Сенен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар.

Мадияр:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар намысты сақтаған,
Мен анамның сонысымен мақтанам.

Мансұр:

Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ анам.

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

1-Ж:Қалай ойлайсың, біз келесі кәмпитті ашып тапсырмасын орындай аламыз ба?

2-Ж: Әрине, орындаймыз. Біз көктем аруына уәдемізді бердік қой. Біздің сыныпта ең өнерлі, ақылды достырымыз бар. Солай емес пе?

1-Ж: Ендеше мен қорықпай келесі кәмпитті ашып бір досыма оқытайын.

Оқушы оқиды: Көрініс «Жақсылық пен Жамандық» .

2-Ж: Жақсы онда , біздің сыныптың жас актерларымызды ортаға щақырайық.


1-Ж: Біздің достарымыз аналарына өз тақпақтарын толық айтып берген жоқ екен. Қане оларды қошеметпен ортаға шақырайық.


Мұхаммадәли:

Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.

Жібек:

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам!

Батырхан:

Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.

Арайлым Е.:

Әлпештеген баласын,
Ана бақыт – ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!

Бибарыс:

Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.


2-Ж: Келесі сиқырлы ағаштың тапсырмасы «Өнерлі өрге жүзер».

Мың бұралған бишілері – ай, кезекте сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

1-Ж: Ортаға әдемі де, әсем қыздарымызды шақырамыз «Барбарики биі».


2-Ж: Келесі көрініс Василий Александрович Сухомлинский «Ақ шаш» әңгімесі.


1-Ж: Бақытты отбасы - келешек кепілі. Тәрбие - бұл жұмбақ шешімі.

Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету - әрқашан үлкендер міндеті.

«Әке- Ана» әнің қабыл алыңыздар.


2-Ж: Балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларына көңіл бөлейік.

Мұхамеджан:

Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді.

Мен үшін анама,

Ешкім де жетпейді.

Аяулым.Е.:

Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, келші ақ мамам.

Әділхан:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң аналар,

Қайырлы күн балалар


Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Жұмсағанда барамын.

Айя:

Мәпелеген анашым,

Мен үшін сен данасың.

Ешкімнің қолы жетпейтін,

Менің қымбат бағамысың.

Биіктердің биігі,

Шоқтығындай жұлдызсың,

Менің мынау өміріме,

Жол көрсеткен жарықсын

Сандуғаш:

Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам!


1-Ж: Келесі тапсырма"Семья вместе - сердце на месте" көрінісі.

2-Ж: Біздің балалар жаңартылған бағдарлама бойынша білім алып жатыр, сондықтан олар үш тілді де бірдей меңгеруде.


1-Ж: Кто открыл мне этот мир,
Не жалея своих сил?
И всегда оберегала?
Лучшая на свете МАМА.

2-Ж: Тақпақтар орыс және ағылшын тілінде . (Данияр, Ғазиза, Арайлым)


1-Ж:Аңызда аты қалған Жиренше шешен ел аралап, ақылы мен парасаты жоғары адамдарды іздеудің бір көрінісі ретінде аңыз болып қалған әңгіме «Не тәтті?» деп аталады.

2-Ж: Ортаға Мансұр мен Әділханды шақырамыз.


1-Ж: Құрметті Аналар сіздерді балаларыңызбен бірге «Фиксики» биін билеуге шақырамыз.


2-Ж: Тақпақшыларды ортаға шақырамыз.

Даяна:

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз

Альрами:

Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.

Аяжан:

Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз, әр бала,
Анасын ұқсайды.

Абильмансур:

Аналар – ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.


1-Ж: Балалар қарандаршы Көктем сыйға тартқан ағашындағы тапсырмалар бітті.

2-Ж: Өте жақсы Көктемге берген уәдемізді орындадық, мақсатымызға жеттік.


1ж:.Құрметті қыздар! Ортаға біздің болашақ отан қорғаушыларымызды шақырамыз.

2-Ж:Біздің сынып ұлдарынан мына әдемі сыйлықтарды қабыл алыңдар! (Ұлдар сыйлықтарды қыздарға ұсынады)


Музыка әуенімен ұлдар қыздарға сыйлықтарын ұсынады.

«Біздің жігіттер» әні орындалады


2-Ж:Қандай тамаша!Біздің қыздар бүгін құлпырып кетіпті.

1-Ж:Енді қыздардың құрметіне вальс биін билейік!


2-Ж: Балалар аналарына дайындаған сыйлықтарды тарту етейік.

Балалар музыка әуенімен аналарына жасаған сыйлықтарымен құттықтайды.


1Ж:Құрметті әжелер мен аналар өмірлеріңіз ұзақ болсын! Жүздеріңізден күлкі кетпесін! Әрқашан бізбен бірге болыңыздар!

2-Ж: Біздің дайындаған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет! Келесі кездескенше сау-сәлеметте  болайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
824
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі