400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз Аналарға арналған ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 8 наурыз аналар мерекесіне арналған ашық тірбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сценарий тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» ( 8 наурыз! )


Сценарий мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.


Барысы:

Кіріспе:

1-жүргізуші:

  • Қайырлы күн, қымбатты ұстаз-аналар, арулар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

2-жүргізуші:

Хор «Ақ дидарлы анашым».Қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші:

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!



1-жүргізуші:

  • Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары! 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

2-жүргізуші:

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар.


Зарема, Саида,Мариямның орындауында Ақан серінің «Балқадиша» шығармасын қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші:

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі - өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.

2-жүргізуші: Аналар сіздер үшін жыр-тақпақтарды қабыл алыңыздар!

1-оқушы:

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.


2-оқушы:

В прекрасный день – 8 марта,

Когда сияет все кругом,

Нам разрешите вас поздравить

С международным женским днем!




3-оқушы:

My dear, dear mommy,

I love you so much!

I want you to be happy

On the 8th of March


4- оқушы:

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан!

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған,

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.


5-оқушы:

Здоровья, счастья пожелаем,

Чтоб не грустили никогда,

Чтобы всегда вы процветали

Во имя счастья и добра.

1-жүргізуші:

«Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»Зарема мен Мариямның орындауында.


1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Нарымбетова Айсулудың орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған Абай атамыздың «Айттым сәлем, Қаламқас» әсем шығарманы қабыл алыңыздар. Орындайтын Дария, Адия, Ализа.


1-жүргізуші:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты балаларыңыздың әсем әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Ән: «Айналайын » қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші:


Арулар өмірімнің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда Мирастың орындауында «Балбырауын» күйін қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші:


Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Күйлерін аналарға бағыштайды.

«Келіншек» күйі 4 А сынып оқушыларының орындауында

2-жүргізуші:


  • Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Барлығы бас иеді


1-жүргізуші:

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті қыздарымыздың орындауындағы «Шабыт » биіне береміз.

1-жүргізуші:

«Апатайым-анашым» әні сіздер үшін!


2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар ,біздің «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.


Сау-саламатта болыңыздар!































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
4311
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі