Материалдар / 8 наурыз. Аналар мерекесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 наурыз. Аналар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам баласының ең ардақты адамы аналар мерекесіне арналған сынып сағаты. Аналарды құрметтеу мен қадірлеу сезімін оятып, сүфіспеншілігін арттырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өскемен қаласы әкімдігі

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»КММ

8-наурыз Аналар мерекесіне арналған

«Анашым- ең аяулым, ең ардақтым!»

атты мерекелік кештің сценарийі


Расул: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып ең әдемі, ең аяулы жандарға арналған 8-наурыз көктем мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.


Бекжан: Ия, Расул өте дұрыс айтасың. Себебі, ана өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған

«Анашым, ең аяулым, ең ардақтым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Нұркелді: Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

 

Ерзат:Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды ұл-қыздарың өлеңдерін,

 

Нұрасыл:

Ару ана - өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би, өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары


Ислам:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.






Әлинұр:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Абылай:

 Ер жеткізіп елге берген баласын,

 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

 Қайратыңнан қайта көрме, анашым

Расул: Ендеше осындай айтулы мерекеде аналарымызға деген ақ тілегіміз бен өнерімізді аямайық! Аяулы аналар, біз сіздерге Армандарыңыздың аяулысын

Бекжан: Бақыттарыңыздың баяндысын

Нұркелді: Баларыңыздың амандығын

Ерзат: Дендеріңіздің саулығын

Нұрасыл: Әлемнің жайнаған бар гүлін

Ислам: Жан-дүниелеріңіздің байлығын

Әлинұр: Арайлап атқан таң нұрын

Абылай: Жақсылық атаулының барлығын



ХОРМЕН: Тек сіздерге тілейміз. !!!



Расул:

Біздің халық өнерпазға бай тегі.

Әнші деп те күйшідеп те айт оны

Күлімдеген гүл көктемде ана деп

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді- дей келе барлық аналарға арналған әнімізді қабыл алыңыздар.


Ән «Ана туралы жыр » Орындайтын 5- сынып оқушылары



Бекжан:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Айсұлу мен Мадинаның орындауында «Ана-әке » атты әнін қабыл алыңыздар

Нұркелді:

Домбыра, киесісің қазақтың

Күмбірлеген үнің қандай ғажап тым

Сан ұрпақты тәрбиелеп жеткізген

Бойтұмары өзің едің қазақтың- дей келе кезекті күйші ұлдарыңыз Әлинұрға берейік.

Күй: « »

Ерзат:

Ана деген – бастауы ұлылықтың

Ана деген - рәмізі сұлулықтың

Ана деген - бір жыр бар шырқалатын

Асқақтатар биікке ұрпақ атын

Олай болса Алияны қарсы алайық

Дауысына сүйсініп тамсанайық

Еркеміздің талантына тәнті болып,

Уа, халайық, жұмыла қол соғайық! Ортада Қожасейітова Алия « » әнімен.

Нұрасыл:

Ару - Ана өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сендер үшін өлең-жыр шашулары – деп аналарға арналған өлеңдерімен сыныбымыздың оқушыларын қарсы алыңыздар.

Өлең оқуға қыздар шығады.

Ислам:

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,

Биімен көрерменді тәнті ететін

Арулар келді міне толқып, тасып- деп ортаға биші қыздарымыз Жібек пен Нұрайды қол соғып шақырайық.

Әлинұр: Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын аяулы баласы бар.- дей келе ортаға әнші қыздарымыз Баян, Аружан, Амина, Айымды әсем әндерімен шақырайық.


Абылай: Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім. – дей келе ортаға сыныбымыздың әнші жігіті Нұрасылды киелі қазақтың домбырасымен шақырайық.

Расул: Міне аяулы да ардақты аналарымыз бен қыздарымызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.

Бекжан: Ана! Құдіретті, данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Нұркелді:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!


Ерзат: Аяулы анам, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.


Нұрасыл: Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп

, Құрметтейік қасиетті ананы

Ислам:

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен –сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

Әлинұр:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,


Алуан – алуан ауыр сынды атанған.


Адалдықты, ар-намысты сақтаған,


Мен анамның сонысына мақтанам!


Абылай: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі Үміт Қызыровнаға береміз.







































Өскемен қаласы әкімдігі

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»КММ

7- мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Әскерде кім қызмет етеді?»

Мақсаты: 7 мамыр-Ұландар мерекесі екенін түсіндіру, тәуелсіз қазақ елі әскерлері мен таныстыру.Ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту,Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Үнтаспадан гимнді тыңдатқызу және айтқызу.



Жылулық шеңбері: «Амандасу»

Тәрбиеші балалардың назарын топқа келген қонақтарға аударып, олармен амандасуды ұсынады. Балалар кеген қонақтармен амандасып, мерекелерімен құттықтайды.

Сурет бойынша әңгімелесу.

Тәрбиеші балалардын назарын ілулі тұрған суреттерге аударады. Теңізші, шекарашы, танкист жауынгерлер біздің тәуелсіз еліміздің әскері болып табылады.

-Олар еліміздің тыныштығын сақтап, қорғайды.

Сондықтан да 7-мамыр Отан қорғаушылар күні деп аталады.

-Сендерге әскери адам болған ұнай ма?

-Ұландар ер жеткенде ел қорғайтын әскер қатарына барады.

-Балалар, Солдат болу үшін қандай болу керек?

-Мықты, батыл болу керек.

-Ұшақтар не үшін керек?

-Ұшақтар ұшақпен ұшады, олар аспанды қорғайды.

-Ұшақты кім жүргізеді?

-Адамдар, ағаларымыз жүргізеді.

-Ұшқыштар өте ақылды және мықты болу үшін, олар ұшақты басқару үшін білімді болулары керек, сол үшін олар көп оқиды.

Сергіту сәті: «Балақан»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!